Тақырып бойынша 11 материал табылды

Етістіктің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақ № 87 Сыныбы:________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы:  Етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін дамыта, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ой белсенділігін арттырып, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қарым – қатынасқа түскен кезде бір – бірімен орынды сөйлеуге, сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой-қозғау.

Көрнекілігі: сызба, қима сандар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық

Анаға да сіз,
Балаға да сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Кезекті сабағымызды бастаймыз. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Үйге қандай тапсырма берілді? Ереже жаттау.
ә) - Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?

- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз. Яғни қимыл - қозғалыссыз өмір сүре ала алмаймыз. Тіптен оны елестету мүмкін де емес шығар. Өздерің ойланып көріңдерші табиғатта ешбір қимыл жоқ! Бұдан біз тек табиғаттың тоқтап қалғанын елестете аламыз. Ендеше балалар мына 354-жаттығудағы суреттерге назар аударыңдар нені көріп тұрсыңдар? Суреттегі барлық заттар қимыл үстінде. Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді? Ал осы қимыл әрекеттерді түсіну үшін бізді етістікті көмекке шақырайық!

Ал менің ережелеріме мұқият назар аударыңдар!
Заттың қимылын іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады. Балалар, табиғаттағы шыққан әрбір дыбыстарға біз сұрақтар қоя аламыз.

355-жаттығуға қарайық. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.

Жазда қыдырады, қыста тынығады.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

356-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерге қойып жаз.

Тоғайда түрлі аңдар жүреді. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда болады. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу түр.
Оңға - оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.

357-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

Көбелек гүлге қонды. Қар жауды. Нұржан отын тасыды. Арман көлге барып жүзді.

358-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, олардың етістік екенін дәлелде.

Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.

IV. Қорытындылау

- Берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар келтір.
Кім? кімдер? не? нелер?
V.Рефлексия:

- Сабақ ұнадыма?

- Несімен ұнады?

- Несімен ұнамады?
VІ.Үйге тапсырма: 359-жаттығу. Білім керек бәріне тақырыбына әңгіме құра.

VІІ.Бағалау.


Тексерілді:__________ М.Б.Алдиярова









Қазақ тілі

Сабақ № 88 Сыныбы:________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы:  Етістіктің сұрақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін дамыта, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ой белсенділігін арттырып, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қарым – қатынасқа түскен кезде бір – бірімен орынды сөйлеуге, сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой-қозғау.

Көрнекілігі: сызба, қима сандар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық

Анаға да сіз,
Балаға да сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Кезекті сабағымызды бастаймыз. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Үйге қандай тапсырма берілді? 359-жаттығу.

Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) - Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?

- Етістік дегеніміз не? Мысал келтір

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар біз өткен сабақта етістікті өттік. Ендеше мына тақтадаға сөздерге назар аударайық.

Ағаш, қайың, секірді, отырды, бала, қыз, жүгірді, бота, жазды, оқушы, қоян, ойнады, байлады, сүртті.

Берілген сөздердің ішінен етістіктерді тап.

- Енді, балалар, барлығымыз ережелерді есімізге түсірек, кітабымыздағы

360- жаттығуды мәнерлеп оқимыз, етістіктерді табамыз.

Алынады, ұнатады, өсіріледі, ашылады.

Бірінші және екінші сөйлемдерді көшіріп жаз.

361-жаттығуға қарайық. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады.

Етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу түр.
Оңға - оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.

362-жаттығу. Оқы. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастыр.

Етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

363-жаттығу. Ұйқасын тап.

Тастан тасқа секіріп,

Жем тереді сауысқан


Айбат шегенр алыстан

Аң патшасы арыстан.

IV. Қорытындылау

- Берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар келтір.
Не істеді? Не қылды? қайтты?
V.Рефлексия:

- Сабақ ұнадыма?

- Несімен ұнады?

- Несімен ұнамады?
VІ.Үйге тапсырма: 364-жаттығу. Арыстан туралы әңгіме құра.

VІІ.Бағалау.


Тексерілді:__________ М.Б.Алдиярова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11