Эволюциялық салыстырмалы - анатомиялық дәлелдемелері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эволюциялық салыстырмалы - анатомиялық дәлелдемелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Эволюциялық салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері туралы түсінік беру.Гомологтық және аналогтық мүшелермен таныстыру және өзіндік рекшелгін таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақарыбы: .§19. Эволюциялық салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері.Гомологтық және аналогтық мүшелер

Мақсаты: Эволюциялық салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері туралы түсінік беру.Гомологтық және аналогтық мүшелермен таныстыру және өзіндік рекшелгін таныстыру

.



Көрнекілігі: Суреттер,Кеппешөптер

Жүрісі: Ұйымдастыру

Өткенге қайталау: мыны сөздерді тиісті орнына орналастыр: Миогиппус, Эогиппус, Парагиппус, Плиогиппус, Фенакодус

  1. 1....... (палеоценде тіршілік еткен) -5 башпайлы, үокендігі түлкідей

  2. 2....... (эоценде тіршілік еткен)- биіктігі 30см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3башпай

  3. 3. ......... (миоценде тіршілік еткен)- ортаңғы башпайы өте жақсы жетілген, 2.4-башпайлары қысқа

  4. 4. ........(миоценде тіршілік еткен) – ортаңғы башпайы жерге тиген, 2,4-башпайлары өте қысқа

  5. 5. ........ (плиоценде тіршіілік еткен )- бір башпайлы, жанама башпайлары жойылған, тек қалдық ретінде сақталған

Қорытындылау

Жаңа ұғымдар:

  1. Эволюциялық салыстырмалы-анатомиялық

  2. Гомологтық мүшелер

  3. Өсімдіктердегі гомологтық мүшелер

  4. Аналогтық мүшелер

  5. Аралық форма (аралық формалар)

1.

Гомологтық мүшелер

Аналогтық мүшелер

Жапырақ гомологиясына сарыағаш (бөріқарақат) , кактус, итмұрын тікенектері асбұршақтың мұртшасы .Сабақ гомологиясына- қырықжапырақ, інжугүл,құртқашаш, бидайықтың тамырсабақтары, катоптың түйнегі, пияздың пиязшығындағы түбіртегі

Көбелектің қанаты мен құстың қанаты.



4 –зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Эволюциялық салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелерінің мысалдарын талдау

Құрал жабдықтар: Кеппешөптер.Түрлі ылғал препараттар,көбелектің,қоңыздың жинақтамалары

Жүрісі: ұйымдастыру

Берілген тапсырмаларды оқулық бойынша орындау

Кесте толтыроу

Өсімдік гомологиясының мысалдары

Жануарлар гомологиясының мысалдары

Өсімдік аналогиясының мысалдары

Жануарлар аналогиясының мысалдары

қорытындылау

7-сұраққа жауап беру

Қорытындылау.Тапсырма § 19.Бағалау

Тақарыбы: .§20. Салыстырмалы-анатомиялық қатарлар

Мақсаты: Салыстырмалы-анатомиялық қатарлар құрудың маңызы мен биогенетикалық заңның ашылуы туралы түсінік беру

Көренкілігі: суреттер.таблицалар

Жүрісі: Ұйымдастыру

Өткенді пысықтау.ауызша жауап беру.

Гомологтық мүшелер

Аналогтық мүшелер

Қорытындылау

Жаңа сабақ:

  1. «Тірі қазбалар» туралы түсінік

  2. Салыстырмалы-анатомиялық қатарлар құру

  3. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологиялық дәлелдемелер

  4. Биогенетикалық заңдылық

  1. «Тірі қазбалар» - (піл, тасбақа, гаттерия) « мұражайы» Аустралия (үйректұмсық, түрпі, түрпітек, қалталылар ) Жаңа Зеландияны (киви және моа алып құстар),Оңтүстік Американы (сауыттылар,қалталылар, жалқау аңдар, құмысқа жегіштер т.б)

  2. Салыстырмалы-анатомиялық қатарлар құру .Осы күнгі тақ тұяқтылар : Тапирден мүйізтұмсыққа, мүйізтұмсықтан жылқыға қараййқатар құрайды.Ылғалды тропиктік орманда тіршілік ететін тапирде башпай саны -4,саванна орманда тріішілік ететін мүйізтұмсық башпайы -3, саванна мен ашық далалы жерлерде ететін жылқылардың башпай саны-1.демек азайғанын көреміз.

  1. Алғашқы аңдарда 27-28°. Ал жоғары сатыдағы сүтқоректілерде 36-37°-қа көтеріледі.

  2. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологиялық дәлелдемелер.Ұрықтарының даму ұқсастығын орыс ғалымы Карл Максимович Бэр анықтады.

  1. 4. Биогенетикалық заңдылықты XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э:Геккель ашты.Бұл заңның қағидасы: әрбір дара өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын қысқаша қайталайды.Жеке даму – тариз дамуын қысқаша қайталау.Академиктер – А.Н.Северцов (1866-1936 жж) пен И.И.Шмальгаузен (1884-1963) онтогенез кезінде ата- тектерінің ересек сатысындағы құрылысы емес, тек ұрықтарына тән белгілері ғана қайталанатынын анықтады.

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Аустралия ,Жаңа Зеландия мен оңтүстік американы неліктен «тірі қазбалардың мұражайы» дейді?

  2. Омыртқалы жануарлар ұрығының ең алғашқы даму сатысының білінетін ортақ белгілерді ата.

  1. Омыртқалылардың ұрық дамуындағы туыстық белгісін көрсететін заңдылықтарды ретімен атап, түсіндіріңдер.

  2. Биогенетикалық заңның негізгі қағидасын айтыңдар.

  1. «Тірі қазба » дегенге түсінік беріп, мысалмен талдап беріңдер

  2. Құрттар класынан ( жалпақ, жұмыр, буылтық құрттарға) салыстырмалы-анатомиялық қатар құрыңдар.

Қорытындылау .Тапсырма §20.Бағалау

Тақарыбы: .§21. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары.Биологиялық прогресс

Мақсаты: Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары.Биологиялық прогресс туралы түсінік беру

Көренкілігі: Суреттер.Таблицалар.Электронды оқулық,Кеппешөптер.Құстардың қаңқасы,бас миының муляжы

Жүрісі: Ұйымдастыру

Өткенді пысықтау.ауызша жауап бер.

  1. Аустралия ,Жаңа Зеландия мен оңтүстік американы неліктен «тірі қазбалардың мұражайы» дейді?

  2. Омыртқалы жануарлар ұрығының ең алғашқы даму сатысының білінетін ортақ белгілерді ата.

  1. Омыртқалылардың ұрық дамуындағы туыстық белгісін көрсететін заңдылықтарды ретімен атап, түсіндіріңдер.

  2. Биогенетикалық заңның негізгі қағидасын айтыңдар.

  1. «Тірі қазба » дегенге түсінік беріп, мысалмен талдап беріңдер

  2. Құрттар класынан ( жалпақ, жұмыр, буылтық құрттарға) салыстырмалы-анатомиялық қатар құрыңдар.

Қорытындылау

Жаңа сабақ:

  1. Биологиялық прогресс

  2. Биологиялық эволюцияның бағыттары

  3. Ароморфоз

  4. Идиоадаптация

  5. Дегенерация

  6. 1. Биологиялық прогресс – эволюцияның негізгі бағыты – қарапйымнан күрделіге қарай даму.Северцов прогресс пен регресс болатынын бөліп көрсетті.Прогресстің негізгі белгілері: жүйелік топтардағы даралар санының артуы; таралу аймағының кеңеюі;тағы да басқа жүйелік топтарға ажырау.организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:прогресстің үш бағыты:1.Ароморфоз (арогенез),Идиоадаптация (Аллогенез),Дегенерация (Катагенез)

  7. 2. Ароморфоз (грекше- көтеру, пішіні) арогенез- организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге эволюциялық өзгеріс.2кестемен жұмыс

  8. Идиоадаптация (грекше –ерекшелігі, латынша- бейімделушілік) аллогенез- биологиялық құрыдым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі.

  9. Дегенерация (катагенез грекше –қарапайымдану, кері кету-эволюцияның үшінші бағыты)



  1. Сөздік пен жұмыс.Биологиялық прогресс,Ароморфоз, Идиоадаптация, Дегенерация

Деңгейлік тапсырмалар

  1. Биологиялық прогресс дегенді қалай түсінесіңдер№

  2. Организмдер эволюциясының басты бағыттары

  1. Биологиялық эволюцияның қай түрі организм топтарының құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтереді?

  2. Ароморфозға мысалдар келтіріңдер?

1.Идиоадаптация дегеніміз не?

2. 32-суреттегі түрлерді жеке-жеке құрылысының күрделенуін талдап бер.

5 зертханалық жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар: Кеппешөптер,Түрлі өсімдік тұқымдарының жинақтамасы,Суреттер,Сызбалар

Жүрісі: Ұйымдастыру

Оқулық бойынша орындалатын тапсырмаларды табылған құралдар арқылы орындап шығу

Қорытындылау

Қорытындылау.тапсырма §21.бағалау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2018
2940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі