жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың өр руxты өлеңдері"
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
Тараз қаласы
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Оралбаева А.С.
«Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы
Тобы: 1ОП-19-3
М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова өмірі, шығармашылығы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова
өмірі, шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
білімділік – екі ақын өмірінен мәліметтер бере отырып, олардың поэзиясының өміршеңдігін таныту, шығармаларындағы ортақ тақырып пен идея үндестігін ашып көрсету.
дамытушылық – білімгерлердің сөйлеу тілін дамыту, ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойларын дамыта отыра, өз пікірін қорғай білетін жеке тұлғаны дамыта отырып қалыптастыру.
тәрбиелік – шығармаларынан білімгерлер бойына танымдық, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, слайдтар, екі ақын портреттері, кесте сызбалар, газет-журнал материалдары, үн таспа.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: зерттеу, талдау, Венн диаграммасы, сұрақ-
жауап, кестелер
Пән аралық байланыс: тарих, музыка
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ әдебиеті оқулығы 11-сынып 2007 Алматы (233-254)
2. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы 11-сынып 2007 Алматы (257-271).
3.Фариза Оңғарсынованың шығармалар жинағы. 2003 Алматы.
4.Мұқағали Мақатаев шығармаларының төрт томдық толық жинағы Алматы «Жалын баспасы» 2001.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: .
3 мин
а) Сәлемдесіп, түгендеу.
ә) Оқу дәрісханасының тазалығын, оқу құралдарын тексеру.
б) Назарларын сабаққа аудару.
II. Өткен тақырыпты қайталау: 15 мин.
Тақырыбы: Поэзия. Жаңа дәуір ақындарының шығармалары. Қ.Аманжолов,
Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы.
1.а) Қасым Аманжолов өмірі туралы не білесіздер?
ә) Қасым Аманжоловтың қандай поэмаларын білесіздер?
б) Жұбан Молдағалиев өмірі туралы не білесіздер?
в) Жұбан Молдалиевтің қандай поэмаларын білесіздер?
2. Тест тапсырмалары.
III. Жаңа тақырыпты баяндау: 54 мин.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд).
а) М.Мақатаевтың өмірбаяны (өзіндік жұмыс)
ә) Мұқағали шығармашылығы
б) Ф.Оңғарсынова өмірбаяны (өзіндік жұмыс)
в) Фариза шығармашылығы
IV. Жаңа сабақты бекіту . 20 мин.
1. Венн диаграммасы(Мұқағали мен Фаризаның ортақ қасиеттері )
2.. Топтастыру стратегиясы арқылы топтық жұмыс жүргізу
а) Мұқағали мен Фариза өлеңдерінің ерекшелігі.
ә) Мұқағали мен Фаризаның сөздеріне жазылған әндер.
б) Мұқағали мен Фариза өлеңдерінің негізгі тақырыптары.
V. Қорытындылау, бағалау 2 мин.
VI. Үй тапсырмасы: 2 мин.
Туған жер туралы жазылған өлеңдерін жаттап келу.
Жаңа сабақты баяндау
1. Сергіту сәті. Жаңа тақырыпты өтпес бұрын үн таспадан М.Мақатаевтың сөзіне жазылған, Ә Тінәлиевтің әніне жазылған, М.Жүнісованың орындауындағы «Фариза» әнін тыңдата отыра
Қай ақынның сөзіне жазылған ән?
Өлеңнің әнін жазған кім?
Кімге арналған деп ойлайсыңдар?
Ақындық дегенді қалай түсінесіңдер? - деген сұрақтар қоя отырып, білімгерлерге ой тастау.
Сонымен бүгінгі сабағымыз: «Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болса мен саған мұң шағамын», - деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали мен поэзия падишасы Фариза өмірі мен шығармашылығына арналады.
2. Ой толғау. Нені білдік?
Бір білімгер Мұқағали өмірінен мәлімет береді.
Екінші білімгер Мұқағали өлеңін оқиды.
Мұғалім: Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр тиеді» деп Мұқағали деп еркелетіп атап кеткен. Жалпы Мұқағали тірі кезінде атақ пен даңққа қызықпаған, таласпаған ақын. Керісінше атақ пен даңқ Мұқағалиды өлген соң өзі іздеп тапты. Оған бірден-бір дәлел 1976 жылы жазып тастап кеткен соңғы шығармасына ғасыр тоғысында «Ғасыр ақыны» атағының берілуі.Ал тіршілігінде атақ, даңқ үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады. Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт өткен сайын тұлғалана бастайды, уақыт өткен сайын биіктеніп барады.
Мұғалім: Мұқағали өр мінезділігі жайында естелік...
Мұғалім: Мұқағали жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өміден безініп, өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді, ал кез-келген адам ақын жанын түсіне бермейді.
«Ақынды ақын оятпаса болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы», - деп қиналған сәтінде өзінің тілін, жанын ұғатын ақынды іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.
Бір білімгер Фариза өмірінен мәлімет береді.
Екінші білімгер Фариза өлеңін оқиды
Мұғалім: Фаризаның Мұқағалимен ең алғаш кездесуі туралы естелік:
Бірде Сағи ағамыз:
- Фаризаның өлеңдері тым анайы, сезімін тым ашық айтады, ал бұл шығыс әйелдеріне жат қылық.
Мұқағали
- Әй, Қадыр! Сағи! Мына қыз ( бұрышта адамдардың арасына түскен тағы мысықтай бүрісіп отырған мені сұқ саусағымен шұқшия нұсқады) күні ертең сендерді ұрып кетеді.(шамасы «жер соқтырады» деп тұрғаны-ау деп ұқтым). Бетің құрсын, кәпір!- дегені. Сөйтті де:
- Әуелі осы қыздай өлең жазып алыңдар!-деп есікті тарс жауып шығып кетті. Не жыларымды, не күлерімді білмей, бетің құрсын дегені несі деп аласапыран ойлармен мен отырмын.
Сонда Ақұштап:
Сен көңіліңе алма. Оның жақсы көргені солай, «Сүйген құлын шұнағым дейдінің» кері ғой,-деп сыбырлады.
Мұғалім: Фариза ақынның тағы бір қыры...
Ұлылар үндестігі (слайд)
3. Ой шақыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
а) Мұқағали мен Фариза өлеңдеріндегі ортақ үндестікті кесте арқылы көрсету.
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
1. Топтастыру стратегиясы арқылы сұрақтар беріліп топпен орындалады, нәтижесі оқылады.
I топ – Мұқағали мен Фариза өлеңдерінің ерекшелігі?
II топ - Мұқағали мен Фаризаның сөздеріне жазылған әндер?
III топ – Мұқағали мен Фариза өлеңдерінің негізгі тақырыптары?
2. Венн диаграммасы.
Мұқағали мен Фариза туралы білетіндерін санамалап ортақ қасиеттерін жазады (туған жері, жылы, атағы, шығармалары толық жазылады).
IV. Ой қорыту. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Сонымен, біздің байқағанымыздай Мұқағали мен Фариза шығармаларында рухани үндестік байқалады. Екеуі де жаңаның жаршысы – келешек ұрпаққа рухани азық.
«Күнді уақыт итеріп, көкжиектен асырса» көрікті. деп ұлы Абай айтқандай, жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали мен Фариза ақынның бейнесі тұлғалана биіктей түседі. Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали мен Фариза бейнесі жанға жақын жырларымен сүйікті өлеңдерімен көрікті.
Ұлылар үндестігі
үндестік |
Мұқағали |
Фариза |
Отан, туған жер |
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдыретті үнін сүйем. «Отан туралы», «Туған жерім», «Үш бақытым», «Шибұтта», «Отаным» |
Жүрек, сенсің Отаным, қоғамым да, Мейлің күлдір, күрсіндір,ора мұңға – Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін, Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да. «О, туған жер», «Туған ауыл», «Қызылорда» т.б |
Махаб-бат |
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтігентүнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? «Ғашықпын», «Махаббат диалогы», «Сен қайтесің», «Екі хат» т.б |
Екеу-ақпыз. Отырмызтіл қатыспайСенКүншығыс,мен бейнеКүнбатыстай. Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек, Жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай. «Мен тағы да ғашықпын», «мен сені қызғанамын», «сен келмегенде», «сыр» т.б |
Әйел-ана |
Арулар – асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар! Арулар – асыл жандар «Шеше, сен бақыттысың», «Әйелдер-ай», «Лашынға», «Шолпан» т.б
|
Қайран бабам өтіпті шер күдіктің емін іздеп баладан жаны жалын. Білсе еді ғой ел қорғар ер жігіттің Сол аруға күні ертең табынарын! «Әйелдің монологы», «Әйел тілегі», «Жаулықтар», |
Достық |
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген – адамның көрігі екен, Достық деген адалдың серігі екен. «Досыма», «Досыма хат!», «Досым саған сенемін» т.б |
Бағың жүріп тұрғанда бәрі жақын, Досң да көп іздейтін, сағынатын, Арыңды арлап, сөзіңді сөйлер сенің Жүргеніңде жоламай жаныңа түн. «Дос іздеп келем, жарқыным , «Ортасында достардың», «Достары ортам» т.б |
Табиғат-ты тану |
Сап-сары жапырақтар... Сап-сары жапырақтар... Саудырап құлап жатыр атырапқа. Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап-сары жапырақтар жоғалуда. Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың, Жасыл бақ тоналуда, тоналуда. «Айхай, көктем», «Апай, күз, тырналар», «Ей, Табиғат!», «Түнгі табиғат» т.б |
Толқындар бұрқанады, Бірін-бірі тепкілеп, шалып жығып, Бұралардай тістескен санын жұлып, Бейкүнәсіп қараған дүниенің Алдамшы жат қылығын – бәрін де ұғып, Жібергісі келгендей бағындырып. «Таң сұлу», «Бұлақтар», «Қоңырқай», «Жаз» т.б
|
Тарихи тұлғалар-ға арнау |
«Мұзбалақ»(Б.Момышұлына), «Фаризаға», «Райымбек! Райымбек!», «Ғабаңа» (Ғ.Мүсіреповке). |
«Назқоңыр»(Р.Бағлановаға), «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» (Әлия мен Мәншүкке), «Жыр анасы» (М.Хакімжановаға), «Алмас қылыш» (М.Өтемісұлына) т.б |
V. Жаңа сабақты бекіту
Венн диаграммасы
Мұқағали мен Фариза туралы білетіндерін санамалап, ортақ қасиеттері толық жазылады
(туған жері, жылы, атағы, шығармалары)
Мұқағали
Фариза
Ақын, сүйікті,
белгілі, атақты.
Топтастыру стратегиясы арқылы
топтық жұмыс
Фариза мен Мұқағали
өлеңдерінің ерекшелікі
V. Қорытындылау, бағалау 2 мин.
VI. Үй тапсырмасы: 2 мин.
Туған жер туралы жазылған өлеңдерін жаттап келу.
Тест тапсырмалары
1. Қ.Аманжолов өмір сүрген жылдар
А) 1911-1955
В) 1910-1950
С) 1915-1970
Д) 1920-1960
Е)1919-1975
2. Ж. Молдағалиевтің тұңғыш жыр жинағы
А) «Жеңіс жырлары»
В) «Батыр туралы баллада»
С) «Солдат сыры»
Д) «Туған елге»
Е) «Жер-ана»
3. Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы
А) «Бикеш»
В) «Ақын өлімі туралы аңыз»
С) «Құпия қыз»
Д) «Қоштасу»
Е) «Өмір сыры»
4. «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген » поэмасының авторы
А) Қасым
В) Жұбан
С) Тұманбай
Д) Фариза
Е) Сырбай
5. Қасым ақынның атақты поэмасы
А) «Өмір сыры»
В) «Қоштасу»
С) «Ақын өлімі туралы аңыз»
Д) «Құпия қыз»
Е) «Бикеш»
6. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы Қасымның замандас ақыны
А) Абдолла Жұмағалиев
В) Сәкен Сейфуллин
С) Олжабай
Д) Қ.Мырзалиев
Е) Әбубәкір
7. Жұбан «Қыран дала» поэмасы үшін
А) Ғасыр ақыны атағын иеленді
В) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді
С) Қ.Р- ның Халық жазушысы
Д) Қазақ КССР Мемлекеттік сыйлығы
Е) Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты
8. Қасымның орыс тілінде жарық көрген шығармасы
А) «Гроза»
В) «Стихи»
С) «Песни»
Д) «Я люблю»
Е) «Мертвые души»
9. Аспапта шебер ойнайтын, актерлік шеберлігі жетілген ақын
А) Қ.Аманжолов
В) М.Мақатаев
С) Ж.Молдағалиев
Д) Т.Молдағалиев
Е) Қ.Мырзалиев
10. Ұлы күйші Құрманғазыға арнаған Жұбанның поэмасы
А) «Адай»
В) «Хафиз»
С) «Кісен ашқан»
Д) «Көбік шашар»
Е) «Бозінген»
М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова өмірі, шығармашылығы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген