Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» 1-сабақ

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» 1-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» 1-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады.

Бағалау критерийлері

  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • тақырыбы мен идеясын ашады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

сюжет пен композиция, серік, сенім, аялау, азап, қайғы-мұң, қате мен жеңістер, қиындау тағдыр

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Құндылықтарға баулу


Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Пәнаралық байланыстар

тарих, өнер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін « Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің мазмұнын оқып келеді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.

ІІ. Қызығушылығын ояту

Берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

«Дейін-кейін» стратегиясы

Оқушылар Фариза Оңғарсынова және оның шығармашылығы туралы не білетінін айтады, «Дейін» бағанын толтырады, бейнематериалды тыңдап «Кейін» бағанын толтырады.

https://www.youtube.com/watch?v=JvUYbY3wWF8&t=34s

Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалды көреді.

Shape1

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сынып оқушылары түгенделеді.

Оқушылар берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушылар Фариза Оңғарсынова және оның шығармашылығы туралы не білетінін айтады, «Дейін» бағанын толтырады, бейнематериалды тыңдап «Кейін» бағанын толтырады.


Қалыптастырушы бағалау






Тамаша жауап!

Жақсы жауап!









9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы





https://www.google.com





Ф. Оңғарсынова шығармалар жинағы

Сабақтың ортасы









Мағынаны тану сатысы

Әдеби-теориялық ұғым

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.


«Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңінің мазмұнымен танысады.


1-тапсырма. «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңін құрылымына талдау жасайды. СКТ

Дескриптор:

  • Шығарманың авторын анықтайды;

  • Тақырыбын анықтайды;

  • Жанр түрі;

  • Шығарманың идеясы;

  • Шумағы, бунағы, тармағы, буын санын анықтайды;

  • Ұйқас түрін анықтайды;

  • Өлеңнің тәрбиелік мәнін ашады.

ҚБ

2-тапсырма

«Күлкімді, жайлы күнімді,

азапты, қайғы-мұңымды

өзіммен бөліскенің үшін,

қатем мен жеңістерім үшін

менің мынау қиындау тағдырым болып

о баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем!» - деген жолдардан ақынның өлеңге көзқарасы қандай екені байқалады ма? деген тапсырма бойынша оқушы жұпта бір-бірімен ой бөліседі.

Дескриптор:

  • Берілген өлең жолдарынан ақынның өлеңге деген көзқарасын анықтайды.

3-тапсырма. Өлеңнің идеясы не? Қай жолдардан көрінеді?

Оқушылар «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді. Пирамиданың шеткі бөліктеріне өлең идеясы көрініс тапқан өлең жолдарын жазады, ортаңғы бөлігіне өлең идеясын анықтап жазады.


Бағалау

Дескриптор:

  • Өлең идеясын ашатын жодарды анықтайды;

  • Осы жолдар арқылы шығарма идеясын анықтайды;

  • Өз көзқарасын танытады.

ҚБ

Бекіту. «Жанрлық трансформация» тәсілі.

Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Жанрлық трансформация» тәсілін қолданып, қорытынды жасау.

Оқушылар әдеби-теориялық ұғымдармен танысады.

«Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңінің мазмұнымен танысады.



«Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңін құрылымына талдау жасайды.

Шығарманың авторын анықтайды;

Тақырыбын анықтайды;

Жанр түрі;

Шығарманың идеясы;

Шумағы, бунағы, тармағы, буын санын анықтайды;

Ұйқас түрін анықтайды;

Өлеңнің тәрбиелік мәнін ашады.




Берілген өлең жолдарынан ақынның өлеңге деген көзқарасын анықтайды.








Оқушылар «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді. Пирамиданың шеткі бөліктеріне өлең идеясы көрініс тапқан өлең жолдарын жазады, ортаңғы бөлігіне өлең идеясын анықтап жазады.






Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Жанрлық трансформация» тәсілін қолданып, қорытынды жасау.
















Қалыптастырушы бағалау






Тамаша жауап!

Жақсы жауап!







Қалыптастырушы бағалау

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!



Қалыптастырушы бағалау


Тамаша жауап!

Жақсы жауап!




Сабақтың соңы


Рефлексия

«Тазалық» ойыны.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)
- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).



Өлең, мен сені аялап өтем...»

Дара күндерімнің,

нала түндерімнің

серігі болғаның үшін,

сенімі болғаның үшін

мен сені аялаймын.


Біреудің пасықтығынан,

біреудің жасып мұңынан,

жүрегім сыздаған кезде,

жаным мұздаған кезде

мен сені саялаймын.


Біреудің күлкісін көріп,

бақыттының түр-түсін көріп,

шаттанып қалған шағымда,

жеткендей арман-сағымға,

қуаныштан дірілдеп денем,

алдыңа күлімдеп келем.


Ажалмен айқасқан сәтте

қыршын жас көз ілгенін көріп,

өткінші сезімдерді көріп,

кешегі "доспын" дегеннің

минутта жерінгенін көріп,

кімнен өшімді аларымды білмей,

кімдерге кінә тағарымды білмей,

алдыңа лапылдап келем,

жарылуға жақындап келем.


Өмірдің өткелдерінен

қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен,

өзіңмен қоштаспадым мен.

Күлкімді, жайлы күнімді,

азапты, қайғы-мұңымды

өзіммен бөліскенің үшін,

қатем мен жеңістерім үшін

менің мынау қиындау тағдырым болып

о баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі