Алқатерек орта мектебі
Орындаған: Теміргали
П.А
Дене шынықтыру пәні
мұгалімі
Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау.
Мақсаты:
Оқушылар
арасында өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту, оқушылар арасындағы
адамгершілік қарым – қатынасты нығайту. Оқушыларды бір ортақ
мақсатқа жұмыла білуге,
ұжымшылдыққа баулып, қимыл -
әрекетке жаттықтыру. Салауатты омир салтын
насихаттау.
Өтетеін орны : спорт
зал.
Сайысты өткізу ережесі: команда құрамы теңбе –
тең болуы керек.
Сайыс 8 бөлімнен
тұрады.
-
Таныстыру « топ аты , ұраны,
тос белгісі»
-
Әртүрлі ойындар « доппен
секіргішпен»
-
Он саусағынан өнер тамған
-
Капитандар сайысы
-
«Спорт - біздің
досымыз»
-
Сұрақ –жауап
-
Кеңгіру сайысы
-
Қорытынды сайсымызды бастамас
бұрын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар: АӘД мұгалімі Кусаинов
М.Т дене шынықтыру мұгалімі :Малгаждаров Қ.А тәрбие іс- жоіндегі
орынбасар Алина Г.К
Барысы: 1.
«Таныстыру.»
Командалар өз командасын
таныстырады. Яғни, топтың аты мен ұранын таныстырып өтеді.Команданы
әнмен немесе топтың өздерінің қалаулары бойынша жүзеге асырылады
және оған шек қойылмайды. Осылай барлық қатысатын команда
таныстырып өтеді.
2. «Әртүрлі ойындар
сайысы.»
Бұл бөлімде командалар бір – бірімен сайысқа
түседі. Сайысты жалғастырайық.
1 – ойын.
«Допты шапшаң бер»
Әр команданың алдыңғы жағынан 6-8 метр
қашықтықтан шеңбер сызылады.Шеңберде капитан допты ұстап тұрады.
Ойынды жүргізушінің берген белгісі бойынша капитан допты өз жағының
бірінші ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына
тұрады. Бірінші ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп,
допты екінші ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға
дейін жалғасады. Капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады.
Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады.
2 – ойын.
«Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м
қашықтыққа түзу бойынша әр жерге тасталған он кішкене шеңбер және
команда капитанының қолында дорбада он картоп болады. Белгі бойынша
капитандар шапшаң жүгіріп келіп, дорбаны екінші ойыншыға береді. Ол
картопты жинайды, үшінші егеді. Ойын осылай жалғасады. Капитан
дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын
аяқталады.
3 – ойын.
«Допты қойып, секіре біл»
Командалардың алдында 4-5м жерде екі ауыр он,
одан 2м жерде екі шеңбер және секіргіш жіп болады. Белгі бойынша
капитандар допты бір – бірден алып шеңберге орналастырып, секіргіш
жіппен он рет орнында секіріп, жалаушадан айнала жүгіріп келіп,
екінші ойыншыға қолын тигізеді. Ойын осылай жалғасады. Капитанға
соңғы ойыншы қолын тигізгенде ойын аяқталады.
4 – ойын.
«Арқан тарту»
Әрқайсысының аралығы 1м параллель сызық сызылады.
Командалар арқанның ортасынан 1м қашықтықтан бір – біріне қарама –
қарсы ұстап тұрады. Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына
қарай тартады. 3 рет тартқаннан кейін 2 ретінде де арқанды өз
жағына тартып шығарған команда жеңеді.
(Кейін 2 бөлімді
қорытындылаймыз)
3. «Әндер сайысы.»
Әр команда өз тобымен денсаулыққа байланысты
дайындаған әндерін орындайды.
4. «Он саусағынан өнер тамған»
Бұл сайыстың бөлімінде командалар өздерінің қол
өнерін таныстырады. Мысалы: денсаулықтың дұшпандарын (темекі, арақ,
СПИД,т.б) суретке салып, сол салған суретіне атын қойып, шағын
суретке шолу жасайды.
5. «Капитандар сайысы»
5 – ойын.
«Секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет
секіру»
Әр командадан бір ойыншы
шығып, секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет секіреді. Егер ойыншы
қателессе секіру тоқталады.
6 -ойын Бұл бөлімде әр
команданың капитандарына арналып отыр. Бұл бөлім, сондай – ақ сұрақ
– жауп түрінде өтеді. Оларға белгілі бір уақыт ішінде денсаулыққа
байланысты сұрақтар қойылады.
-
Күш атасын ата?
-
Денсаулыққа байланысты 3 мақал айт.
-
Сидней Олимпиадасының 3 алтын иегерін
ата.
-
Қай жылы «Денсаулық» жылы болып
жарияланады?
-
ҚР Денсаулық министрін ата.
-
Мектептегі денсаулық пәнін қалай
атаймыз?
-
Суық сумен шынығуды баршаға үлгі етіп ұсынған
кім?
6. кеңгіру сайысы оқушылар
торешінің белгісімен аяқтарына қапты кииіп , кедергілер арасынан
отіп белгіленген джерге дейін секіріп барып келу.
Қорытынды: Төрешілер алқасының
шешімі бойынша орындар анықталып, оларға диплом, сыйлықтар
беріледі.Және де арнайы жүлделер белгіленеді.