Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Етістіктің шақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шұбарсу» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ



Сыныбы: 7 «Б»

Пәні: қазақ тілі

Мерзімі: 14.01.2015ж.

Пән мұғалімі: Айгерим Айтказина



















2014-2015 оқу жылы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің  өткен,осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.

2. Дамытушылығы:   Танымдық  қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау   қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін   дамыту.

3. Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:          Жаңа білімді меңгеру.

 Типі:              Топтық

Сабақтың әдісі:          Сұрақ-жауап, ширатпа сұрақтар, түсіндіру, ой қазғау, өткенті қайталау,топтастыру, постер қорғау.

Сабақ көрнекілігі:        Мәтіндер, парақшалар, семантикалық кесте, АКТ, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру, назарларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

2 сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдап келу берілген. Әр топтан бір-бір оқушы сөйлейді.

  1. Жаңа сабаққа кіріспе: «Қайталау – білім анасы»

  • Оқушылар, біз сендермен 6-сыныпта өткен тақырыптарымызды еске түсірейік. Етістікке қатысты, яғни қандай етістік категорияларын білеміз? Ол үшін қима қағаздармен жұмыс жасап көрейік. (Тақтада ілулі тұрған плакатта жабысып тұрған қима қағаздарда сұрақтар берілген. Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабағымыздың тақырыбы ашылады.)

Сұрақтар:

  • Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не? (Етістіктер іс-әрекеттің болуын, орындалуы мен жүзеге асырылуын білдіретін мәнге ие болуын – болымды етістік дейміз. Мысалы: мен келемін, ертең барамыз);

Ал қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістікті – болымсыз етістік дейміз. Болымсыз етістік -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы және емес, жоқ деген көмекші етістіктер арқылы жасалады. Мысалы, мен келмеймін, ол баратын емес, кеше келген жоқ)

  • Тұйық етістік дегеніміз не? (Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін ерекше түрін – тұйық етістік дейміз. Жұрнағы: . Мысалы: кел+у, айт+у, бар+у)

  • Іс-әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің түрі (Етіс. Етіс 4 түрге: өздік етіс (-ын, -ін, -н), өзгелік етіс (-дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т), ырықсыз етіс (-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н), ортақ етіс (-ыс, -іс, с) бөлінеді.)

  • Есімше дегеніміз не? (Есімдерше түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістің түрін есімше дейміз. Жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -итін, -с. Мысалы: барған, айтқалы, келетін)

  • -ып, -іп, -п ненің жұрнағы? Ережесін айт. Тағы қандай жұрнақтары бар? (Көсемшенің. Негізгі қимыл-амалды және негізгі қимылды айқындайтын , қосымша қимылды білдіретін етістің түрін көсемше дейміз. Одан басқа -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі деген жұрнақтары бар)

  • Сабақты етістік дегеніміз не? (Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұартын етістікті сабақты етістік дейміз. Мысалы: кітапты оқы, дәптерді ал, т.б.)

  • Салт етістік дегеніміз не? (Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөздермен тіркесіп келетін етістіктің түрін салт етістік дейміз. Мысалы: үйге кел, қаламмен жазды, аспанда ұшады, арбадан түсір)

  • КShape1

    Болымды, болымсыз етістік

    үрделі етістіктің негізі мәнге ие болмайтын, қосымша мағына үстейтін сыңары? (Көмекші етістік. Оған: е, еді, екен, емес, жазда, де жатады)

Shape3 Shape4 Shape2

Сабақты етістік

Көмекші етістік



Shape7 Shape6 Shape5

Етістік категориялары



Shape11 Shape10 Shape9 Shape8

Салт етістік

Тұйық етістік



Shape13 Shape12

Shape14 Shape15

Етіс

Есімше, көсемше





Олай болса, біздің қима қағаздарымыздың астынан етістіңтің келесі категориясы анықталып отыр. Ол, әрине, шақтары екен.

  1. Жаңа сабақ.

АShape16

Шақ іс-әрекеттің өту кезеңі сөйлеп тұрған сәтке байланысты айқындалады.

л, енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар, жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін келесі сызбалы кестеге назар аурайық.





Shape17 Shape19 Shape18

Сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекет – осы шақ

Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған іс-әрекет – өткен шақ.

Алда болатын іс-әрекет – келер шақ.



  





Етістіктің шақтарының жасалу жолдары

1.Есімше тұлғалы етістіктерден: барған, барар, баратын;

Көсемше тұлғалы етістіктерден: келіпті, келесің, келгелі жатыр.

2.Етістік түбіріне тікелей: -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы: келді, бармақ.

3.Күрделі етістікте де мынадай тұлғаларда беріліп отырады: бар+ып кел+іп+сің, бар+мақ бол+ды.



  1. Сергіту сәті: «Сергіп, тыңдап табу».

Ән орындалады. Оқушылар әнді әрі тыңдай отырып, әрі орындалып жатқан әннің ішінен етістіктерді табады.


  1. Оқулықпен жұмыс.

124-жаттығу. Мәтінді тұтас оқып шығыңдар. Қарамен жазылған сөздерді талдап, етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.

Көрген – өткен шақ, қашқанда – өткен шақ, бел байлады – өткен шақ, ішетін – өткен шақ, тұтылып қалды – өткен шақ, жолай алмады – өткен шақ, тап болыпты – өткен шақ.

126-жаттығу. Өлең жолдарындағы етістіктерді кесте бойынша жазыңдар.

Есімше тұлғалы

Көсемше тұлғалы

Арнайы шақ жұрнақтары бар

Тойған, мақтаған, біткенді;

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің, ашкөзденген;

Алатын, талатын;

Келгенде, сөйлер, мінген, түйген, созылған, кескен, алған, қуанған.

Оттап, сонырқап, тентіреп, өрлеп келе жатып, сайрап, естіп, аңыратып, шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып, салып, таңырқатып;

Місе етпей, ұстартып, шашапақ, қойып, ашпақ;

Жайып, тозып, тартынбай.

Кетті, жолықты, көрдім, салды, толқынтады.



  1. Талдау – табыс кілті.

4 топқа тапсырма:

1-топ: Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Сөйлем мүшесіне қарай талда. (құрамына қарай – жай сөйлем; айтылу мақсатына қарай – хабарлы сөйлем; келген едім – не істеген едім? күрделі баяндауыш; мен – кім? дара бастауыш; мен қайдан келген едім? ауылдан – мекен пысықтауыш; \ъ мен ауылдан қашан келген едім? жақында ғана – мезгіл пысықтауыш)

2-топ: Бұл – менің туып-өскен жерім. Сөз құрамына қарай талда. (бұл – сілтеу есімдігі; ме – жіктеу есімдігі, -нің – ілік септігі; ту – етістік, -ып – көсемше; өс – етістік, -кен – есімше; жер – зат есім, -ім – тәуелдіктің І жағы)

3-топ: Екеуіміз де үнсіз, ақырын жүріп келеміз. Сөйлем мүшесіне қарай талда. (құрамына қарай – жай сөйлем; айтылу мақсатына қарай – хабарлы сөйлем; жүріп келеміз - не істеп келеміз? күрделі баяндауыш; екеуіміз де – кім? дара бастауыш; үнсіз, ақырын – екеуіміз де қалай жүріп келеміз? біріңғай пысықтауыш)

4-топ: Біз кішірек қырат үстінде отырмыз. Сөз құрамына қарай талда. (біз – жіктеу есімдігі; кіші – қандай? түбір сын есім, -рек – қандай? сын есімнен сын есім тудырушы рең мәнді жұрнақ; қырат – не? түбір күйінде тұрған зат есім; үст – көмекші есім, -і – тәуелдіктің ІІІ жағы, -н – несін? табыс септігінің жалғауы, -де – несінде? жатыс септігінің жалғауы; отыр – қалып етістік, -мыз – жіктік жалғауының І жағы көпше түрі)

  1. Үйге тапсырма:

  • 127-жаттығу. «Әр кезеңдегі қимыл-әрекет» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру;

  • Етістіктің шақтары.



  1. Бағалау. Критериалды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1340
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12