400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі мәдениеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі мәдениеті» Г. Мұрашбекова - музыка жетекшісі Эстетика (eisthetikos – сезiнерлiк, сезiмдiк) – философия ғылымының саласы; адам мен өзге дүниенiң арасындағы бағалық қатынастарының спецификалық көрiнiсi түрiндегi эстетикалық саладағы адамның көркемдiк, iс-әрекетiн зерттейдi.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұр-Сұлтан қ.,

№33 «Алтын дән» балабақшасы


«Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі мәдениеті»

Г. Мұрашбекова - музыка жетекшісі


Эстетика (eisthetikos – сезiнерлiк, сезiмдiк) – философия ғылымының саласы; адам мен өзге дүниенiң арасындағы бағалық қатынастарының спецификалық көрiнiсi түрiндегi эстетикалық саладағы адамның көркемдiк, iс-әрекетiн зерттейдi. Эстетика өз алдына «эстетика» деген терминдi енгiзген немiс философы А. Баумгартен оны логиканы толықтыра түсетiн төменгi таным теориясы деп бiлдi. И. Канттың түсiнiгi бойынша, эстетика - «жалпы сезiнушiлiктi ережелерi туралы ғылым».

Қазақ халқының эстетикалық мәдениетi аса тереңде, көне заманғы дәуiрден басталады. Қазақтар эстетикалық мәдениетiн негiзiнен 3 түрлi салада жасады; бiздiң заманымызға жеткенi де солар:

1) материалдық мәдениет саласында. Бұлар қолданбалы өнер саласының туындыларында кездеседi. Онда сонау қөне дәуiрiнде осы күнгi Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың творчествосында ортақ әдiс-тәсiлдер мен сырандар болғаны байқалады. Сол негiздiң өзiнде қазақтың киiз үйiнiң нобайы, өзiне ғана тән сипаттағы үй жиќаздары, киiм-кешектер, ерекше бiр стиль, жануарлардың, өсiмдiктердiң бейнесi, геометриялық, зооморфологиялық символикалық ою-өрнектер салынған.

2) көркем сөз творчествосының туындылары қазақ халқының эстетикалық негiзiн құрған ру, тайпалар мен олардың бiрлестiктерi (тайпалық одақтар) сол заман дәрежесiне сай дамыған рухани мәдениетке не болған оны қазақтың XV-XVIII ғасырлардағы ақын жырауларының шығармаларынан айқын көруге болады. Олардың творчествосы ұлттық эстетикалық мәдениеттiң қалыптасуына зор ықпалын тигiзудi.

3) Қазақ халқының қоғамдық саяси өмiрiндегi эстетикалық ой-пiкiрi. Бұл қазақ елiнiң көрнектi қоғам, мемлекет қайраткерлерiнiң әдебиетпен өнердiң айтулы, өкiлдерiнiң көз қарастарынан сөздерiнен қалдырған рухани мұралынан көрiнер. Сол заманның ұлы ойшыл дарының iшiнде Әл-Фараби ерекше орын алады.

Ол Платон мен Аристотельдiңең бектерiне сүйене отырып эстетиканың кейбiр проблемаларын талдады. «Музыканың үлкен кiтабы», «Поэзия өнерiнiң каноны туралы трактат», «Поэзия туралы кiтап» атты еңбектерiнде ол эстетиканың және өнер мен поэзияның проблемаларын карастырады. Қазақ халқының эстетикалық ой-пiкiрiнiң тарихы жөнiндегi деректер ақын, жыраулардың творчестволық мұраларында жиi кездеседi. Асан Қайғының, Доспанбет, Шалкиiз, Ақтембердi, Бұхар, Шал т.б. қазақ жырауларының жыр, талғауларында еңбекшi бұқараның ой-арманы мен эстетикалық ұғымдары шынайы бейнеленген. Қазақтың халық поэзиясында сұлулық пен әсемдiктi, ерлiктi, батырлықты жырлау басым болып келедi.

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жатарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.

Осы ретте жастардың музыкалық шығармалар жөнiндегi өскелең талап-тiлегiн барынша қанағаттандыру, олардың өнер сұлулығын терең сезiнген биiк талғамын тәрбиелеп отыру мәселелерi арнайлы сөз етудi қажет етедi. Олай дейтiнiмiз, жаңа заманның жасампаз адамдарының iзгiлiкке толы жандүниесi, биiк парасаты, жан-жақты жоғары мәдениеттiлiгi, музыкалық мәдениетiмiздiң өнерпаздық қуатымен тәрбиелiк ықпалына да тығызбайланысты.

Халықымыздың музыкалық қоры өте бай, игерiлiп бiтпеген мол қазына. Атадан балаға мұра болған «Ќыз Жiбек», «ЕрТарғын» секiлдi әдеби мұраларға жаңаша бiр өң бiтiп, олар музыкалық шығармаға айналды. Ал бүгiнгi заман тудырған мұралар тiптi көп. Солардың қай-қайсысы да өмiрдегi оқиға, құбылыстардың, ренiш-қуаныш секiлдi адам бойындағы сезiмдердiң сырын ашады. Музыка үнiн естiгенде ерекше әсерленетiмiз де содан. Ат шабысты көзге елестететiн «Сарыарқа», «Адай» сияқты күйлердi естiгенде өзiң де бiр тұлпарға мiнiп ап жүйткiлiп бара жатқандай сезiнесiң.

Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос iшегiнен күмбiрлей төгiлген құдiреттi күй талайды тамсандырап, таңдай қақтырары шүбәсiз. Сондықтан бiз домбыра сыныбында оқитын студенттерге Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерiн үйретiп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсiнiп ойнауға баулуға тиiспiз.

Ең бастысы, «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмiрге ғашық болып өседi» деген М. Әуезовтiң даналық сөздi естен шығармасақ, бүгiнгi студент ертең маман болған кезенде эстетикалық тәрбие берудегi музыканың рөлiне айрықша назар аударатыны сөзсiз.

Жас ұрпақтың бойына туған өлкесi мен халқына дегенс үйiспеншiлiк қасиеттердi дарытуда музыка мен әдебиеттiң байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгiлi. Өйткенi, ол жа сөспiрiмнiң рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, көркемдiк сезiмталдығын арттырады, талғам өрiсiнiң дамуын зор үлес қосады.

Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, көркемдiк және материалдық мәдениеттiң құрайтын, өзiне тән өнер түрлерiне ерекшелiнетiн, музыкалық және ақындық қасиеттерiн, қабiлеттерiн, икемдерiн тәрбиелейтiн құрал – ұлттық аспаптар. Соның бiрi - домбыра. Мысалы, бесiк жыры, тұсау кесер, шiлдехана, сүндет той, тiлашар, тойбастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен өнер туындылар домбыра үнiмен ұрпаққа жетiп, жалғасып тауып отырады. Ата-баба ұстаған бұлкиелi домбыраны меңгеру арқылы өз даналықтарын өлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады. Өйткенi, осы домбыра аспабы негiзiнде таланты адамдар ауыз әдебиетiнiң негiзiн қалап, дамыта отырып бiзге жеткiзедi.

Ән, өлен, терме, өсиет, жыр, толғау, айтыс, т.б. түрлерi ой елегiн шымырлатып, адамгершiлiкке баулыды;

Мақал-мәтел, жұмбақ, қисса-дастан, ертегiлер жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттi, ерлiк пен махаббатты жырлады, туған жерi мен егiн қорғауға үндедi;

Күй үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiмен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиеледi.

Ұлы ұстаз халықтың өзi болды, шығармашылықпен айналысқан орындаушыларды өздерi сынап, бағалап отырды. Сал, серi деп ат қойып айдар тақты. Тойлар мен жиындарға қос ат жiберiп алдырып, әншi, күйшi жырауларды топ алдына шығарды.

Әр ұлттық өзiндiк жерi мен суы, тiлi мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қол өнерi мен тарихына сай мiнез-құлқы да болады. Сондай мұраларға бай ел-қазақ халқы. Сақ, ғұн, үйсiн, қанлы, түрiк,дештi қыпшақ – бәрi-бәрi осы ұлан-байтақ, сахара даласында өмiр сүрiп, барлық мұрасы мен өнерiн дамытып отырады. Бұған Орхон-Енисей бойындағы рунылық сына жазудағы көптеген мақал-мәтелдiң төркiнi өз күшiн жоймай, бүгiнгi күн мен жалғасын табуы дәлел бола алады. Он үш пернелi, екi шектi домбыраны IV ғасырда Арал теңiзiнiң оң түстiгiн ала орналасқан Хорезм маңындағы «Қой қырылған» деген жерде тасқа қашап салып кетуi – бiз үшiн өлместей мұра қылып қалдырған ата-бабаның ақылдылығы. Сондықтан тарих пен ауыз әдебиетiн домбыра аспабының негiзiнен iздеу және оны оқу құралы ретiнде пайдалану бүгiнгi жас ұрпаққа ана тiлiнiң маңызын жеткiзудiңең тиiмдi жолы болар едi. Ал оны мақтап етiп зерделей түйiп оқыту, ұлттық сезiмiн ояту – сiз бен бiздiң мiндетiмiз. Өйткенi, ата-бабалардың нақыл сөздердi, күйлерi мен әнi, жыр мен толғау өсиеттерi, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлерi бiзге домбыра аспабы арқылы жеткенi мәлiм.

Қазақтың бай ырға даласында ән ырғағының күрделi күйлерiнiң төкпе, шертпе болып бөлiнуi де бiлiктiлiктiң белгiсi. Ана құрсағындағы сәбиге дейiн музыка үнi және сөз өнерiнен ерекше әсер алып, оны тындаған ананың тебiренуiне байланысты iштегi бала тәрбиеленген. Домбырада неше түрлi әуеннiң әсерi мен берiлген сөз маржаны адамды балқыта, елжiрете өзiне тартады.

Қазақтың дәстүрлі алғашқы фольклоры заман елегінен өткен сайын мүлдем жоқ болып кетпегенімен, бастапқы қалпында сақталмай, үлкен өзгерістер мен жаңарып, бізге жеткені мәлім. Антологияға енген ғұрыптық үлгілердің бәрі де әуендік, интонациялық, ырғақтық ладтық жағынан дами түскендігін көрсетеді (дыбыс көлемі тұрғысынан кеңейген). Ал өлең-мәтіндерінде әр уақыттың жырын жырлайтын осы дәуірдің өмір тіршілігін суреттейтін сөздер кездеседі. Әдет-ғұрыптық әндердің көнелігі, біздіңше, олардың жанрлық жағымен байланыстылығында. Сондықтан да ғұрыптық үлгілердің ритуалдығын да нақты түрде, арбау-байлау, емдеу, үйлену салты, өмірге келу, өлікті жерлеу, т.б. салт-жоралармен бір тұтас деп тұжырымдаймыз.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқужұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді: жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқупроцесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккеніс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдыққа білетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.


Пайдаланылған әдебиеттер :


1.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы:-1994 2.Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж., Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірмелі сөздігі. –Алматы: «Ғылым», -1993.

3.Конн И.С. Ұлттық характерлер ерекшелігінің проблемалары.

- Москва: «Педагогика»,-1983.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі