Фабульдік мәтін негіздегі проблемалық дағдыларын қалыптастыру
Формирование умений проблемного высказывания на основе фабульного текста
1 Проблемалық оқытудың
ерекшелігі
1.1 Проблемалық оқыту технологиясы
1.2 Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру
1.3 Проблема арқылы тақырыпты түсіндіру жолынан оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту
2 Фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.1 Проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы фабульдік мәтіннің ролі
2.2 Фабульдік мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастырудың түрлері
2.3 Оқушыларды ағылшын тілінде мәтін негізінде проблемалық сөйлеуге үйрету
3 Іс - тәжірибе кезінде ағылшын тілі сабағында проблемалық сөйлеуге үйрету
3.1 Фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеуге үйретуде қамтылған тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарына талдау
3.2 Қолданылған әдістердің тиімділігін анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Ағылшын тілі - əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Шетел тілін оқытуда қалыптастыратын негізгі дағды - ол сөйлеу дағдысы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шетел тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену – ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі – ел байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүниетаным қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіру мақсатында көптеген шет елдермен берік қарым-қатынас негіздерін қалап, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытудың сапасын көтеру үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру қажет.
Соның бірі – ағылшын тілі сабақтарында фабульдік мәтін бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу. Себебі мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана беру орынды бола бермейді. Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі, оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға тиіс.
Ағылшын тілі сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, сабақта мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздік.
Зерттеу нысаны - фабульдік мәтінмен жұмыс істеу түрлері.
Зерттеу пәні - фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану.
Жұмыстың мақсаты. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдыларын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру әдістемесін жетілдіру. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, проблемалық сөйлеуді дамытуға байланысты талдау жүргізу;
- оқушыларды шет тілінде проблемалық сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін қарастыру;
- ағылшын тілінде оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын фабульдік мәтін негізінде қалыптастыру жолдарын анықтау;
- оқушылардың проблемалық сөйлеу дағдысын жетілдіруде түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың ұтымдылығын іс – тәжірибе жүзінде өткізілген сабақтардың нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жұмыста баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:
- Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері анықталады;
-Фабульдік мәтіндерді ағылшын тілі сабақтарында қолдану үлгісі көрсетілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды фабульдік мәтін негізінде проблемалық сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде әдістер мен технологияны қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады, сонымен қатар ұстаздар семинар сабақтарында, оқушылар курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз