жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эстафеталық ойындар
Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді.колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді.
Волейбол — деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”
1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.
Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді.
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.
Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.
Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан — жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.
Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы — бұл спорттық іс-әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.
Волейбол ойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.
1964 жылыТокио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі — дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды.
КСРО тарихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы алғашқы волейбол ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтенгов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан да Россияда волейбол ойыны “әртістер ойыны” — деген атқа да ие болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО-ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен. Бұл ойын бар болғаны 7-минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға “халықтық” ойын деген атақ берілді, — дейді волейбол ойыны тарихын жазушы спорт мамандары.
Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4-рет Олимпиада чемпионы атанды.
Волейбол ойыны 18х9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 243 см биіктікке, әйелдер үшін 224см. жоғары тірекке байланады.
Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойыны да үлкен беделге ие болып келеді. Олар: 9х4,5 немесе 9х6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4:4 болса, онда алаң көлемі 12х6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260-280гр. салмаққа пәтуаласты. Қазіргі кезеңде халықаралық федерацияға мүше 173-ке жуық мемлекеттер бар.
Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО –ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды.
Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов – олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары.
Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды.
Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері – Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар – Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен.
Баскетбол
(ағылш. basket — себет, ball — доп) – доппен
ойналатын командалық спорттық ойын.
Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан
тұратын екі команда ойнайды (әр командада
барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу
қойылмайды). Әр команданың мақсаты –
қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне)
қолмен допты лақтыру және басқа команданың
допқа иелік етулеріне және өздерінің
себеттеріне лақтыруға кедергі келтіру.
Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады.
Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған
допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3
ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай
есептеледі, айыптық лақтыру бір ұпаймен
бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты
өлшемі – ұзындығы 28 м және ені 15 м.
Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт
түрлерінің бірі.
Баскетбол Олимпиада
ойындарының бағдарламасына 1936 жылдан
(ойынды ойлап тапқан Джеймс Нейсмит
онда қонақ ретінде қатысқан) енген.
Ерлер арасындағы баскетболдан әлем
чемпитонаты — 1950 жылдан бері, әйелдер
арасында — 1953 жылдан бері, Европа
чемпионаты – 1935 жылдан бері өткізіліп
келеді.
1891 жылдың қысында Массачусетс
штаты, Спрингфилдтік Жастардың Христиандық
Қауымдастығы колледжінің студенттері
сол заманда жастарды спортқа баулитын
бірден-бір түрі болып саналатын, бітпейтін
гимнастикалық жаттығуларды орындауға
мәжбүр болатын, дене шынықтыру сабақтары
сондай көңілсіз, іш-пыстырарлықтай
өтетін еді. Осындай бір жақты жаттығуларға
нүкте қойып, дені сау және қуатты
жастардың жарысу қажеттіліктерін
қанағаттандыратын жаңа леп ойлап табу
керек болды.
Тұйыққа тірелген
жағдайдан шығар жолды колледждің
оқытушысы Джеймс Нейсмит ойлап тапты.
1891 жылғы 21 желтоқсанда ол спорт залының
балконының таянышына шабдалының босаған
екі себетін іліп қойып, он сегіз студентті
екі командаға бөліп, оларға ойынның
шарты қарсыластарының себетіне допты
неғұрлым көбірек түсіру керек екендіктерін
айтты.
Бұл ойынның идеясы оған
ертеректе, мектепте оқып жүрген шағында
балалар «duck-on-a-rock» («Жар басындағы
үйрек») ойнаған кезде келген болатын.
Сол кездегі танымал бұл ойынның шарты
келесідегідей болатын: ойыншы кішкентай
тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру
арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті.
Допты тек қолмен ойнайды. Допты
еденге соқпай жүгіруге, аяқпен тебуге,
аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен
ұруға тиым салынады. Байқаусызда табан
немесе аяқ тиіп кеткен болса ол ереже
бұзу болып саналмайды.
Баскетболда
жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда
неғұрлым көп ұпай жинаған команда
саналады. Негізгі уақытта ойын тең
аяқталған болса овертайм белгіленеді
(әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде
оның аяғында тең түссе бір команда
жеңімпаз болмайынша екінші, үшінші және
т.б овертаймдар белгіленеді.
