Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау)
Материалдың қысқаша нұсқасы

­­

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы.

Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зертеу және есту мүшелерінің гигиенасы ережелерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

-Адамның есту мүшесінің құрылысы мен қызметін біледі.

- дыбысты қабылдау жолын, оның ерекшеліктерін анықтап, сипаттайды.

-есту мүшесі гигиенасының ережесіне сәйкес талаптарды орындау алгоритімін ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін анықтайды

  • Есту гигиенасының ережелерін көрсетеді

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: «адамның есту мүшесінің құрылысы» бейнебаянын қарап, жазады.

Мәтінді оқып, суретті пайдаланып, талдайды. (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары)

Лексика және терминология, пәндік терминдер: Cыртқы құлақ, құлақ қалқаыны, есту түтігі, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ, есту немесе Евстахий түтігі, есту сүйекшелері: балғашық, төстік, үзеңгі; иірім, ішкі құлақ, жартылай иірім өзектер, вестибула аппараты.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сыртқы құлаққа: ...., ....., .... кіреді. Ортаңғы құлақ ..., ...., ...., деп аталатын есту сүйекшелері мен .... түтігінен тұрады. Ішкі құлақ ол.... , және... аталады.

Құндылықтарды дарыту



топтық жұмыс барысында ынтымақтастықпен жағымды орта қалыптастыру, алған білімдерін өмірде қолдану.

Пәнаралық байланыстар

Физика – қозғалыста дененің тепе-теңдікті сақтауы маңызды.

Ағылшын тілі - терминдерге аударма жасау

Өзін -өзі тану пәнімен байланысты жеке бас гигиенасының ережесін сипаттау

Алдыңғы білім


7 сынып Есту аймағы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасатынын біледі




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы




5- минут

















2 - минут












Сабақты ұйымдастыру:

М:

  • Бір-бірімізге бүгін сәттілік тілейміз!


«Менен сұрақ – сізден жауап» әдісі

арқылы сұрақтар қою

  1. Адамның бас бөлімдерін еске түсірейік.

  2. Көру және есту мүшесі бастың қандай бөлігінде орналасқан деп ойласыңдар?

  3. Адам үшін көздің маңызы қандай?

  4. Көру мүшесінің құрылысын сипаттаңдар.

  5. Көру мүшесінің қосымша бөліктері дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Көру рецепторлары қайда орналасқан?

  7. Аккомодация дегеніміз не?

  8. Дальтонизм деп көздің қандай ауруын айтады?

  9. Көз гигиенасы деген не?

  10. Көз зақымданғанда қандай алғашқы жәрдем көрсету керек?


ҚБ мадақтау

«Ой қозғау» (Бейнекөрініс)

Оқушылар: «адамның есту мүшесі құрылысы» бейнебаян қарайды.


«Мозайка» әдісі арқылы сыныпты топқа бөлу:

Оқушыларға сурет қиындылары үлестіріледі.

Түстеріне қарап суретті құрастырып, топ құрады.

І-топ: Сыртқы құлақ (наружное ухо - external ear )

ІІ-топ: Ортаңғы құлақ (средний ухо - middle ear)

ІІІ-топ: Ішкі құлақ ( внутреннее ухо – inner ear)

Демек бүгінгі сабағымызда немен танысамыз?


Сабақтың тақырыбы және мақсатын анықтау























http://bilimland.kz/ru/home#lesson=13068



/стикер, түрлі түсті суреттер/






Сабақтың ортасы

8-минут












10- минут
































































10 – минут
























































3- минут

«Өкіл» әдісі


Оқулықтағы мәтінді топта бөліп оқып, талқылау.

І-топ: Есту мүшесінің құрылысы

ІІ-топ: Есту мүшесінің қызметі

ІІІ-топ: Есту гигиенасы. Вестибулярлы аппарат.

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

КБ: Топтар өкілдердің жұмысын «Смайлик» әдісі.


«Білім қоржыны»

Тапсырама 1. «Суретпен жұмыс»

Сандармен көрсетілген есту мүшесінің құрылысына атау беріп, маңызын кестеге толтырады.






Бөлімі

Қызметі

Сыртқы құлақ:


Ортаңғы құлақ:


Ішкі құлақ:








Тапсырама 2. «Дыбыс жолын тап»

Есту мүшесінің құрылысына, дыбыс толқындарының жолын сәйкестендіріңдер:

Дыбыс тербелісінің жолдары:

Дыбыс толқындары есту тесігі дабыл жарғағының тербелісі есту сүйекшесінің тербелісі

сопақ терезе жарғағының тербелісі иірімдегі сұйықтықтың тербелісі есту рецепторларының тітіркенуі жүйке импульсінің пайда болуы.






Тапсырама 3. «Ассоциация» әдісі

Е сту мүшесі гигиенасы алгоритмін құрып, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін анықтап жазады.





Адамның есту мүшесі мен гигиенасы арасындағы байланысты анықтайды.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

- Есту мүшесінің құрылысына сурет бойынша атау берді;

- Есту мүшесінің қызметін, кестеге толтырды;

-Есту мүшесінің дыбысты қабылдау жолын сәйкестендірді;

- Есту мүшесі гигиенасы алгоритмін жасап, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін сипаттады;


Дескриптор:

Білім алушы:

- Есту мүшесінің суреті арқылы құрылысын жазады;

- Есту мүшесінің қызметін кестеге толтырады;

- Есту мүшесінің дыбысты қабылдау жолын сәйкестендіреді;

- Есту мүшесі гигиенасы алгоритмін жасап, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін сипаттайды;



КБ: Оқушылар бір-бірінің жұмысын «Бас бармақ» арқылы бағалайды.


- (СЖ) Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау)

Мақсаты: Адамның есту жітілігін анықтау әдістерімен танысу, өздігінен анықтап үйрену.

Құрал- жабдықтар: Сағат, рулетка, сызғыш.

Жұмыс барысы: Есту жітілігі-бұл адамның құлағы арқылы қабылдауы мүмкін болатын дыбыстың ең төменгі қаттылығы.

  1. Қолдарыңа механикалық сағат алыңдар.

  2. Сағаттың дыбысын естігенге дейін оны құлақтарыңа жақындата беріңдер.

  3. Сағатты құлақтарыңа тигізіп ұстап, енді оны дыбысы естілмей қалғанға дейін өздеріңнен алыстата беріңдер.

  4. Бірінші және екінші жағдайдағы құлақ пен сағаттың арақашықтығын өлшеңдер (см)

  5. Екі көрсеткіштің орташа шамасын есептеп шығарыңдар. Ол шама - есту сезімталдығы деп аталады.

Бұл зерттеуді оң және сол құлаққа кезек жасауға болады. Сағат пен құлақтың екі арасы неғұрлым алыс болса, соғұрлым есту сезімталдығы жоғары болады.

Енді сағаты бар қолыңды өзіңнен алыс ұстап, әзер естілген дыбысқа дейін қолыңды құлағыңа бірте-бірте жақындата бер, осы екі арақашықтықты өлшеңдер, бұл - есту шегі болып табылады.

Есту сезімталдығы мен есту шегінің орта шамасын есептеңдер. Ол шама сезімталдық шегін көрсетеді.

Жұмыс нәтижесіне баға беру: есту сезімталдығы-бұл есту шегіне кері шама. Есту қабілеті (жітілігі) қалыпты жағдайда сезімталдық шегі 10-15 см-ге тең келеді.

Есту жітілігі

Орташа шама

Есту сезімталдығы


Есту шегі


Сезімталдық шегі


Есту қабілеті жітілігі (нәтижесі)


Қорытынды:

Адам өмірінде есту жітілігінің маңызы қандай?

Неліктен музыканы қатты қойып тыңдау зиянды?

Суретті қараңдар: Суреттегі сандар бойынша ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысын атаңдар.


Оқушылар зертханалық жұмысты жеке орындап нәтижелерін жеке –жеке дәптерлеріне жазады.

Оқушылар жұмыстарын өзара тексереді

Дескриптор:

- Есту сезімталдығы мен есту шегін өлшеп табады.

- Сезімталдық шегін есептеп шығарады

- Есту қабілетіне баға береді.

- Қорытынды сұрақтардың жауаптарын анықтады.

Қ Б: «Мадақтау» әдісі

М: Оқушылардың жұмыстары жиналып, кері байланыс жүргізіліп, «комментарий» жазылады.


Тапсырама

«Биологиялық диктант»

(СЖ) Терминдерді анықтап, сөйлемді аяқтаңдар.

Сыртқы құлаққа: ...., ....., .... кіреді. Ортаңғы құлақ ..., ...., ...., деп аталатын есту сүйекшелері мен .... түтігінен тұрады. Ішкі құлақ ол.... , және... аталады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі


























кесте







Сөздер жазылған стикерлер














































Рисунок 1
































































Сабақтың соңы

2 - минут

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

- «Мен барлығын түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын»

- «Мен барлығын түсіндім»

- «Маған әлі де түсініксіз нәрселер бар»

Үйге тапсырма: §39 оқу. «Дыбыс толқындарының құлақ құрылымдары арқылы өтуі» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.

«Picture 1 Табыс баспалдағы»





Стикерлер


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады


Жеке жұмыстар жетелеу сұрақтары арқылы арқылы жүзеге асырылады. Топтың ішінде жұптық жұмыс және жалпы топта талқылаулар ұйымдастырылады.

Сыныпта оқушыларға "Білім қоржыны" тапсырмасы беріледі. Онда А және В денгейінің суретпен, кестемен, сәйкестендіру тапсырмалары беріледі.

Кейбір оқушылар С-деңгейіндегі тапсырмамен жеке жұмыстанып, есту мүшесі гигиенасы алигоритмін жасап, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептеріне ассоциация құрады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Алдыңғы оқу «Менен сұрақ – сіздерден жауап» әдісімен тексеріледі. Оқушылардың дұрыс жауабы, ауызша мадақтау, шапалақтау әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Топтық жұмыс «Өкіл жіберу» әдісімен берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы талқылау, идеялармен бөлісу жүреді. Сұрақтар беру арқылы негізгі ұғымдар сұралады. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Смайлик» арқылы бағалайды.

Сыныпта зертханалық жұмыста оқушылар жеке жұмыстанады, жұмыс жиналып алынып, әр тапсырмаға арнайы дескриптормен, мұғалім кері байланыс арқылы бағалайды

Сыныпта тапсырманы аяқтаған оқушыларға «мадақау» әдісі пайдаланылады. Сабақ соңында оқушыларға «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.

- «Мен барлығын түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын»

- «Мен барлығын түсіндім»

- «Маған әлі де түсініксіз нәрселер бар»

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Есту мүшесінің гигиенасына көңіл бөлу. Сыныпта, топта өткір құралдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау керектігін ескертіледі.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі