400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Фариза Оңғарсынова "Өлең, мен сені аялап өтем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Фариза Оңғарсынова "Өлең, мен сені аялап өтем" шығармасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін__________

Бөлім:

3-бөлім: Адам жанының құпиясы

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Муканова Гаухар Жолдаскалиевна Мектеп: Еркінқала орта мектебі

Күні:

05.03.2024

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Фариза Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

Сабақтың мақсаты:

  • әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут





Сабақтың ортасы

10 минут










10 минут










15 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөліп, өткен сабақты пысықтау.

Фариза Оңғарсынова туралы білетіндерін сұрау.


Жаңа сабақ

Фариза Оңғарсынованың өмірбаяны туралы ақпарат беріледі.

1-тапсырма

ЖЖ

«Тұлғаны таны» әдісі

Қағаздан жасалған веерде қойылған сұрақтарға жауап береді?

  • Фариза Оңғарсынова кім?

  • Қайда өмірге келген?

  • Қайда білім алған?

  • Қашан еңбекке араласты?

  • Не үшін Ильза Чертнергеске өз өлеңдерін аударуға қарсы болды?

  • Қандай өлең жинақтары бар?

  • Қандай аудармалары мен прозалары бар?


Өлеңнің мазмұнымен танысу

2-тапсырма

«6 Неліктен?» сұрағы арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.

1. Неліктен ақын өлеңді аялайды?

2. Неліктен ақын өлеңнен сая табады?

3. Ақын неліктен күлімдейді?

4. Ақын неліктен ашуланады?

5. Ақын неліктен өлеңмен қоштаспады?

6. Неліктен ақын өлеңді қиын тағдырына балайды?


3-тапсырма

Ж

«Сезім аралдары» әдісі

Ақынның жай-күйін, эмоциясын көрсететін үзінділерді аралдарға орналастырып, өлеңнің ақын үшін маңызын талдап жазу.

Рисунок 1


Үзінді

1-үзінді

...жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.

2-үзінді

...шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.

3-үзінді

...кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.

4-үзінді

... Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!

Кері байланыс

«Сезім аралдары»


Фариза Оңғарсынова туралы бұрыннан білетіндерін айтады.



Ақынның өмірбаяны туралы ақпаратты оқып, веерде қойылған сұрақтарға жауап береді. Осы сұрақтар арқылы оқушылар ақынның өмірбаянын біледі.




Өлеңнің мазмұнымен танысады.


«6 Неліктен?» сұрақтарын талқылау арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.








«Сезім аралдары» әдісі арқылы шығармадағы психологизмді анықтайды.

Ақынның жай-күйін, эмоциясын көрсететін үзінділерді аралға орналастырады.

Үзіндіден өлеңнен ақын үшін маңызын талдап жазады.









Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!


ҚБ Ауызша

(ақынның жай-күйін анықтадыңыздар, ақынның жан-күйін сезіне білдіңіздер,

өлеңнің ақын өміріндегі орны зор екен түсіндіңіздер, толықтырыңыз, өлеңді қайталап оқыңыздар, т.б.)



Бағалау бетшесі:

Дескриптор:

Ақынның эмоциясын анықтай алады:

  • 1-үзінді – 1 балл;

  • 2-үзінді – 1 балл;

  • 3-үзінді – 1 балл;

  • 4-үзінді – 1 балл;

Өлеңнің маңызын анықтап жазады

  • 1-үзінді – 1 балл;

  • 2-үзінді – 1 балл;

  • 3-үзінді – 1 балл;

  • 4-үзінді – 1 балл;

Ақынның эмоциясын, жай-күйін талдайды 1 –балл;

Ойын жүйелі жеткізеді – 1 балл.





https://adebiportal.kz/kz/authors/view/4150










«Қазақ әдебиеті» оқулығы 9-сынып








«Сезім аралдары» парақшасы, өлең үзінділері.

















Сабақтың соңы

5 минут

«ПОПС» формуласы арқылы өлеңнің не туралы екенін талдап айтыңыз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Кері байланыс

«Түсіну шыңы» әдісі бойынша әр оқушы

- сабақтан не алғаны туралы 3 сөйлем жазады;

- әр сөйлемнен бір-бір тірек сөз алады;

- үш тірек сөзді біріктіріп сөйлем құрайды.

Өлеңнен не түсінгенін «ПОПС» формуласы арқылы талдап айтады.





Кері байланыс парағын толтырады

Ауызша мадақтау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.06.2024
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі