Материалдар / Етістік. Дара, күрделі етістік

Етістік. Дара, күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз табы етістік туралы түсінік. Етістіктің түрлері. Жас мамандарға сабақ жоспарын құруда көмекгім тиер. Етістік түрлеріне арналған тест тапсырмалары да бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
1031
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МерзіміПәнСыныбыПән мұғаліміТексерген
1

Қазақ тілі6Байтүлекова Қ

Сабақтың тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістікСабақтың жалпы мақсаты:А)Білімдік: дара және күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары туралы білім беру.Ә)Дамытушылық: шығармашылық танымдық қабілетін дамыту.Б)Тәрбиелік: туған жерді қорғай білуге тәрбиелеу.Сабақтың міндеті:А) Мазмұнға байланысты міндеттер: -заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп аталатындығын оқып біледі.-мәтіннен етістіктерді ажыратады, сөз құрамына талдайды.Ә) Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:- Өздері меңгерген теориялық ұғымдарды саралай келе, оқушылар өз пайымдаулары мен көзқарастарын білдіре отырып, төмендегі әрекеттерді орындайды:1. Білімді игеру қажеттігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды.2. Өз пікірін ашық айтып, пікірталасқа араласуға белсенді болады. Б) Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:- Топтағы оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, берілген жаттығуды талдап салыстырады.Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жазу, мәнерлеп оқуСабақтың көрнекілігі: қызықты грамматика, сызбалар, Қазақ тілінен дидактикалық материалдар жинағы.

Сабақ барысы.I. Қызығушылықты ояту сатысы:1) Үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды түгендеу.* кеспе қағаздармен оқушылардың білімін тексеру;*сызба бойынша үй тапсырмасын пысықтау;2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы: Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? қайтіп? не істеп? не істесе? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік құрамына қарай негізгі етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Етістіктер құрамына қарай дара етістік, күрделі етістік болып екіге бөлінеді.Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады: оқыды, айтты. Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады: маңырап жатыр екен, жамап отыр екен, бақылап отыр.

*Жаттығу жұмысы:*221-жаттығу. Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.



1-кеспе

1.Туынды етістік жасаушы жұрнақтарды тауып оған сипаттама беріңдер. Босатсам, шағым айтпасқа ант бересіңдер ме? Ел өртенеді мына бүліктен. Не жақсылық орнаттық. Жүзі өзгеше қуарып, қолдары дірілдеп кетті. (М.Ә.). Қыз кенет ойланып қалды. Елден келген адамдарға жолығамын. Ішінен жәбірленсе де, үндемей оңай көнді. – Кісі басына он тиыннан кемітейік. Жабай сүйретіліп бекетке жеткенде, мұнда түнеуге тоқтаған керейлер әлі орналаспаған екен. (Ғ.М.).

Сабақты қорыту.Ақылдының алдымен жүр,Ақылсыздың артымен жүр Ақылды мақтанса, іс тындырады,Ақымақ мақтанса, аяғын сындырады.

Оқушылар білімін бағалау.Үйге тапсырма: 223-жаттығу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