Есту қабілеті зақымданған балалармен жұмыс жүргізу барысында, мамандардың қолданатын әдіс-тәсілдері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есту қабілеті зақымданған балалармен жұмыс жүргізу барысында, мамандардың қолданатын әдіс-тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту қабілеті зақымданған балалардың ішінде үлгерімі төмен балаларды қосымша диогнозы бар балалар құрайды. Қосымша диогноздарды қалай анықтауға болады. т.б. Жас мамандарды диогностика жасауға және дыбыс қоюдың әдістерін үйрету.`(шебер сынып)коуч.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есту қабілеті зақымданған балалармен жұмыс жүргізу барысында, мамандардың қолданатын әдіс-тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Мұғалімдермен өз тәжірибемізде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда және дыбыс қоюда қолданылатын ұтымды, тиімді әдістер бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби шеберлік ұсыну, бөлісу және кәсіби дамуына ықпал ету.

Сабақтың көрнекіліктері: суретер, слайдтар, видео роликтер, сабаққа керекті көрнекіліктер,ойыншықтар, зондтар.

Армысыздар аса құрметті әріптестер!

Бүгінгі біздің «Есту қабілеті зақымданған балалармен жұмыс жүргізу барысында, мамандардың қолданатын әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шебер сабаққа қош келдіңіздер!

Пейш киносынан үзінді.

Шебер сыныпты кино желісі арқылы көрсетуіміздің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі бала мен ананың арасындағы болып жатқан қиыншылық пен төзімділікті көрсету. Баласы үшін ананың қаншама қиын –қыстау күндерден өткен күндерін, баласы арқылы жеткізу болатын.

Осы орайда тек қана бала үшін ата-ана ғана емес, ұстаздардың да атқаратын рөлі орасан зор. «Менің атым Қожа» фильмдегі Рақымжанов ағайдың мына бір қанатты сөзін айтып өткім келеді. «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін .Ол шамшырақ, тек жаға білу керек.

Тағы бір видио ролигімізді көріп, тамашалап шығайық.

Әр баладағы шамшырақты жағу, ол ұстаздың мойнындағы үлкен жүк. Сол себепті баланың өмірінде анамен бірдей дефектолог мамандардың да алар орны орасан зор. Әр баланың шамшырағын жағу жолында дефектологтардың күнделікті жасалатын жұмыс барысындағы әдіс тәсілдерді Меруерт Паттешқызы екеуміз кезегімен кеңірек тоқталып өтейік.

Дефектология туралы түсінік Дефектология үлкен ғылым.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – есту қабілеті зақымдалған балаларға, тифлопедагогика – көру қабілеті зақымдалған балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойында бұзылысы бар балаларға, логопедия - сөйлеу тілінің бұзылысы бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дененің күрделі бұзылыстары (көрмейтін және естімейтін,естімейтін және ақыл-ой кемістігі бар,және т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Біз соның ішінде сурдопедагогика саласында жұмыс жасаймыз.

Сурдопедагог: балалардың құлағын емдеп жазбайды.Қалдық есту қабілетін дамытады. Есту қабілеті зақымданған балаларға табиғаттағы дыбыстьарды;күннің күркіреуін,желдің сыбдырын, құстың сайрағанын, қасқырдың ұлығанын, жаңбырдың тырсылын қалдық есту қабілетімен естіп ,көріп қабылдауын дамытады.

XYII ғасырда дәрігер Джон Булвер Англияда сурдопедагогика бойынша ең алғашқы жәрдемақыны және есту қабілеті зақымданған адамдарды тәрбиеле мен оқытуды жариялады. Сонымен қатар ым-шара тілінде тапты. Тіпті ым-шара тілі құпия хабарларды жеткізу үшін де қажет болуы мүмкін деді. Қазіргі кезде ым-шара тілінің кейбір әріптері вритан тілінде қолданыста.

Сурдопедагогика логопедияның айнымас бір бөлшегі десек те болады. Олай дейтін себебіміз қазіргі таңда бір баланың басында бірнеше диогноздары бар. Біздегі балалардың 100 пайызы құлақпен келсе, соның ішінде сабақ үлгерімі төмен оқушылардың біразы логопедтің көмегін қажет етеді.  Халықаралық класификация (1988 ж) бойынша естудің орташа деңгейдегі жоғалуына қарай :500, 1000, 2000 Гц – пен төртке бөлінеді:  

Баламен жұмыс бастамас бұрын бірінші баланың диогнозына мән беруіміз керек. Біз ПМПК қорытындысы бойынша жұмыс жүргіземіз.Бірақ, есту зақымдалуымен келген оқушы көріп-есту арқылы, артикуляциға қарап еліктеу арқылы және механикалық тәсіл арқылы бала дыбыстарды меңгереді. Кей балалар тілдерін көтере алмайды, к,г,қ,ғ дыбыстары мүлде шықпайды. Сол үшін оның себебін анықтауымыз қажет.

Сол үшін диогностика жасап көрейік.

  • Тыныспен жұмыс.

  • Сөйлеу процесі дем алып дем шығаруына тікелей байланысты. Сөз дем шығару кезінде пайда болады. Дем шығару кезінде негізгі ауа ағыны газ алмастыру қызметінен басқа дауыс шығару мен артикуляция қызметін қатар қамтиды Адамның сөйлеген кездегі дем алуы мен дем шығаруы үнсіз (сөйлемеген кездегі) отырғаннан өзгеше болады.

  • «Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»

  • Шарты: Бала мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.

  • Стрельникованың парадоксальды тыныс алу жаттығулары


  • Артикуляциялық жаттығулар.

  • Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті. Сөз дыбыстары қалай жасалады? Сөз дыбыстары белсенді дыбыстау мүшелерінің (тіл, ерін, жұмсақ таңдай, төменгі жақ) жұмысының нәтижесінде пайда болады. Тіл мен ерін әртүрлі қимылдар жасап, әртүрлі қалыпта бола алады. Жұмсақ таңдай мұрын жолдарын ашып, жауып, ал төменгі жақ–ашылып, жабылып тұрады.

  • Дауыспен жұмыс.


Баланы алғаш қабылдағанда диогностикалап алу қажет. Диогностиканың 12 бұзылысы бар.

  1. Қарым-қатынас құру.

  2. Ата –анадан анамез жинау.

  3. Баланың түсінігін тексеру.

  4. Логикалық ойлау қабілетін тексеру.

  5. Қабылдауын праксистерін тексеру.

  6. Сөйлеу деңгейін тексеру.

  7. Тыныс алу деңгейін тексеру.

  8. Сөйлеу аппаратын тексеру.

  9. Дыбыстарын тексеру.

  10. Фонематикасын тексеру.

  11. Сөздерін тексеру.

  12. Қорытынды жасау.


  1. Этап. Қарым-қатынас құру.Баланың кабинетке кірген кездегі баланың іс-әрекетіне мән бересіз. Бала келісімен сізді көріп, амандасып немесе жалпы сізге назар аударса онда ол балада түсінік бар.Егер жүгіріп кіріп сізге анасына мән брмей ойыншықтарды алса оның бір бөлігімен ғана ойнаса онда түсінік жоқ. Үстелдің үстіне тарақ, көзілдірік, машина, тәрелке ,қасық, шәнек кружка қоясыз. Бала тарақпен шашын тарап, машинаны жүргізіп ойнаса, кружкаға су құйып түсініп ойнаса онда балада түсінік бар.Егер машинаны алып тек дөңгелегін айналдырып отырса онда түсінік жоқ.т.б.

1жаста бала шашып ойнайды.

2 жаста заттың орнын тауып ойнайды. Гометриялық пішіндер) ағаш. түстерді ажыратып ойнайды.(түсті

3 жаста рулевой ойынларды ойнайды. (милиция болып,сатушы,дәрігер т.б).

  1. Этап. Ата –анадан анамез жинау.

Балада түсінік балды ма?

Сөйлеуі болды ма?

Маторлы бұзылыстар, сенсорлы бұзылыстар болды ма?

Дыбыстары бар ма? Сөздік қоры бар ма?

Шайнау процесі бар ма?

Қол шайнау, тырнақ шайнау.

  1. Этап. Баланың түсінігін тексеру. Диогностика 5 сатыдан тұрады.

        1. Нөлдік деңгей.Бала ешқандай тапсырманы түсінбейді.Нұсқаулықты орындамайды.

2.Қандай?

        1. Базалық деңгей. Мама қайда? Папа қайда?сиыр қайда? Мө қайда?т.б.

        2. Заттық деңгей. Кітапты аш.кітапты жап. Алманы ал. Қаламды ал.орнына қой.т.б.

        3. Белсенді түсінік.Деңгейлік тапсырма.іс-әрекет.Суреттерді қойып, ойнап жатқан баланы көрсет. Газет оқып жатқан атаны көрсет, шөп жеп тұрған сиырды көрсет т.б.

        4. Күрделі түсінік.Кеңістік бойынша: астында, үстінде, жанында, қасында.Мысқ қайда жатыр№ Мысықтдиванның үстінде жатыр.Доп қайда жатыр?Доп үстелдің астында жатыр.Орындық қайда тұр?Орындық үстелдің жанында тұр.Ойыншықтар қайда тұр. Ойыншықтар қораптың ішінде тұр.

4.Этап. Логикалық ойлау қабілетін тексеру.(мимика)

Бақылау процесінен бастауға болады.

1 жас Перамиданы жинау.

2 жас .затты орнына қойса оны өзі түсініп орындау.3 жастағы бала түспен жинау.4 топтастыру,артығын табу.реттілік затты тексеру.(үлкен-кіші,үдкен- кіші қойып шығу).


5.Этап. Қабылдауын праксистерін тексеру.

1.Көзбен көру.2. искеп көру.3дәмін сезі.4есту арқылы қабылдау.5.сипап сезу.

1.Үш түсті көрсету немесе үш затты қою. Қайсысы жоқ. (көріп қабылдау арқылы есте сақтау.

2.естіп қабылдау.Ритмді тексеру.Музыкалық аспаптарды естіп қабылдау.

3.Сипап сезу.(затты сипап табу,атын атау).

Проксис бұзылысы.

1.Саусақты тексеру.Екі саусақты көрсет.егер екі саусақты көрсетуге қиналып басқа саусақтың көмегімен көрсетсе онда праксис бар.

2.жаста.Екі аяқты қосып секіре алса жақсы.

3 жастаөзі секіру керек.Егер проксис болса сөйлеуі де кешігеді.Проксиске сенсомоторлы бұзылысына жұмыс жасау.

6 этап . Сөйлеу деңгейін тексеру.Жалпы сөлеу тілінің дамымауы 4 деңгейге бөлінеді.

1 деңгей. Ымдап дауыс шығармай сөйлеу.

2 деңгей. Жеке сөдер айтады.Бірақ түсініксіз айтады.

3 деңгей. Сөздердің басын,аяғын, ортасын тастап айтады.

4 деңгей. Жалғауларды дұрыс айтпайды. Мен дала барам т.б.

Дизартрия 1,2 деңгейде болуы мүмкін.


7 этап. Тыныс алу деңгейін тексеру. Демі жақсы ма,дауысы ашық па? Демі жеткілікті ме? Шар үрлеу, т.б.


8 этап. Сөйлеу аппаратын тексеру.Гипертонус, гопотонус, тілдің тонусын, тістерінің орналасуын, прогнатия, прогения бар ма, таңдай,ерін жырықтары бар ма соны анықтап алу қажет.Затпен бірге тіл қозғалу керек тілде пракция бар ма соны анықтау қажет.

Бала тырнағын жесе невроз болуы мүмкін.


9 этап. Дыбыстарын тексеру. Дыбыстарды позиция бойынша жеке созып айту 3 секунд кей әріптер буын арқылы шығады.Дыбыстарды қойғанда концентірлік әдіске сүйеніп қойылады. Дыбыс қоюдың тәсілі- кұралдардың /шпатель, зондтар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен, баяу түрде қажетті қалпы, қозғалысы қалыптастырылады.

 

А, О,У, Ұ,Ү, С, (ста) Ш, (шта) З, Ж, К, Г, Қ, Ғ, Х, П, Р дыбыстарын қою тәсілдері.

Мәселен, Қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы бөлігі шпательмен басып қойылады. «Та» буынын ұмытпаған бала оны -тя түрінде, ал шпательмен тілді артқа ақырын жылжытып итерген жагдайда -кя, сосын -ка түрінде айта бастайды.

10 этап. Фонематикасын тексеру. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажырата алмау.с-ш, с-ны да –ш ны да с деп айту. т-д, н-ң, с-з. л-р т.б.

11 этап. Сөздерін тексеру. Сөздерде дыбыстарды анық айтылуын тексеру. Заттық суреттерді алып анық айтуын тексеру.

12 этап. Қорытындылау.


Қазір көптеген балаларда әртүрлі сөйлеу кемшіліктері бар, оларды мектепке дейінгі кезеңде жою маңызды. Егер бұл жасалмаса, онда бала мектепке дайындықсыз келеді, оның сөйлеу ақаулары оған мектеп бағдарламасын оқуға ғана емес, сонымен қатар құрдастарымен толық қарым-қатынасқа кедергі жасайды. Бұл, өз кезегінде, балада кешендердің дамуына толы, ол тұйық және ұялшақ болады, ал мұндай балалар сөйлеу кемшіліктеріне байланысты жиі қорқытудың құрбаны болады. Бұған жол бермеу үшін сөйлеу бұзылыстарын уақытында түзетуді бастау маңызды. Бұл жағдайда логопедиялық массаж дыбыстарды дұрыс қоюға ғана емес, сонымен қатар сөйлеудің басталуына күшті ынталандырушы болып табылады.

Массаждың бірнеше көрсеткіштері бар:

Тілдің және шайнау бұлшықеттерінің гипертониясы (тонустың жоғарылауы). • Дауыстың әртүрлі бұзылыстары. Әңгімелесу кезінде бала шаршайды, тым тыныш сөйлейді, әңгімелесу кезінде ауырсынуға шағымданады, тамағында «кесек» пайда болады және т.б. • Шайнау және жұту функциясының бұзылуы.

Кекештену. Бұл бұзылысы бар балалар сөздегі буындарды қайталауға бейім немесе олар сөздің кез келген бөлігіне бекітіп, соңына дейін айта алмайды • Малокклюзияға әкелетін миофункционалды бұзылыстар.

Операциясыз созу мақсатында тілдің қысқа френулумы болған кезде.

Дизартрия. Бұл сөйлеу аппаратының иннервациясының жетіспеушілігінен туындайтын сөйлеудің айтылу жағының бұзылуы. Дизартрия кезінде тілдің және басқа артикуляциялық органдардың қозғалғыштығы шектеулі. • Сілекей бөлінуінің жоғарылауы. Бұл бұзушылық ауыздың айналмалы бұлшықетінің әлсіздігіне байланысты. Логопедиялық массаждың әсері қандай? Тілдің логопедиялық массажы - бұл тілдің бұлшықет тонусын және оның қозғалыстарының ауыспалылығын өзгертуге бағытталған әдістердің белгілі бір жиынтығы. Бұлшық еттердің трофизміне, тілдің иннервациясының күйіне әсер етеді. Массаж процесінде тілдің бұлшық еттері ғана емес, сонымен қатар осы органға функционалдық байланысты аймақтар да қатысады: ерін, ауыздық, тіл асты және иек аймақтары және т.б. Логопедиялық массаж басқа әдістермен үйлесімде келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

Практикалық жұмыс.Логомассаж.

Теориямен практиканы байланыстыра өтудегі мақсатым жас мамандар өз сабақтарына қолданар деген үміттемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі