«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«№ 16 «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»
(педагогтармен практикалық жұмыс)
Дайындап, өткізген:
дене шынықтыру жетекшісі
педагог-модератор Жолтай Е.М.
Сәуір-2023ж
Тақырыбы: Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі»
Мақсаты – ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету, салауатты өмір салтына баулу; жастарды алдыңғы ұрпақтың ұлт денсаулығын сақтау бойынша тәжірибесімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Жүргізуші: Ұлттық ойындар – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.Олар – ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-бабаларымыз тойларда, жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған. Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесінің көрінісі де болған.
Қазақтың ұлттық ойындарына кезек берейік
-
Жүргізуші: «Асық ату»
Шарты: Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Сөз жұмбақ
Жылға дер ем
ақпайды
Жылан дер ем шақпайды
(Арқан)
Алты аяқты, төрт
көзді
Екі ауызды, бір
сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген
адам)
Көліксіз өмір
сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер
тоқым)
-
Жүргізуші: «Ақ сандық-көк сандық»
Шарты: Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізушінің белгісі арқылы ойын басталады.
-
Жүргізуші: «Күш сынасу.»
Шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
4. Жүргізуші: «Соқыртеке».
Шарты: Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
Жүргізуші: Би «Қаражорға»
5.
Жүргізуші: «ОҚТАУ
ТАРТЫС»
Шарты:
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады.
Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады,
оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі.
Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске
жетеді.
6. Жүргізуші: «Дауыста, атыңды айтам»
Шарты: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі — «Дауыста, атыңды айтам» ойыны. Бұл ойын жастар кешінде ойналатын ойындардың қызықтыларының бірі. Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады.
7. Жүргізуші: « Бес тас»
«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.
Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға
қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары
серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп
жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып
алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен
кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға
қатынасушылар дөңгелене отырады.
Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен
бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден
бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден
алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші,
төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.
Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір
тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды
екі-екіден жиып алады.
Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін
алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын
тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден
жиып алуы керек......
8. Жүргізуші: «Сақина тастау»
Шарты:Бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.
Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.
Жүргізуші: Әріптестер осымен біздің бүгінгі «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі» аяқталды
Сау болыңыздар!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Этномәдени жоба «Ұлттық спорт ойындарының фестивалі» педагогтарға

шағым қалдыра аласыз