Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Етістіктің шақтары туралы түсінік" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік Сабақтың мақсаты: а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру; ә) Ұтымды ой қорыта білуге, өзіндік және шығармашылық мащықтарын дамыту; б) Өзіне сын көзбен қарауға, сыныптастарының көзқарастарын сыйлауға баулу, топ ішіндегі жағымды психологиялық ахуалды туғызуға күш салу. Сабақтың түрі: тренинг Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу, проблемалық әдіс. Құрал- жабдықтар: слайд, интерактивті тақта Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру; ә) Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру; б) Сабақтың ерекшеліктері және шарттарымен таныстыру в) «Танысу рәсімі»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру;

ә) Ұтымды ой қорыта білуге, өзіндік және шығармашылық мащықтарын дамыту;

б) Өзіне сын көзбен қарауға, сыныптастарының көзқарастарын сыйлауға баулу, топ ішіндегі жағымды психологиялық ахуалды туғызуға күш салу.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу, проблемалық әдіс.

Құрал- жабдықтар: слайд, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

ә) Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру;


б) Сабақтың ерекшеліктері және шарттарымен таныстыру


в) «Танысу рәсімі» (есімі- ассоциация).

- Тренингің бірінші бөлімі “Танысу рәсімі” деп аталады. Қазір әрқайсымыз өзіміздің атымызды атап, есіміміздің бірінші әрпінен басталатын ассоциацияны қоса айтуымыз керек. Мысалы: Саяш – сабыр, қандай жағдай болмасын шешімді әрдайым сабырмен қабылдау керек деп ойлаймын...

  1. Өткен сабақта алған білімдерін бекіту.

«Кубизм» бойынша етістікті қайталау:

І топ – зерттеңіз (түрлеріне, қасиеттеріне, қызметіне тоқталу)

ІІ топ- нақтылаңыз (түрлеріне мысалдар келтіру)

ІІІ топ- талқылаңыз (саралаңыз, қарсы шығыңыз)

  1. Жаңа сабақ.

- Қазір тақта берілген сөйлемдердегі етістіктерді анықтап, олардың мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап көрейік..

Интерактивті тақтамен жұмыс

  1. Мен сабақ оқып отырмын.

  2. Мен кешке сабақ оқимын.

  3. Мен кеше сабақ оқығанмын.

- Осы сөйлемдердегі етістіктердің айырмашылықтары неде? (Оқушыларға берілген етістіктердің орындалу шақтарының әртүрлі екендігін анықтату)

- Қазір біз сендермен «мезгіл» сөзінің синонимдерін тауып көрейік.


МDrawObject1 езгіл


сDrawObject2 әт


уDrawObject3 ақыт


мDrawObject4 ерзім


кDrawObject5 ез


шақ

Мұғалімнің сөзі:

  • Бізге етістіктің қимыл, іс- әрекетті білдіретіндігі белгілі. Ал, енді іс- әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болатындығын ойланып көрдіңдер ме? Қимыл не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істелген, не сол сөйлесіп отырған уақытта істелініп жатқан (әлі аяқталмаған), не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелетін амал, іс- әрекет болуы м үмкін. Олай болса, қимылдың орындалуын, белгілі бір мезгілін көрсететін түрі етістіктің шағы деп аталады. Қимыл, іс- әрекеттің орындалу мерзіміне байланысты үш шаққа бөлінеді.


Етістіктің шақтары


Осы шақ

Не істеп отыр?

Оқып отырмын.

Өткен шақ

Не істеді?

Оқығанмын.

Келер шақ

Не істеймін?

Оқимын


  1. Оқулықпен жұмыс

402- жаттығу ( Берілген сөйлемдерді талдай отырып, шақтарын анықтау)

403- жаттығу (Үлгі бойынша ауызша айту)

  1. Бекіту


(берілген сөйлемдер ана тілі оқулығының қай мәтінінен алынғанын анықтап, етістіктердің қай шақта тұрғанын айту).


  1. Қорытындылау.

  2. Сабақты аяқтау

а) Үйге тапсырма беру:

- Ана тілі оқулығынан өткен мәтіндерден етістіктердің үш шағына байланысты сөйлемдерді теріп жазып, қай шақта тұрғандығын анықтап келіңдер.

ә) Бағалау.

7. Шартты белгілер арқылы оқушылардың сабаққа берген өзіндік бағасы.

(Оқушыларға шартты белгілер таратылады, әр оқушы бүгінгі сабақта өздерінің қалай жұмыс істегендеріне баға береді ).

Шартты белгілер:


б) «Қоштасу рәсімі».

- Тренингтің міндетті атрибуттарының бірі “Қоштасу рәсімін” жасайық.. Бәріміз орнымыздан тұрамыз, бір- бірімізге жымиып қараймыз, енді экранға назар аударып, берілген өлең жолдарын бірге айтамыз.

  • Рахмет, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
1044
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12