400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білетін болады:

  • Фалес теоремасын;

  • пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын;

  • есептер шығару кезінде теореманы қолдануды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • Фалес теоремасын;

  • пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын;

қолдана аладаы:

  • дәлеледеу кезінде үшбұрыштардың теңдігін;

  • параллеограммның белгілерін;

  • есептер шығаруда теоремаларды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • дәллдеу жұмыстарын толықтай негіздей алады;

  • әрбір орындаған тапсырмасын жүйелі әрі ғылыми тілде көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология:

  • параллель, қабырғалардың теңдігі;

  • төртбұрыш, параллелограмм;

  • қарсы, іргелес қабырғалар;

  • параллклограмм белгілері.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын еркін айта білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар, параллеограммның белгілері, қатынас және пропорция.

Сабақтың түрі

Өткен тақырыпты бекіту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Топтық жұмыс.

Бүгін, өткендегі өткен Фалес теоремасына және пропорционал кесінділер туралы теоремаға есептер шығарамыз. Ол үшін ең алдымен үйге берілген теоремаларды еске түсіріп алайық. Декек үш топтан үш оқушы бір сәтте үш тақтаға шығып, дәлелдеуі керек.

  1. Фалес теоремасы қалай тұжырымдалады? Дәлелдеуі.

  2. Пропорционал кесінділер туралы теорема (Фалестің жалпыланған теоремасы)? Дәлелдеуі.

  3. Үшбұрыш биссектрисасының қасиеті? Дәлелдеуі.

Жауаптарын слайдтан көрсетіп, бірден есеп шығаруға көшу.

Аталған сұрақтардан кейін оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, «дамудың жақын аймағын» анықтау.

Слайд №1-3




Сабақтың ортасы

15 мин





Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ өзінің жұбынан түсінбеген сұрақтарын сұрап, ол жайлы талқылай алады. Егер тіпті түсінуге қиын болып жатса, оқушылардың бірін бірі оқыту әдісін қолдануға болады. Демек, топпен жұмыс жасап, оны өзге топқа немесе түсінбеген оқушыға түсіндіреді.

Бірігіп қорытынды жасайды.

Қосымша 1


Сабақтың ортасы

15 мин

Жекелеме жұмыс. (Формативті бағалау)

Оқушыларға тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру керек. Мұғалім жұмыс нәтижесінің қорытындысына құлақ сап тыңдайды, тексереді. Оқушылар есепті шығарады.

Мұғалім тексеріп бағалайды.



Қосымша 2

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия

Не білемін ... Мен бүгін ... білдім.

Не істей аламын... Үйрендім…

Мен енді … істей аламын. Мен … түсіндім.

Үй тапсырмасы. Торемалар мен олардың дәлелдеуін білу.


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Тапсырмаларды орындауларын дерліктей тексеріп, әр есептің толық шыққандығын қадағалау. Оқушыдан тапстырманы топқа түсіндіруін талап ету.

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Интерактивті тақтаны қолдану

Топқа бөлген кезде оқушыларды әр деңгейлі топтарға бөлуді ұйымдастыру, яғни бір топта не жұпта бір бірінен ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларды отырғызған абзал.

Практикалық және топтық жұмыстары орындауына байланысты оқушылар өздерін өздері және бірін бірі бағалайды.


Құндылықтар:

Өзгенің еңббегін бағалауға, өзіне баға беруге үйреету.;

Тапсырмаларды толық әрі жүйелі орындауға дағдыландыру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.04.2019
1026
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі