жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Етістік ашық сабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№26 Жалпы білім беретін мектеп
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тақырыбы: «ЕТІСТІК»
Мерзімі:22.02.18жыл


Студент-практикант: Әріпжан Аяулым
Топ: 41 «Б»
Практика жетекшісі: Кенжеева Г.К.
2018 оқу жылы
Оқытушы: Әріпжан Аяулым
Сыныбы: 3 «Ә»
Күні: 22.02.2018
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Етістік
Мақсаты: оқушыларға етістік туралы түсініктерін қалыптастыру , дара және күрделі етістіктерге мысал келтіре отырып, тапсырмалар орындату. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
Етістік туралы біледі.
-
Сөйлем құрай алады.
-
Дара етістікті күрделі етістікке айналдыра алады.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, түсіндіру, «Сәйкестендір», «Кім жылдам?», «Ойлан тап!», «Күнді бұлттардан тазарту» әдісі, «Суреттеу», «Ұйқасын тап»
Ресурстар: ребус, интербелсенді тақта, бейнеклип, топырақтың суреті, плакат, стикер, смайлик
|
Уақыты: |
Оқытушының іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
1 мин |
І Ұйымдастыру кезеңі 1)Оқушылармен амандасу 2)Оқу құралдарын тексеру 3)Оқушылар назарын сабаққа аудару
Психологиялық
дайындық. |
Оқушылар оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударады.
Оқушылар хормен дауыстап айтады. |
|
2 мин |
Топқа бөліну 1-топ Тапқырлар 2-топ Алғырлар 3-топ |
|
|
3 мин |
ІІ Үй тапсырмасы «Күнді бұлттардан тазарту» әдісі -Етістік дегеніміз не? -Етістіктің сұрақтары? -Кеше үйге анам келді. Етістікті тап. -«Кітап» сөзін жекеше түрде тәуелде. -Зат есім дегеніміз не? -Дәрігер адамды ......... Мұғалім оқушыларды......... |
Оқушылар «Күнді бұлттардан тазарту» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың негізгі идеясын ашады. |
|
15 мин |
ІІІ Жаңа сабақ «Мультфильм әлеміне саяхат» -Қандай мультфильмдер білесіңдер? Ендеше саяхатты бастамастан бұрын етістіктің түрлерін түсіндіріп кетейін. Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: Қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?). Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуіненжасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. «Мультфильм әлеміне саяхат»
Үнтаспадан
тосыннан, алдын - ала жазылған Мульфильм әлемінің ханшайымының сөзі
естіледі. Әр кезеңде мультфильм кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау барысында тиісті сыйлықтарын алып отырады. |
Білетін мультфильмдерін айтады.
Етістік түрлерін атап өтеді.
Дара және күрделі түрлеріне мысал келтіреді.
Ханшайымның сөзін тыңдау арқылы «Мультфильм әлеміне саяхат» -ты бастайды. |
|
2 мин |
«Маша мен аю»-дың тапсырмасы «Кім жылдам?» ойыны 1-топ Өлеңнен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз. Құс келді Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. Келіп көктем құстары Бау-бақшаға ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды. 2-топ Өлеңдегі дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз. Құс келді Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. Келіп көктем құстары Бау-бақшаға ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды. 3-топ Өлеңнен қарамен жазылған етістіктерді қатыстырып сөйлем құра. Құс келді Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. Келіп көктем құстары Бау-бақшаға ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.
|
«Маша мен аю»-дың тапсырмасын орындау арқылы келесі кезеңге өтеді. |
|
5 мин |
«Миккидің тапсырмасы» (Тип-топ музыкасы) «Ойлан тап!» ойыны 1-топ Мәтіндегі дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамға, табиғатқа көп пайда әкеледі. Құстар ағаш діңіндегі, егістіктегі зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан оларды қанатты достар деп атайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Оларға қыста жемсауыт, көктемде ұя жасайды. 2-топ Мәтінді түсініп оқып, тақырып қой. Етістіктерді теріп жаз.
Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамға, табиғатқа көп пайда әкеледі. Құстар ағаш діңіндегі, егістіктегі зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан оларды қанатты достар деп атайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Оларға қыста жемсауыт, көктемде ұя жасайды.
3-топ Етістіктің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамға, табиғатқа көп пайда әкеледі. Құстар ағаш діңіндегі, егістіктегі зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан оларды қанатты достар деп атайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Оларға қыста жемсауыт, көктемде ұя жасайды. |
|
|
2 мин |
«Миньонның тапсырмасы» «Суреттеу» әдісі Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр Құрастырған сөйлемдеріңнен дара және күрделі етістіктерді табыңдар. |
5 топ топыраққа қатысты сөздерді тауып белгілейді. |
|
3 мин |
«Том и Джерридің тапсырмасы» Достар Джерридің Томнан құтылуына кәне көмектесіп жіберейікші. «Сәйкестендір» ойыны Жылқы кісінейді Түйе боздайды. Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Ит үреді. Мысық мияулайды. Торғай ұшады. Сергіту сәті (видеоролик) |
Оқушылар дәптерлеріне жазады. |
|
4 мин |
IV Жаңа сабақты бекіту «Күлше қыздың тапсырмасы»
Еркін жазу стратегиясы бойынша өлең
құрастыру «Ұйқасын
тап» Сендерге мультфильм әлемі ұнады ма? Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым.Жарайсыңдар! Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар! |
Стикердегі тапсырманы орындау арқылы Күлше қыздың туфлиін тауып береді. |
|
2 мин |
V Кері байланыс
|
Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаса, желкенін жасыл түске бояйды. Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды. Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды. |
|
1 мин |
VI Үйге тапсырма 3-жаттығу |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|
1 мин |
VI Бағалау Конфет, балмұздақ арқылы бағалау |
Белсенді қатысқан топ бағаланады. |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген