жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Фалес теоремасы 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу |
Мектеп: «Талғар аудандық жеке лицей- интернаты №1» жеке мекемесі |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Избасарова А.Ж |
||||||
|
Класс: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану; 8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану; 8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу; 8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу; |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар білетін болады:
|
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: біледі:
қолдана аладаы:
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология:
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын еркін айта білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу |
||||||
|
Бастапқы білім |
Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар, параллеограммның белгілері, қатынас және пропорция. |
||||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді меңгеру |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 8 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды Фалес теоремасын түсіну үшін, оны дәлелдеуге даяр болуы үшін, олармен үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар, параллеограммның белгілері секілді бұған дейінгі білімдерін қайталап, жаңғыртып алу. «Қосымша 1» бойынша ауызша қайталау жасау. Аталған сұрақтардан кейін оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, «дамудың жақын аймағын» анықтау. |
Қосымша 1 |
|||||
|
Сабақтың ортасы 7мин |
Сыныппен жұмыс. Әңгімелесу Көне грек философы Милеттік Фалес жайлы әңгімелесу. Ғұламаның өмірі мен ғылымдағы үлесі жайында шағын мәлімдеме. Оның ең маңызды еңбектері ол геометриялық теоремаларды ең алғаш болып дәлелдеген. Солардың біреуі геометрияны ары қарай оқудың әрі түсінудің пәрменді құралына айналатын бүгінгі тақырыпта өтетін теорема. Тапсырмаларды орындап, теоремаға келу үшін сұрақтар қою. Келесі тапсырмадан қандай қорытында жасаймыз? Егер үшбұрыштың бір қабырғасының дәл ортасы арқылы оның екінші қабырғасына параллель түзу жүргізетін болса, онда бұл түзу үшбұрыштың үшінші қабырғасының да дәл ортасы арқылы өтеді. Фалес теоремасын айтып, оны оқушылармен бірге дәлелдеу. |
Презентация |
|||||
|
Сабақтың ортасы 12 ин |
Топтық жұмыс. Пропорционал кесінділер жайлы теореманы қорытып шығару. Қысқаша шарттар жазылған сызба жұмыстарын үлестіру. 4 - 6 баладан құралған топтарға бөлу. Тапсырма беру және дәлелденген теорема арқылы жаңа теореманы дәлелдеуге жетелеу. Әр тапсырма бойынша алдын ала сызбалары мен шарттарын даярларлап қою керек. Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді. Оқушыларға ойлануға, ойлауға мүмкіндік жасайды. Оқушылар болжамдарын айтады, теореманы құрастырады. Мұғалім жұмыс нәтижесінің қорытындысына құлақ сап тыңдайды, тексереді. Оқушылар есепті шығарады. Оқушыларға тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру керек. Әр топ өздерінің жұстарын қорғайтын топ мүшесін сайлайды. Сол оқушы тапсырманың шығарылуын барлық сынып оқушыларына көрсетеді. Топтың басшысы топ мүшелерінің қосқан үлестер мен еңбектеріне тоқталып, әрбір топ мүшесіне баға береді. |
. Қосымша 2
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин |
Жұппен жұмыс. Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді. Оқушылар өздерінің болжамдары мен қорытындыларын айтады. Оқушылар өздерінің жұптарымен жұмыс жасап, олардың жұмыстарын бағалайды. |
Қосымша 3 |
|||||
|
Сабақ соңы 3 мин |
Рефлексия Не білемін ... Мен бүгін ... білдім. Не істей аламын... Үйрендім… Мен енді … істей аламын. Мен … түсіндім. Үй тапсырмасы. Торемалар мен олардың дәлелдеуін білу. |
|
|||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Тапсырмаларды орындауларын дерліктей тексеріп, әр есептің толық шыққандығын қадағалау. Оқушыдан тапстырманы топқа түсіндіруін талап ету. |
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс Интерактивті тақтаны қолдану |
|||||
|
Топқа бөлген кезде оқушыларды әр деңгейлі топтарға бөлуді ұйымдастыру, яғни бір топта не жұпта бір бірінен ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларды отырғызған абзал. |
Практикалық және топтық жұмыстары орындауына байланысты оқушылар өздерін өздері және бірін бірі бағалайды. |
Құндылықтар: Өзгенің еңбегін бағалауға, өзіне баға беруге үйрету.; Тапсырмаларды толық әрі жүйелі орындауға дағдыландыру. |
|||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген