Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эстетикалық тәрбие берудегі көркем мәдениеттің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстетикалық тәрбие берудегі көркем мәдениеттің рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуын қамтамасыз ету негізінен, көркем өнер түрлері, яғни әдебиет, музыка, бейнелеу т.б. арқылы білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады.

Әр халықтың ұлттық мәдениеті ертеден келе жатқан өзіне тән өнері, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрлері негізінде жетілетіні белгілі. Олай болса ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың дәстүрлі көркем мәдениетінің түрлерін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі мол.

Осындай қажеттіліктің бірі-қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты-ол адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен әсемдікті тәрбиелеу.

Адамзат дамуының философиялық, эстетикалық зандылықтарына сүйенсек, жеке тұлғаның рухани дамуына көркем өнер мен мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады. Жалпы, қазақтың халық педагогикасын, ұлттық мәдениетін қалауда зор үлесін қосқан халық ағартушы-педагогтары болашақ ұрпақтың имандылық, адалдық, эстетикалық, ақыл-ой сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған.

Қандай да болсын өнер түрі қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып,оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынасыныңқалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бұл мәселеге байланысты М.Х.Балтабаевтың "Білім беру жүйесіндегі қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті" монографиялық еңбегінде оқушы жастарға музыкалық-эстетикалықтәрбие берудің негізін ғылыми-теориялықтұрғыда тұжырымдап, оның педагогикалықмүмкіндіктерін дәйекті түрде жан-жақтыдәлелдеген зерттеудің маңызы зор.

Ал, С.А.Ұзақбаеваның "Өміршең өнер өрісі", "Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері" атты еңбектерінің ролі ерекше.

Бұл педагогикалық әдебиеттер мен ғылымизерттеу еңбектерде жас ұрпақты өнертүрлеріне баулудың, оның өсіп-жетілуіне қарайғы әр кезеңіне тән педагогикалық ой-пікір мен теориялық тұжырым, әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұлар көркем мәдениет пен эстетикалық тәрбие беру жүйесін құруға мол мүмкіндік ашатын методологиялық негіз бола алады.

Қай халық болсын өзінің көркем мәдениеті мен ұлттық өнерін, дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады. Бұл халықтың тарихи даму сатыларының әр кезеңінде қалыптасқан бай өнерін болашақ ұрпақтың азамат болып жетілуі ретінде құдіретті тәрбие құралы ретінде пайдаланғаны белгілі.

Ендеше халықтың көркем мәдениетінің тілі арқылы оқушы бойында ізгілік қалыптастыру-қазіргі міндетіміз.

Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік, талғамының тазалығы, ізгілігі тұрғысынан алғанда басқаның бәрінен бұрын мектепте оқытылуға лайық.

Олай болса, оқу-тәрбие-процесінде дәстүрлі мәдениетті, оның өзіндік әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін ұрпақ тәрбиелеуде тиімді пайдалана білу, жеке тұлғаның жан-жақты өсіп дамуына, рухани адамгершілік мәдениеттің қалыптасуына мүмкіндік береді. Және бала зердесіне қазақтың көркем мәдениетін сіңірудің өзіндік ерекшелігі, оны жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдері мен амал-жолдары бүгінгі күнде мектептің музыка сабағында кең көлемде қамтылуы қажет.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.

Эстетикалық тәрбие беру дегеніміз-оларды әдемілік, әсемдік әлемін түсінуге, сезінуге баулу. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарының бірі- әдебиет. Ол зор идеялық тәрбиелік рөл атқарады. Әдебиет адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар (проза, поэзия) арқылы енгізеді.

Эстетикалық тәрбиенің бағалану деңгейі жақсы мен жаманды ажыратудан басталып, көркем шығармаларға баға беруіне дейінгі аралықта өтеді. Деңгей баланың іс-әрекетімен бағаланады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2021
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12