Допты
себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай
сандар саналуы мүмкін:
• 1 ұпай –
айыптық лақтыру
• 2 ұпай – жақын
немесе орташа қашықтықтан лақтыру (3
ұпайлық сызықтың ішінен)
• 3 ұпай –
үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м
24см) қашықтықтан
Ойын орталық шеңберде
даулы лақтырудан басталады, допты
дауласушы бір жақ қағып жібереді. Екінші
және үшінші, төртінші ойындар арасындағы
демалу ұзақтығы – он бес минут. Үлкен
демалыстан кейін командалар себеттерін
ауыстырулары тиіс.
Ойын ашық алаңқайда
немесе биіктігі 7м кем емес залда
өткізіледі. Қалқанның өлшемі 180х105 см.
Қалқанның астынғы шеткі нүктесінен
еденге немесе топыраққа дейін 290 см
болуы тиіс. Себет металлдан жасалып,
сақина тәрізді болады, түбі жоқ тормен
жан-жағы тартылады. Еденнен 3,05м деңгейде
орналасады. FIBA стандарттарымен ерлер
жарыстары үшін доптың ауқымы – 74,9 – 78
см, массасы – 567 – 650 г, әйелдер жарыстары
үшін – 72,4 – 73,7 см және 510 – 567 г бекітілген.
• аут – доп алаң сыртына шығып
кетеді;
• жүгіріп өту – допты
бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы
аяқ алуды ережеде бекітілгеннен асырып
жіберу;
• допты алып жүруді бұзу –
допты екі қолмен олып жүру;
• 3 секунд
– шабуыл аймағында оның командасы допқа
иелік еткен уақытта жабуылшы жақтың
ойыншысы қарсыластың «бояуында»
(шеңбердің астындағы тікбұрышты аймақ)
үш секундтан артық болса;
• 5 секунд
– ойыншы лақтыруды орындау кезінде
доптан бес секунд айырылмай қойса;
•
Тығызқамқорлықтағы ойыншы –
тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд
ішінде доп бере алмайды және шеңберге
допты лақтыра алмайды;
• 8 секунд –
тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген
команда алдыңғы аймаққа 8 секунд ішінде
допты шығармаса;
• 24 секунд – команда
допқа 24 секунд иелік етіп шеңберге допты
лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп
шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестірледі.
Осыдан кейін шабуылдаушы команда
шабуылдаудағы таңдауға және тағыда 24
секундқа ие болуға құқылы. Егер фол алса
немесе қорғанушы команда тәртіп бұзса
(доптың алаң сыртына шығып кеткенін
есептемегенде) немесе ойынды басқада
себептермен тоқтатқан жағдайларда
жабуылдаушы команда келесілерге құқылы
болады:
• жаңа 24 секундқа ие болады,
егер лақтыру допқа иелік етуші команданың
қорғаныс аумағында орын алса;
•
уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд
қалған сәттен жалғастырылады;
•
жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік
етуге 13 немесе секунд қалса;
• қорғаныс
аумағына допты қайтаруды бұзу – шабуылдау
аумағында допқа иелік етуші команда
оны қорғаныс аумағына ауыстырса.
Фол
– бұл ережелерді сақтамау, дербес
жақындау немесе спортқа тән емес қылықтар
көрсету. Фол түрлері: дербес – қарсыласпен
жақындасу кезіндегі ойыншы фолы,
техникалық, екі жақты, спортқа тән емес,
дисквалифициялаушы.
Ойында 5 дербес
фол (ҰБҚ 6 фол) немесе спортқа тән емес
фол алған ойыншы ойын алаңынан аластатылады
немесе ойынға қатыстырылмайды (бірақта
оған запастық орындықта қалуға рұқсат
етіледі). 2 техникалық ескерту немесе
дисквалифициялаушы фол алған ойыншы
алаңқайдан аластатылады және ойын өтіп
жатқан орынды тастап кетуі тиіс (ойыншыға
запастық орындықта қалуға рұқсат
етілмейді).
Футбол тарихы
Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі фоот – аяқ, балл – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.Ойын ұзындығы 100 — 110 м, ені 64 — 75 м алаңда өткізіледі. Биікт. 2 м 44 см, аралығы 7 м 32 см қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396 — 453 г, шеңбері 68 — 71 см. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын 15 мин үзілісі бар, 45 мин-тан екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Футболдың алғаш 1863 жылы Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқ доп ойнының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейіннен бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті. 19-ғасырдың соңына қарай Футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңіннен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан Еуропа кубогы жарыстары өткізіліп тұрады. Қазақстанға Футбол 1909 — 1910 жылы келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылы басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20- ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып, республикалық деңгейде жарыс болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді. Одессалықтар Алматы, Семей, Петропавл қ-ларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, “Динамо” командасын күшейту жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті командалардан ағайынды Вячеслав пен Павел Трофимовтар, А.Вяшняков, А.Громов, Ф.Ткаченко, Ақтөбеден Н.Писяуков, И.Шариков, П.Луценко шақырылды. Одессаның “Консервщик” командасының ойыншылары ағайынды Константин мен Георгий Бедрицкийлер, Н.Чернец, Г.Ананченко және П.Щербаков “Динамоның” (Алматы) құрамында ойнауға тілек білдірді. 1939 жылы динамошылар Қазақстан чемпионы әрі кубогының иегері атанды. Қазақстандықтар сол жылы КСРО кубогы жолындағы бәсекеде Киевтің динамошыларын тізе бүктірді. Келесі жылы 2004 команда қатысқан ұжымдар арасындағы кубок бәсекесінде топ жарды. Шешуші сында Таганрогтің “Торпедо” командасын 3:1 есебімен жеңіске жеткен алматылық динамошылар КСРО кубогын иемденді. Қазақстан футболының атын шығарған команданың құрамындағы 8 ойыншы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. Трофимов, Громов, В.Шаповалов сынды футболшылар қан майданнан оралған жоқ. Команда 1947 жылдан бастап КСРО чемпионатында “Б” класында өнер көрсетті. Республикамыздың бас командасы әр жылдары “Динамо”, “Локомотив”, “Урожай”, ал 1956 жылдан бері ”Қайрат” деп аталды. “Қайрат” өзінің алғашқы халықаралық кездесуін 1957 жылғы 30 қазан күні Финляндияның “Варса” командасымен өткізді. Қайраттықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. “Қайрат” командасы КСРО чемпионатының “А” класына 1960 жылы көтерілді. Олар алғашқы матчын Ленинградтың “Адмиралтеец” командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. “Қайрат” командасының сапында алғаш өнер көрсеткен қазақ жастары Т.Сегізбаев, Қ.Ордабаев, С.Байшақов, т.б. футболшылар болды. 20 — ғасырдыңдың 50-жылдары “Б” класына Қазақстан командалары көптеп өте бастады. 1958 ж. Қарағандының “Шахтер”, ал келесі жылдары Шымкенттің “Еңбек”, Өскеменнің “Восток”, Жамбылдың “Металлист”, Павлодардың “Трактор”, Ақтөбенің “Актюбинец”, Целиноградтың “Целинник”, Жезқазғанның “Еңбек” командалары әуелі “Б” класында, кейіннен “А” класында өнер көрсетті. КСРО тарағаннан кейін, 1992 жылы Қазақстан дербес мемлекет ретінде Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) мүше болды. Сол жылдан бері ҚР-ның өз чемпионаты өтуде. 1992 ж. “Қайрат” (Алматы, 1993 ж. “Ансат” (Павлодар), 1994 — 1995 ж. “Елімай” (Семей), 1996 ж. “Тараз” (Тараз), 1997 ж. “Ертіс” (Павлодар), 1998 ж. “Елімай” (Семей), 1999 ж. “Ертіс” (Павлодар), 2000 — 01 ж. “Жеңіс” (Астана), 2002 — 03 ж. “Ертіс” (Павлодар), 2004 ж. “Қайрат” (Алматы), 2005 ж. “Ақтөбе” (Ақтөбе), 2006 ж. “Астана” (Астана), 2007 ж. «Ақтөбе» (Ақтөбе), 2008 ж. «Ақтөбе» (Ақтөбе), 2009 ж. «Ақтөбе» (Ақтөбе), 2010 ж. «Тобыл» (Қостанай) командалары чемпион болды. Ел кубогы жолындағы бәсекеде 1992 ж. “Қайрат”, 1993 ж. “Достық” (Алматы), 1994 ж. “Восток” (Өскемен), 1995 ж. “Елімай”, 1996 — 97 ж. “Қайрат”, 1997 — 98 ж. “Ертіс”, 1998 — 99 ж. “Қайсар” (Қызылорда), 1999 — 2000 ж. “Қайрат”, 2000 — 01 ж. “Жеңіс”, 2001 ж. “Қайрат”, 2004 ж. “Тараз”, 2005 ж. “Жеңіс”, 2006 ж. “Алма-Ата” (Алматы), 2007 ж. «Тобыл» (Қостанай), 2008 ж. «Ақтөбе» (Ақтөбе), 2009 ж. «АТЫРАУ» (АТЫРАУ), 2010 ж. «Локомотив» (Астана) командалары кубок иегері атанды. 2002 ж. Қазақстан футбол одағы (ҚФО) Азия футбол конфедерациясынан (АФК) шығып, Еуропа футбол одағына (УЕФА) мүшелікке өтті. КСРО құрама сапында Е.Яровенко 24-Олимпия ойындарының (1988, Сеул, Корея) чемпионы болды. Ж. Хисымов
Тарихы
Футбол
тарихы ХЫЫ ғасырдан басталады. Алғаш
рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон
де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен
бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп
есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп
жазып кеткен екен. Футболға қарсылық
көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі
діндарлар, феодалдар футболға тыйым
салынуын талап еткен екен. Өйткені,
бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті
ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі
феодал Эдуард ЫЫ қала ішінде футбол
ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың
13 ақпанында король Лондон қаласында
футболға қарсы шаралар қолданған
деседі.
1389 жылы Ричард патша сарайы
маңында доп тепкендерді өлім жазасына
кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат
сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым
жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға
тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей:
Генрих 1399-1401, Генрих 1413 — 1433 ж, Генрих
1449-1451 ж, Эдуард 1471 ж, Генрих 1491 ж, ал
Генрих 17 ойыншыларға шектеу қойып қана
қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық
салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған
халық футбол ойнаудан бас тартқан
жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық
ойындар тізімінен орын алды.
Ал, 1863
жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары
белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді
арнайы комиссия жіті қараған.
1872
жылдан бастап футболдан халықаралық
кездесулер өткізілді. Доданы Англия
мен Шотландия футболшылар ашты.
Ойынды
бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер
үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені,
алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884
жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу
өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс
және Ирландия командалары қатысып, бақ
сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар
болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде
Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда
чех футболшыларын ойсырата жеңген
бельгиялықтар олимпиада чемпионы
танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада
ашылған олимпиадада алтынды Уругуай
құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ,
франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын
қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды
үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда
ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан,
Аустрия, Чехословакия да футболдың
қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны
1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет
әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
Ежелгі
Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде
Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция,
Италия, Англияда футболға ұқсас ойын
болған.
Ежелгі Мысырдағы футбол
тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900
жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол
Еуропа мен Латын Америкада қарқынды
дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд
мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан
халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына
мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы
Скандинавия турнирінде Швеция мен
Норвегия командаларын қапы қалдырды.
Одан кейін бірнеше мәрте Түркия
ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары
Оңтүстік Америка үш рет қатарынан
аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60
жылдары футболдан үздік мектептер
саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен
Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен
Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст
Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар,
Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич,
Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби
Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер,
Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц
Вене мен Флориан Альберт, Джачинто
Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және
Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының
футболшылары алғаш рет олимпиада
чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар
Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.
Әлем
чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия
құрамасы — Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және
2002 жылдарындағы чемпионаттарды
жеңді.
Италия құрамасы — төрт рет:
1934, 1938, 1982 және 2006.
Германия құрамасы
— үш рет: 1954, 1974, және 1990.
Аргентина
құрамасы — екі рет: 1978 және 1986.
Уругуай
құрамасы — екі рет: 1930 және 1950.
Англия
құрамасы — бір рет: 1966.
Испания
құрамасы — бір рет: 2010.
1977 жылы Тунисте
алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем
чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас
футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды.
Жастар арасындағы чемпионат тізімінің
тұсауын КСРО футболшылары кесті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген