Етістіктің райлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Етістіктің райлары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздарға арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімнің атауы:

6-бөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Мектеп: №5 орта мектеп

Күні: 28.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нұралиева А.Е.

Сынып: 7

Пәні: Қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Тіл және технология

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай, түрлерін тілдесім барысындақолдану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік,шақ,рай түрлерін меңгереді, ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мысал келтіре алады, сөйлем құрайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік,шақ,рай түрлерін қатыстыра отырып, шығармашылық жұмыстар орындай алады.

Бағалау критерийі


* Сурет бойынша жүйелі, жинақы, тілдің көркемдік құралдарын пайдаланып, әңгіме құрайды.

*Сурет бойынша құраған мәтіндеріне интерпретация (талдайды,салыстырады,бағалайды) жасайды.

*Ережені меңгереді.

*Мысал келтіреді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Етістік, рай,

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Біз мынадай дәлелдер келтіреміз... Оның себебін... деп түсіндіреміз. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым жүргізу арқылы жазылым алды дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Жазылым алды сұрақтары:

* Етістік дегеніміз не ?

* Есімше мен көсемшеге мысал келтір.

* Етістіктің шақтары қалай жасалады? Мысал келтір.

Құндылықтарға баулу

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух – берілген суреттерге байланысты әңгіме құрау үшін ұсынылған тірек сөздер көрініс тауып, әңгіме құрау барысында ашылады. ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

  • Жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка

Алдыңғы білім

Әлеуметтік желіні пайдаланамын

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин


Қызығушылықты ояту.

«Шаттық шеңбері» тренингі

Оқушылар шеңберге тұрады, бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, арқасын беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы білдіреді.




А4 қағазы, фломастер


Сабақтың ортасы




















































































Топтық – 7 минут





Сұрақтар:

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.

  3. Есімше қалай жасалады? Жұрнақтарын ата

  4. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

  5. Алған, көрген, барғалы, келгелі айтқалы сөздері қалай жасалған?

  6. Етістіктің шақтарына тоқтал.

Етістіктің райлары қимылдың,іс-әрекеттің орындалу мүмкіндігіне қарай 4 түрге бөлінеді:

  1. Ашық рай

  2. Бұйрық рай

  3. Шартты рай

  4. Қалау рай

  1. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз. М: Демімен еріген қар суы тамшылап мойныма,ғ бетіме ағып жатыр.

  2. Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға (2-жақ) не бөгде біреуге (3-жақ) немесе өзіне (1-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. М: Ғылым таппай мақтанба.

  3. Етістіктің шартты райы іс-қимылдың болу-болмау, іске асу – аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. М: Жақсымен жанассаң, жетесің мұратқа.

  4. Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.(барғым келді, айтқысы келіпті, көрсең игі еді). Қалау рай мынадай жолдармен жасалады:

  • Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсых тұлғасына –ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеседі. М: Менің бар+ғы+м келді. Сенің бар+ғы+ң кел+іп+ті. Оның бар+ғы+сы келген еді.

  • Шартты рай тұлғасы (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. М: Мен ал+са+м игі еді.

  • Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп жасалады. М: Мен бар+ғай+мын.


І-деңгей

6-тапсырма

Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратып жаз.

Азамат тіл мен технологияның байланысын зерттеп жүр. (ашық рай) Ол корпустықлингвистиканы білгісі келді. (қалау рай ) Корпустық лингвистика тілдің электронды корпусын жасаумен айналысады. (шартты рай) Ол қазақ тілдің бар байлығын, қолдану ерекшелігін сандық үлгіде топтастырғысы келеді. (қалау рай)


ІІ-деңгей


10-тапсырма

Етістіктің райларын түрлеріне қарай жікте.


Етістіктер

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

бар

Барайын

Бар

Барыңыз

барсын

Барсам

Барсаң

Барсаңыз

барса


Барғым келді

Барғың келді

Барғыңыз келді

Барғысы келді

Мазалау

Арттыру

Келу




ІІІ-деңгей

4-тапсырма.

Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

- Қазақ тілінің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – қазақ тілін технологиялармен жақындастыру.

- Әр мемлекет жасанды интеллектіні өз тілінде сөйлетуге тырысуда.




ІІІ топқа постер:

Тіл мен технологияның байланысын диаграммаға түсір.



IV. Сабақты бекіту

Бағалау. Жұлдызшалар арқылы бағалау.




6 сынып оқулығы






























































Сабақтың

соңы









Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұраққа жауап жаз.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Қандай көмек бердім?.

Ортан терек – Ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Үйге тапсырма: 11-тапсырма





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
3712
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі