400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эстафеталық жарыс: "Қысқы ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша дене шынықтыру нұсқаушысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қысқы ойындар».

Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа жаттықтыру. Көрнекілігі: Доптар, себеттер, үлкен және кіші кедергілер,ту,самокат,шар, шар жарғыш, шана, ворота,шайбы, шайбы таяқшалары.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Салауаттық өмір салтын қолдаймыз, Жамандықтан жанымызды қорғаймыз. Денсаулықты жанымызға серік қып, Болашаққа аманат қып жолдаймыз!-дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

  1. «Қыран» тобын шақырамыз. Ұраны: Қыран тобы алға

Биіктерге самға

Ешқашанда қалма

Жарыстарда алда

2. «Жүйрік» тобын шақырамыз. Ұраны: Топты бастап жүретін,

Жүйріктерміз біз алда

Жеңісті қолдан бермейтін

Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: «Қысқы ойындар». Балалар, сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер? (қар атыспақ, шанамен ойнау, коньки, шаңғы)

Жүргізуші: Универсиадаға 57 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. * Универсиада 12 спорт түрінен өтті.

1. Биатлон

2. Шаңғы

3. Кёрлинг

4. Коньки

5. Шаңғы қоссайысы

6. Шаңғымен жарыс

7. Шаңғымен тұғырдан секіру

8. Сноуборд

9. Мәнерлеп сырғанау

10. Фристайл

11. Шайбаллы хоккей

12. Шорт-трек *

Осы сайыста біздің спортшыларымыз 36 жүлдеге, яғни 11 алтын мен 8 күміске,17 қолаға ие болды. 57 ел қатысқан бүкіләлемдік универсиадада Қазақстан 2 орынға ие болды. Биік шыңдардан көрінген жеңімпаздар медальдармен марапатталып, әлем чемпионы атанды. * Балалар, сендерде чемпион атанғыларың келе ме? * Ендеше бүгінгі сайысымызды бастаймыз. ІІ.Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

Жүргізуші: * Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

* №31 «Еркемай» бөбекжайының директоры: Қожабергенова.Г.А

* Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Досжанова.Т.С

Шведова. Л.Б

* Психолог: Ферсина.М.П

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын тәрбиешімізбен бірге бой сергіту жаттығуларын жасап, денемізді шынықтырып алайық. 1. Басқа арналған жаттығу 2. Мойынға арналған жаттығу 3. Иыққа арналған жаттығу 4. Қолға арналған жаттығу 5. Белге арналған жаттығу 6. Жалпы дене жаттығуы 7. Аяққа арналған жаттығу 8. Дем шығару жаттығуы

ІІІ. Негізгі бөлім.

Бүгінгі сайысымыздың ойындарымен таныс болайық

1. «Қар атыспақ» ойыны. Шарты: Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде допты себетке дәлдеп салып, кедергілер арасымен жүгіріп келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

2. «Сноуборд» ойыны. Шарты: Ойыншылар самокатпен кедергілер арасымен жүріп, белгіленген межеге жеткенде туын алып қайта кедергілер арасымен жүріп қайта келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

3. «Биатлон» ойыны. Шарты: Ойыншылар кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде шарды дәлдеп жару керек. Ойын ары қарай жалғасады. Қай топ көп шар жарса сол топ жеңіске жетеді.

4. » Фристайл » ойыны. Шарты: Сайысқа қатысушылар ортадағы кедергілерден секіріп немесе еңбектеп өтіп белгіленген межеге жеткенде жүгіріп қайтады. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

5. «Доппен секір» ойыны. Шарты: Балалар доптың үстіне отырып, белгіленген жерге дейін секіріп барып келу.

6. Негізгі қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен тышқан»

IV. Қорытынды. Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Досжанова Т.С, Любовь Борисовна ( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталады).


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
5544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі