400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: «Тұрмыс-1» ЖОМ

Күні: 02.10.2018ж

Мұғалімніңаты-жөні: Болтай Нұрдаулет

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу;

Сабақ мақсаттары

Оқушыларбілетінболады:

  • Фалес теоремасын;

  • пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын;

  • есептер шығару кезінде теореманы қолдануды.

  • Оқушылар Фалес теоремасын параллель түзулер мен қиюшының, үшбұрыштар теңдігінің белгілері мен параллелограмның қасиеттері арқылы дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • Фалес теоремасын;

  • пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын

  • кесінділерді тең бөліктерге бөле алады;

қолдана аладаы:

  • дәлеледеу кезінде үшбұрыштардың теңдігін;

  • параллеограммның белгілерін;

  • есептер шығаруда теоремаларды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

  • параллель, қабырғалардың теңдігі;

  • төртбұрыш, параллелограмм;

  • қарсы, іргелес қабырғалар;

  • параллклограмм белгілері.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардыоқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өзойларынеркінайтабілуге, өзінесенімділіккетәрбиелеу

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар,параллеограммның белгілері, қатынас және пропорция.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин


Ұйымдастыру кезеңі.Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды Фалес теоремасын түсіну үшін, оны дәлелдеуге даяр болуы үшін, олармен үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар,параллеограммның белгілері секілді бұған дейінгі білімдерін қайталап, жаңғыртып алу. «Қосымша 1» бойынша ауызша қайталау жасау.


Аталған сұрақтардан кейін оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, «дамудың жақын аймағын» анықтау.


Қосымша 1



Сабақтың ортасы

7мин





Сыныппен жұмыс. Әңгімелесу

Көне грек философы Милеттік Фалес жайлы әңгімелесу. Ғұламаның өмірі мен ғылымдағы үлесі жайында шағын мәлімдеме.

Оның ең маңызды еңбектері ол геометриялық теоремаларды ең алғаш болып дәлелдеген. Солардың біреуі геометрияны ары қарай оқудың әрі түсінудің пәрменді құралына айналатын бүгінгі тақырыпта өтетін теорема. Тапсырмаларды орындап, теоремаға келу үшін сұрақтар қою.

Келесі тапсырмадан қандай қорытында жасаймыз?

Егер үшбұрыштың бір қабырғасының дәл ортасы арқылы оның екінші қабырғасына параллель түзу жүргізетін болса, онда бұл түзу үшбұрыштың үшінші қабырғасының да дәл ортасы арқылы өтеді.

Фалес теоремасын айтып, оны оқушылармен бірге дәлелдеу.

Презентация


Сабақтың ортасы

12 ин

Топтық жұмыс.

Пропорционал кесінділер жайлы теореманы қорытып шығару.

Қысқаша шарттар жазылған сызба жұмыстарын үлестіру.

4 - 6 баладан құралған топтарға бөлу. Тапсырма беру және дәлелденген теорема арқылы жаңа теореманы дәлелдеуге жетелеу.

Әр тапсырма бойынша алдын ала сызбалары мен шарттарын даярларлап қою керек.

Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді.

Оқушыларға ойлануға, ойлауға мүмкіндік жасайды.

Оқушылар болжамдарын айтады, теореманы құрастырады.

Мұғалім жұмыс нәтижесінің қорытындысына құлақ сап тыңдайды, тексереді. Оқушылар есепті шығарады.

Оқушыларға тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру керек.

.Қосымша 2








Сабақтың ортасы

10 мин

Жұппен жұмыс.

Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді.

Оқушылар өздерінің болжамдары мен қорытындыларын айтады.

Оқушылар өздерінің жұптарымен жұмыс жасап, олардың жұмыстарын бағалайды.



Қосымша 3

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия

Үй тапсырмасы. Торемалар мен олардың дәлелдеуін білу.


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Тапсырмаларды орындауларын дерліктей тексеріп, әр есептің толық шыққандығын қадағалау. Оқушыдан тапстырманы топқа түсіндіруін талап ету.

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Интерактивті тақтаны қолдану

Топқа бөлген кезде оқушыларды әр деңгейлі топтарға бөлуді ұйымдастыру, яғни бір топта не жұпта бір бірінен ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларды отырғызған абзал.

Практикалық және топтық жұмыстары орындауына байланысты оқушылар өздерін өздері және бірін бірі бағалайды.


Құндылықтар:

Өзгенің еңбегін бағалауға, өзіне баға беруге үйрету.;

Тапсырмаларды толық әрі жүйелі орындауға дағдыландыру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
3637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі