Материалдар / Эстафеталық жарыс: "Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эстафеталық жарыс: "Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Қажетті құралдар: кедергілер,секіртпе, доптар, теннис добы,теннис ракеткасы, арқан, гимнастикалық кіші ат, төсеніштер. Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Соның бір шарасы “Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер. Жарыс бағдарламасы: 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу 2.Мемлекеттік Тудың кіргізілуі; 3.Ән ұран
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
745
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН

ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№4 ЖОББМ» КММ директоры:

_______________Д.Ж. Акимбаева
















«Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі» эстафеталық жарыс























2020 – 2021 оқу жылы.

Семей қаласы




«Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты 8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар арасындағы өтетін эстафеталық жарыс

ЕРЕЖЕСІ
І. Мақсаты мен міндеті

- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

- Балаларды дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту ;

- Дене шынықтыруға мотивациялық-құндылықты қалыптастыру;

- Отан сүйгіш тұлға қалыптастыру

ІІ. Басқару

Эстафета жарысын өткізу, ұйымдастыру дене шынықтыру пән мұғалімдеріне жүктеледі.

ІІІ. Жарыстың өтетін уақыты, тіркелуі

Жарыс 2021жылдың 18-19 қараша күндері аралығында өтеді, мектеп спортзалында өткізіледі. Сағ: 14-00 өтеді.

ІҮ. Жарыстың өту тәртібі

Жарысқа арнайы дайындығы бар негізгі топ 8-ші, 9-шы, 10-шы сынып оқушылары қатыса алады. Әр командадан 3 ер бала, 2 қыз бала қатысады. Жарыс эстафета түрінде өтеді.


Y. Жарысқа қатысушыларды және жеңімпаздарды анықтау.

Эстафета жарысының жеңімпаздары «Балдық жүйемен» сәйкес анықталады.

ҮІ. Марапаттау

Жарыс қорытындысы бойынша 1-3 орын алған командалар мадақтама қағаздары марапатталады.


Жеңімпаздарды марапаттау карантин кезіндегі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып арнайы қызметі арқылы жүргізілетін болад










Тақырыбы: «Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: кедергілер,секіртпе, доптар, теннис добы,теннис ракеткасы, арқан, гимнастикалық кіші ат, төсеніштер.

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Соның бір шарасы “Патриотизим – ұлттық рухтың асқақ белгісі” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Жарыс бағдарламасы:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2.Мемлекеттік Тудың кіргізілуі;

3.Ән ұран

Бүгінгі сайысқа 8-ші, 9-шы, 10-шы сынып оқушылар арасынан топтар қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет көрсетіп қоялық.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреуі озса сайыста

Біреуі артта қалады.

Бүгінгі сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

1. Топтың аты мен ұраны;

2. Эстафеталық жарыс

3. «Кім жылдам» жарысы

4.« Кенгур»жарысы

5. «Допты тез жеткізу» жарысы

6. Жүйрік ат

7.«Арқан тартыс» жарысы

8. Капитандар сайысы белдегі шығыршық 


Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

1.

2.

3.


Жүргізуші:

Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ,
Ел намысын қорғамақ
Ұлдар, қыздар шықсын ортаға

Ал енді сайысымызды бастайық.



1.Топтың аты мен ұраны.

Шарты: Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.


2. Эстафеталық жарыс

Шарты: Секіртпемен секіріп келіп, төсенішке жеткенде алға айналу.Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!


3. «Кім жылдам» жарыс

Шарты: Допты кедергілер арасымен алып жүру

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

4. «Кенгур» жарысы

Шарты: Допты екі аяғына қысып секіру

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

5. «Допты тез жеткізу» жарысы

Шарты: Теннис добын теннис ракеткасымен алып жүру. Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. 

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6. «Жүйрік ат» жарысы

Шарты: Жүгіріп келіп кіші аттан секіру, белгіге келіп 10 рет отырып тұру.

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,
Бұл мектепті өздері қалап таңдапты.
Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды
Шақырайық ортамызға

7. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: Ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?

8. «Капитандар сайысы белдегі шығыршық»

Шарты: Әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады,–демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

         Жеңіске жеткен топ марапатталады. Қатысқандарына алғыс хат беріледі.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!