Эстафеталық жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эстафеталық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен шұғылдануға шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Шардара аудандық білім бөлімінің

«№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі







Эстафеталық жарыс







Дайындаған:Төребеков Ержан















2016-2017оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарыс
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу
жүргізуші:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
жүргізуші: Жарысымызға 3 команда қатысады.

1- команда «Қыран» тобы
2- команда
«Сұңқар» тобы

3- команда «Болашақ» тобы

жүргізуші:Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Беркимбаева Раушан Алданазарқызы - мектеп директоры

2. Жиенбаева Сапаркүл Забиевна – оқу ісінің меңгерушісі

3. Сағым Гаухар Жұмабайқызы – оқу тәрбие ісінің орынбасары

4. Сейлбекова Нургул Ораловна – тәрбие ісінің орынбасары

жүргізуші: Ал енді эстафеталық жарысымыздың шартымен таныс болыңыздар.

жүргізуші: Эстафеталық жарыс 6 бөлімнен тұрады.
І- тур «Кенгуру»
ІІ- тур «Секіртпемен жүгіру»

ІІІ- тур «Гимнастика»

ІV-тур «Кім мерген»

V- тур «Сурет салу»
VІ-тур «Мен күшті» арқан тартыс.

жүргізуші: Олай болса,іске сәт!

Жарысқа қатысушы командаларымызға өздерін таныстыруға кезек береміз.
1- команда
«Қыран» тобы
2 -команда
«Сұңқар» тобы

3- команда «Болашақ» тобы

жүргізуші: І- тур Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп жарысымыздың І-туры
«Кенгуру»

Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіріп барып,межені айналып келу. Келесі ойыншы қол ұшын тигізгенде ғана эстафета жалғасады.

жүргізуші: Әділқазылардан І-бөлімнің ұпай санын сұрау.

ІІ-тур
Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн
Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз
«Секіртпемен жүгіру»

Ойын шарты: Секіртпемен межеге кедергілер арасымен секіріп барып келу. Келесі ойыншы ойынды бірінші ойыншы қол берген кезде ғана жалғастырады.

жүргізуші: Әділқазылардан ІІ-турдың ұпай санын сұрау.

ІІІ-тур Жүгір. Жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан – деп жарысымыздың ІІІ-бөлімі
«Гимнастика» бөліміне кезек береміз.

Ойын шарты: Команда да бірінші тұрған ойыншылар бастапқы сызықта тұрып,ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін,қос аяқтап алға қарай секіріп,бастапқы сызықтан 5-6 метр жердегі шығыршықтың ортасына тұра қалып 5 рет отырып – тұрады,одан 3-4 метр жерде жатқан төсенішке дейін жүгіріп келіп,шалқасынан жатып,екі аяғын бірге ұстап 5 рет тоқтамай көтереді. 5-6 метр жердегі соңғы белгіні айналып жүгіріп өтіп,қайтадан тізбекке қарай жүгіріп келіп,келесі тұрған ойыншының алақанын соғып,тізбектің соңына барып тұрады. Эстафета осылай командадағы бар ойыншы жүгіріп өткенше жалғасады.

жүргізуші: Әділқазылардан ІІІ-турдың ұпай санын сұрау.

ІV- тур Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт – деп келесі
«Кім мерген» бөліміне кезек береміз.

Ойын шарты: Ойыншылар бір аяғын бүгіп ұстап , екінші аяғымен 5-6 метр жерді секіріп екпінмен келіп, төсеніштің үстінен басынан аса домалап , 5-6 метр жер жүгіріп өтіп дротикпен шарды жару.


жүргізуші: Әділқазылардан ІV-бөлімнің ұпай санын сұрау.

V-тур.
Сауығып айдай толасың,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Спортты серік ете біл,
Жарысқа түсіп қалайда – деп келесі
«Сурет салу» бөліміне кезек береміз.

жүргізуші:

Ойын шарты:
1-ойыншы: ақ қағаз;
2-ойыншы: қарындаш;
3-ойыншы: қарындашты ұш шығарғышпен ұштау;
4-ойыншы: өшіргіш;
5-оқушы: түрлі-түсті қарандаш;
6-оқушы: бояулар.

7-сызғыш

8-берілген суретті салу
Мұғалім барлық құралдарын жинап, қазыларға тапсыру.

жүргізуші: Әділқазылардан V-турдың ұпай санын сұрау.

Күш атасын танымас – деп келесі турымыз «Мен күшті» арқан тартыс.

жүргізуші:Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті. Жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Келіп тамашалап көргендеріңізге рахметімізді айтамыз.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі