Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

факультативтік сабақ "Тәкаппарлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ыбырайтану" факультативін өткізетіндерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәкаппарлық


Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсарин өмірі, қызметі, шығармаларында қандай мақсатты көздеп жазғанын білу, шығармаларынан ғибадат алу, ұстаздық жолы, өмірі, қызметі жайлы оқып, таныса отырып, рухани жағынан өнегелі, отансүйгіш, елжанды азамат ретінде тәрбиелену.

Сабақтың міндеттері:

  • Ы.Алтынсарин өмірімен, орыс достарына жазған хаттарымен танысу;

  • деректер жинақтау;

  • шығармаларын оқу, жаттау;

  • хрестоматия жайлы білу;

  • Ыбырай мектебінен шыққан білімді, дарындыларды зерттеу;

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды ашады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Пәнаралық байланыстар:

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы оқушылардың қызметі

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

«Паравоз» ойыны.

Мақсаты: ұжымда бір –бірімен жағымды қатынас қалыптастыру, көңіл күйлерін көтеру.

Нұсқау: Балалар бір қатарға тұрып реттік санымен 1,2-ге саналады. Екі топқа бөлініп, бірінші топ қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын екі рет жерге қағады.

Ал екінші топ қолдарын екі рет шапалақтап, оң аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады, шатасқан ойыншы өз өнерін ортаға шығып көрсетеді.


Сергіту сәті


Сабақтың ортасы 20 минут


Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:

  • Еңкей, енкей деп.

Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:

  • Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:

  • Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды; және көзіммен көрдім: басын жоғары көтерген

тәкаппарлардың нешеуінің, әлек болғанын – деп.



Сабақтың соңы

10 минут


«Арал» әдісі

Үлкен парақта эмоционалды «аралдар» бейнеленген карта салынады: қуаныш, мұң, аң-таң, ләззаттану,

жадырау, күту, алаңдау, шабыт, рахат, белгісіздік аралы, т.б. Аралдар картасы тақтаға ілінеді. Оқушылар тақтаның алдына шығып маркермен (фломастермен) оның сабақтан кейін немесе күннің, аптаның соңында эмоциялықсезімдік жағдайын көрсететін кемесін

картаға іледі немесе суреттейді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12