Алматы
облысы Қаратал ауданы
Үштөбе
қаласы МКҚК № 25 балабақша
дене
шынықтыру нұсқаушысы
Бейсенбаева
Аида Нурхамидовна
Ересек
«Балдырған», «Ботақан», «Қарлығаш»
топтары арасында «Әкем,шешем және мен
- спортшымыз шетінен»
атты
отбасылық сайыс.
Мақсаты:
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі
үшін және спорттық дене шынықтырудың
маңызын түсіндіру, қызығушылықты
арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру
арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу. Балалар
арасындағы ынтымақтастыққа өзара
бірлесе қимыл жасауды дамыту.
Көрнекілік:
Гимнастикалық орындықтар, шар,кеглилар,
сақина,кішкентай доптар, шелектер.
Нұсқаушы:
Құрметті қонақтар мен бүлдіршіндер
«Әкем,шешем және мен» атты спорттық
мерекемізге қош елдіңіздер! Біз спорттық
мерекемізді
3
топ арасында ,6 отбасының қатысуымен
өткізгелі отырмыз.
Сондықтан
ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар:
«Балдырған»
тобынан «Қибадолдиндар» отбасы
«Балдырған»
тобынан «Жұмабековтар» отбасы
«Қарлығаш»
тобынан «Абдыкуловтар» отбасы
«Қарлығаш»
тобынан «Долговтар» отбасы
«Ботақан»
тобынан «Тұрғанбаевтар» отбасы
«Ботақан»
тобынан « Еркінбековтар » отбасы
Би:
Кукарелла
Нұсқаушы
:
Енді бізге әділ баға беретін әділ қазылар
алқасымен таныс болайық.
Меңгеруші:
Алмагүл Қайсарқызы
Әдіскер:
Ақмарал Шегеқызы
Медбике.Гүлзат
Айғалиқызы
СӨС
орталығының маманы: Красноусова
Наталья Валентиновна
Сайысымыз
5 баллдық жүйемен бағаланады. Сайысымызды
бастамас бұрын сөз кезегін «Салауатты
өмір салты» орталығының маманы
Красноусова Натталья Валентиновнаға
береміз.
Сайыс
7 кезеңнен тұрады:
Менің
отбасым. Таныстыру
«Кім
жылдам?»
«Біз
суретшіміз»
«Шелекті
кім жылдам толтырады?»
«Кім
шапшаң?»
«Мен
мықтымын»
«Эстафета»
Нұсқаушы:
Дайын болсақ сайысымызды бастаймыз:
1-сайыс:
«Менің отбасым». Таныстыру
Шарты
:
Әр отбасы өздерінің тобын таныстырып
өтеді.
2-сайыс:
«Кім жылдам?»
Шарты:
Алдыға гимнастикалық орындық қойылады.
Сол орындыққа баласы ішпен жатып алдыға
қарай тартылады,кейін мәре сызығынан
айналып орнына жүгіріп келеді. Анасы
орындықтың екі жағына аяғын қойып
жүгіріп өтеді де мәре сызығынан айналып
орнына жүгіріп келеді. Әкесі – орындықты
екі қолымен еңкейе ұстап аяғын оң және
сол жаққа секртіп мәре сызығына жетіп
орнына жүгіріп келеді.
3-сайыс:
«Біз суретшіміз»
Шарты:
Әкесі- кедергілерден өтіп алдында тұрған
ақ қағазға алманың ағашын салады да
орнына жүгіріп келеді. Анасы- кедергіден
өтіп салынған ағашқа алманың суретін
салады да орнына жүгіріп барады. Баласы
- кедергілерден өтіп алманың суретін
бояп береді де орнына жүгіріп барады.
4-сайыс:
«Шелекті кім жылдам толтырады?»
Шарты:
Ортада екі жерден обруч тұрады. Сол
обручтың ішінен бір-бірден кішкентай
допты алып шелекке салып алады да мәре
сызығынан айналып орнына келеді. Шелекті
келесі ойыншыға беріп ойынды осылай
жалғастырады.
5-сайыс:
«Кім шапшаң?».
Шарты:
Әкесі обручты беліне киіп мәреге дейін
жүгіріп барып келеді де анасын алып
обручтың екі жағынан ұстап мәреден
айналып келеді. Келген соң баланы
обручтың ішіне кигізіп алып міреге
дейін жүгіріп орнына қайтады.
6-сайыс:
«Мен мықтымын»
Шарты:
әкесі баласын алдына тұрғызып қолтығынан
құшақтай (аяғын жерге тигізбей) көтеріп
мәреден айналып орнына келеді. Кейін
анасы дәл осылай қайталайды. Бірінші
келген отбасы жеңімпаз.
7-сайыс:
«Эстафета».
Шарты
:
Қатысушыларға лентаға байланған шар
беріледі. Солайша шармен мәре сызығын
айналып келіп, шарды келесі қатысушыға
береді.