Эвристикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық құзіреттілігін дамыту
Чонаева Маншүк Қахарманқызы
КММ «Көгедай орта мектебі»,
Зайсан ауданы,Көгедай ауылы, kogedai.mektep@mail.ru
Аңдатпа
Мақалада оқытудағы әдіс-тәсілдердің қолданылуы қарастырылады. Қазақ тілін оқыту барысында сабақта жан жақты әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді Сондай әдістің түрі эвристикалқ әдіс. Эвристикалық әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды деп айтуға болады.
В статье рассматривается использование методики обучения. При обучении казахскому языку необходимо рационально использовать различные методы на уроках, чтобы ученики могли работать творчески.
Демонстрационные методы позволяют учащимся увидеть и понять материал своими глазами, такой метод является эвристическим. Можно сказать, что эвристический метод повышает мотивацию учеников к уроку, способствует осознанному усвоению объясненного материала.
The article discusses the use of teaching methods. When teaching the Kazakh language, it is necessary to rationally use various methods in the classroom so that students can work creatively.
Demonstration methods allow students to see and understand the material with their own eyes, this method is heuristic. We can say that the heuristic method increases the motivation of students for the lesson, contributes to the conscious assimilation of the explained material.
Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдыларды, құзіреттіліктер мен функционалды сауаттылықтарды қалыптастыруда да жаңа буын оқулықтары үлкен рөл атқар Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады атын болады. Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева[1].
Әдіс дегеніміз – оқу–тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін оқытушымен тыңдаушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданылатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушылардың ақыл–ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. тәсіл материалды түсінуге үлес қосады. Тәсілдер оқыту әдісітерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Қазақ тілінен оқушыларға білім
беруде оқыту әдістері оқу процесінің заңдылықтары мен принциптеріне
сүйенеді. Оларға тиянақты, сапалы білім беру – мұғалімнің оқыту
әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеру арқылы жүзеге
асады.
Әңгіме
әдісі. Әңгімелесу әдісін оқу
материалдарын ауызша баяндауды талап етеді. Әңгіме әдісі жаңа
білімді хабарлайды. Оған мыныдай талаптар
қойылады:
1.Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек.
2.Әңгімеде тек дәлелді және ғылыми тұрғыдан тексерілген фактілер болу керек.
3.Айтылып отырған ой–пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және танымды мысалдардың, фактілердің жеткілікті санының болуы.
4.Әңгіменің нақты жүйесі болу керек.
5.Әңгіме әсерлі болу керек.
6.Әңгіме қарапайым және түсінікті тілмен айтылады.
Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп, оларды жаңа материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген, түсінбегендерін тексереді. Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ – жауап әдісі деп те атайды. Әңгімелесу әдісін сабақтың барлық түрінде қолдана береді. Жаңа сабақта, қайталау сабағында оқушының білімін тексеру, анықтау кезінде қазақша сөйлеуге үйрету үшін, қазақша сөйлеу даңдысын қалыптастыру мақсатында тіл ширату үшін қолданылса да, ол белгілі тақырып төңірегінде болуы тиіс. Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі көрсетіліп жүр: хабарлау әңгімелесу,эвристикалық әңгімелесу,жаңғырту әңгімелесу
Мен өз іс-тәжірбиемде
қолданатын эвристикалық әдіске шолу жасап
өтейін. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы
күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін бола
бермейді.
Білім мазмұнын жаңалау –
бүгінде іске асып отыр. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде
күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы
рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы,
үйренуші ретінде танылады. Жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман
талабына сай дайындау үшін оқушының түйінді (негізгі) құзіреттілін
дамыту –мұғалімнің басты міндеттерінің
бірі.
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – өзіндік қадір – қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Танымдық құзыреттіліктер аясында күтілетін нәтижелер:
· оқушылардың өз бетінше талдау;
· өз қызметіне мақсат қоюға;
· жоспарлау, жинақтау;
· қорытындылау, салыстыра дәлелдеу;
· өзін-өзі бағалау;
· өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білу;
· нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтау.
Оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
· өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
· негізгі мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
· өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
· өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
· өз бетінше алынған ақпаратты таңдай, сараптай, жүйелей білуі;
· түрлі өмірлік жағдайларында тиімді шешім қабылдай білуі;
Оқушы бойындағы негізгі құзыреттіліктерді дамытуда эвристикалық тапсырмалардың рөлі үлкен.
Эвристика (гр. heurіsko – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу үдерісінің жаңа үлгілерін жасау[2].
Эврика - «Мен таптым!» деген қуаныш сезімін білдіретін одағай. Бұл сөзді алғаш рет гидростатикалық заңды ашқанда Архимед айтқан. Қиын шешімдердің кілтін тапқанда айтылады[3].
Эвристикалық білім берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Дәстүрлі оқыту әдісінде дайын материалды сіңіру басты мақсат болса, эвристикалық оқыту әдісінде оқытылатын материал- оқушының білім алу мазмұнының өзіндік шығармашылық туындысы болып табылады. Бұл жағдайда оқушының жеке өзіндік нәтижесі пайда болады, оған: оқушының өзіндік идеясы, мәселесі, болжамы, схемалары, мәтіндері жатуы мүмкін. Әр жағдайда алынған білім нәтижесі болжап біле алмайтын нәтиже болуы мүмкін.
Бұл тұрғыдан алғанда эвристикалық білім беру жаңартылған мазмұндағы білім берумен ұштасып жатыр.
Эвристикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетумен қатар, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эвристикалық тапсырмаларды оқушылардың дарындылығын, шығармашылығын, жемісті білім берудің түрі ретінде кез келген мұғалім қолдана алады.
Эвристикалық әдіс –орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің бірі болуы дұрыс болады. Өйткені бұл тақырыптағы қазақ әдебиеті – оқушылардың осыған дейінгі меңгерген әдеби білімінің кеңейтілген, жоғарылаған, ғасырлар бойғы ата-бабаның мұрат етіп аңсаған арманының жүзеге асырылған кезеңінің бейнесін сомдаған әдебиет.
Эвристикалық әдіс арқылы көркем әдеби шығармаларды танып-талдау барысында оқушылардың сезімдік көркемдік қабылдауы санада терең иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай түседі.
Осы ретте Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын таныстыруда эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік.
«Соңғы парыз» романын ғалымдар идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма деп бағалайды. Бұл дилогияда «Адам-Қоғам-Табиғат» өрістерінің өзара алмасып отыратын керемет байланысы мен қатынасы гармониялық тізбек пен желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін деген мақсатын анықтау үшін мұғалім мынадай проблемалық-эвристикалық сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:
-
Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз?
А) жеке проблема,
Ә) аймақтық проблема,
Б)ұлттық проблема,
В) жалпыадамзаттық проблема.
-
Биосфера проблемасын туғызатындар:
А) табиғат,
Ә) ауа райы,
Б) адам,
В) жел.
-
«Жәдігер» сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап келіңіздер. [4]
Сабақ барысында оқушының танымдық құзіреттілігін дамытуда төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
Ауыл-табиғи газ орналасқан елді мекен. Бүгінгі таңда Көгедай ауылында 200 отбасының үйінде табиғи газ бар.
Сені туған ауылыңның экологиялық жағдайы алаңдатады ма?
Жағдайды түзеудің жолдарын көрсететін бағдарлама құр.
Эвристикалық тапсырмаларды
сабақтың кез-келген кезеңінде пайдалануға болады.Мысалы: Сабақтың
тақырыбын болжап айтуда, тақырыпты анықтауда, сабақты қорыту
кезеңінде немесе үйге тапсырма ретінде беруге болады.
Қорыта айтқанда, оқушылар эвристикалық тапсырмаларды орындау
барысында талдау, жинақтау,салыстыру, топтау, ұқсастық табу,
жалпылау сияқты ой операцияларын жасап, шығармашылықпен білім,
білік, дағдыны меңгереді, бұл оқуда жақсы нәтиже
береді.
Оқушыларды білімді шығармашылық үдеріске қатыстыру арқылы меңгерту, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу тәсілдерін игерту- мектеп оқушысын білікті де білімді тұлғаға айналдыруға көмектеседі.
Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзімен аяқтағым келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.« Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында шешендік сөз өнерін оқушыларға
дәріптеудің тиімді жолдары» // bilimainasy.kz ,12.01.2018 ж
2.«Эвристика» //kk.wikipedia.org
3.«Осы заманның Архимеді мен Ньютоны неге жоқ ?» kazgazeta .kz/news/
4. «12 жылдық білім жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»// Семей
2013 ж ,10-11 бб
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз