Тақырыбы: Спорт
- сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты
өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа
деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі
спорттық ойын түрлерімен танысу,
тәсілдерін меңгерту.
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін,
шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Қажетті
құралдар: 3
ат,кішкентай шелектер мен ұзын таяқшалар,
аяқ қол іздері, үш сөмке және кішкентай
түрлі-түсті доптар, әуе шарлары.
Барысы:
Жргізуші: Құрметті
балалар және қонақтар! Бүгін біздің
балабақшада ортаңғы топтар арасында
спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт
сапар тілейміз.
Ұстанған
салауатты өмір салтын,
Жасқанып,
ешқашан да мойымайтын,
Болашақ
спортшылар келді ортаға
Қол соғып
қарсы алайық, балалар.
Сайысқа
қатысатын балаларды ортаға шақырамыз.
1.«Талпын»
тобы
2.«Балбөбек»
тобы
3.«Улыбка»
тобы
Дене
қыздырушы ЖДЖ: әуенмен бірге
Алдымен
жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.
1.«Топтың
ұраны»
2.«Бәйге
жарысы»
3.«Кім
жылдам?»
4.«Іздермен
тез жүріп өт!»
5.«Кім
шапшаң?»
6.«Эстафета»
Жүргізуші:
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке
бас иеді күллі әлем
Жүйрік
озар сараптарда неше бір
Сарапқа
сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі
жарысымызда әділ баға беріп төрелік
ететін әділқазылар алқасымен танысайық.
Балабақша
меңгерушісі: Алмагүл Қайсарқызы
Балабақша
әдіскері: Ақмарал Шегеқызы
Балабақша
медбикесі: Гүлзат Айғалиқызы
Жүргізуші:
Дүбірле
бақшам, дүбірле,
Жақсылық
болсын үйіңде.
Қуаныш
толып жүзіңде
Арнаулы
жолдан сүрінбе
Жарыста
нағыз мықтылар,
Жеңіске
жетер түбінде
Алдымен
жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.
Жүргізуші:
Міне,
балалар шықты алаңға,
Жас
спортшылар жеке-жеке команда.
Ал
балалар, өздеріңді танытыңдар,
Естелік,
мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды
«Ура»
деген ұранды ортаға біз тастаймыз,
Жарысымызды
бастаймыз!
Ал
енді сайысымызды бастайық.
1.«Топтың
ұраны».
Әр топ өз командаларының ұранын айтады.
Әр
команданың ұранымен таныстыру.
1.
«Талпын» тобы
Топтың
ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен
қоштас.
2.«Балбөбек» тобы
Топтың
ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз
– бәріміз үшін.
3.«Улыбка»
тобы
Топтың
ұраны:
2. «Бәйге»
жарысы
Шарты: балаларға
ат беріледі. Атқа мініп, белгіден айналып
келеді. Қай топ бірінші болып аяқтаса,
сол топ жеңіске жетеді.
3.«Кім
жылдам?» жарысы
Шарты:
балалардың алдына қойылған кішкентай
шелектерді төңкере және көтере қойып
өтіп, ұзын таяқшалардан секріп өтуі
тиіс. Қай топ бірінші болып аяқтаса,
сол топ жеңіске жетеді.
4.«Іздерермен
тез жүріп өт!» жарысы
Шарты: алдыларына
қойылған қол мен аяқ іздерінің үстін
басып отырып мәреге дейін жүріп кері
тура солай қайту.
5.«Кім
шапшаң?»жарысы
Шарты:
әр топқа бөтелкеден жасалған арқаға
асылатын сөмке беріледі . Ол сөмкенің
ішінде үш топқа бөлек-бөлек түсте
кішкентай доптар салынған. Топ басшысы
сөмкені киіп алып секіреді,қалған
ойыншылар сол сөмкеден түскен доптарды
жинастырып қояды. Қай топ бірінші болып
аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді
6.«Эстафета»
жарысы
Шарты:
қолдарына берілген шарды түсірмей түзу
жолмен жүгіре отырып мәреге дейін барып
орнына келу.
ІІІ.
Қорытынды бөлім
Көрсетті
міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да
соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық
қанекей,
Әділқазы сайысты әділ
бағалар.
Сайыс
соңында әділқазылар алқасы ұпай санын
шығарып, қай команданың жеңгенін айтады.
Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға
сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы
дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт
– көркі өмірдің,
Спорт- досың,
серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып,
өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір
салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Келісемін
Бекітемін
МКҚК
№ 25 балабақша әдіскері
МКҚК № 25 балабақша меңгерушісі
А.Ш.
Туякбаева
А.Қ.Елдеева
Ортаңғы
«Талпын», «Балбөбек», «Улыбка» топтарымен
эстафеталық жарыс.
Тақырыбы:
«Спорт-сенің серігің».
Дене
шынықтыру нұсқаушысы:
А.Н.Бейсенбаева
2019
жыл