Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Фенол мен спирттердің реакциялық қабілеті» және «Word програмасының негізгі элементтері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бинарлы ашық тәжірбиелік сабақ. Колледж оқытушыларына сабақ беру үлгісі. Сабақтың өтілу түрі (формасы): Жаңа технологиялық оқыту әдісі, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, жеке жұмыс.Оқыту әдісі: Репродуктивті әдіс. Ассоциация әдісі. Блум таксономиясы. Сын тұрғысын ойлауды дамыту технологиясы, ассоциограмма, АКТ, слайд-презентация арқылы көрсету, диалогтық оқыту әдістерін пайдалану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арқалық медицина колледжі» МКҚК




ТӘК отырысында қаралды «Бекітемін»

Хаттама № _________ директордың оқу ісі

«___» ___________2017ж. жөніндегі орынбасары

Төрайымы __________Сейтмаганбетова Г.А ________Жандилдина Р.К.


Picture 1







БИНАРЛЫ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУЫ.







Пән: «Химия» және «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар»

Тақырыбы: «Фенол мен спирттердің реакциялық қабілеті» және «Word программасының негізгі элементтері.»

Мамандығы: «Емдеу ісі»

Топ: 12 Фкб

Курс: І

Семестр: II

Құрастырған: Сейтмаганбетова Г.А., Искакова Ж.М.


















2017-2018 оқу жылы

Сабақтың жоспары (тәжірибе)


Пәні: «Химия» және «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар»

Күні: 6.02.18

Мамандығы: «Емдеу ісі»

Тобы: 12 Фкб

Сабақтың тақырыбы: «Фенол мен спирттердің реакциялық қабілеті» және «Word програмасының негізгі элементтері»

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың өтілу түрі (формасы): Жаңа технологиялық оқыту әдісі, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Оқыту әдісі: Репродуктивті әдіс. Ассоциация әдісі. Блум таксономиясы. Сын тұрғысын ойлауды дамыту технологиясы, ассоциограмма, АКТ, слайд-презентация арқылы көрсету, диалогтық оқыту әдістерін пайдалану.

Сабақтың мақсаты: Фенол мен спирттердің реакциялық қабілетін салыстыра отырып түсінік беру, халықаралық, тривиалдық атаулар жүйесімен атаудың негіздерін қарастыру. Гидроксил тобының құрылысына талдау жасай отырып, химиялық қасиеттерін болжай білуге дағдыландыру және есептер шығару арқылы шеберліктерін шыңдау. Word програмасының негізгі элементтері теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

1.Білімділік: Фенол мен спирттердің реакциялық қабілеті жалпы сипаттамасы, жіктелуі, түрлері, алыну жолдары  мен  қасиеттері, сақтау, қолдануы және тұздары жайлы түсініктерін кеңейту, пәнаралық негізде ерекшеліктерін білуі, мәнін түсінуі, білімдерін жүйелеуі. Оқушыларды WORD – тың графикалық мүмкіндіктері пайдалануға үйрету, ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

2.Дағды машығын ұйымдастыру: Фенол мен спирттердің реакциялық қабілеті туралы білімдерін  тереңдету, Word програмасы бойынша тәжірбиелік жұмыстарды жасату,  логикалық  ойлау  қабілеті  мен есептеу дағдыларын  жетілдіру, өзара байланысын  ашуы, өз бетінше еңбектенуі, белсенділігін  арттыру, пәнге  қызығушылығын ояту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, білімге талпыну, іздену, жауапкершілік  қабілеттерін  тереңдету, білімді  жүйелі  қолдануға, компьютерлік сауатылыққа үйрету, өмірмен  байланысын  ұғынуға тәрбиелеу.

Мамандығына қойылатын талаптар:

1.Не білу керек: Фенол мен спирттердің құрылысын, сипаттамасын, қасиеттерін, алынуын және қолданылуын білу, мәтінмен жұмысты: пішімдеу құралы, кесте құру оны пішімдеу,

стандартты құралын, мәзір жолағын,күй жолын.

2. Не жасай білу керек: Фенол мен спирттерге байланысты есептер шығару, берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алу. Word мәтіндік редакторын жүктеу, жұмыс жасау және жұмысын аяқтау;

Күтілетін қорытынды:

- Өткен тақырыптар бойынша жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау барысында білімдерін пайдалана алу іскерліктерін;

- шығармашылық қабілеттерін;

- қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру;

- өзіндік тапсырмалар бойынша дұрыс қорытынды жасайды;

- белсенді жұмыс істеу іскерліктерін көрсетеді.

Пәнаралық байланыс: Химия, информатика, қазақ тілі, латын тілі, ағылшын тілі,медицина.

Сабақтың жабдықталуы:

ТОҚ: Бейне суреттер, слайдтар, ұйымдастыру техникасы \интерактивті тақта, ноутбук\.

Үйлестіріліп берілетін материалдар: Тестілер, ситуациялық есептер, қосымшалар.

Әдебиеттер: Негізгі:

Н.А.Тюравкина,Ю.И.Бауков. «Биорганикалық химия»,

Ермеков Н.,Стифутина Н. «Информатика», Е.Балафанов,Б.Бурибаев «Информатикадан 30 сабақ»

Қосымша: 1. Глинка. «Органическая химия».

2. Курмашева К.К. «Химия в таблицах и схемах». Москва «Лист Нью» 2004.

3. Ә. Темірболатова Н. Нұрахметов Р. Жұмаділова «Химия» - 11 сынып. 

4. Руководство для учителя. Второй (основной) уровень стр. 146

pedsovet.org/component/option,com_mtree/task.../link.../Itemid,550/

portfolioteka.ru/UPLOAD/2011/04/27/ped_sist_1_interval_11.doc vkjournal.ru/doc/1297184

5. Лобанова Л.И. Ситуационные задачи на уроках химии как пример формировании ключевых компетентностей учащихся/ rudocs.exdat.comdocs2/index-579437.html

6. Кендиван О. Д.-С. Практико-ориентированные задания в обучении химии.// Химия в школе. – 2009. – №8 – с.43-47.

7. Конарев Б.Н. Любознательным о химии. Органическая химия. – М.,1982.

nsportal.ru/shkola/.../02/.../praktiko-orientirovannye-zadaniya-po-khimii

festival.1september.ru/articles/567780/

8. Денисова А. В. Применение модели "Таксономия Блюма" в оценке эффективности обучения.- Управление персоналом, 2005,№ 12.

9. С.Симонович,Г.Евсеев «Занимательный компьютер»


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

І кезең «Ұйымдастыру»:

1.Ұйымдастыру кезеңі:


- аудиториямен амандасу, түгендеу;

- сабаққа әзірлікті қадағалау;

- студенттерді жұпқа бөлу.

2 топқа бөлу /кеспе қағаздар пайдалана отырып топқа бөлу/. / 1топ - Word, 2 топ- Спирт /

2 мин

2.Үй тапсырмасын, өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

Ұйге берілген «Жалпы органикалық химия туралы түсінік», «Word бағдарламасы туралы жалпы түсінік» тақырыптарын постер арқылы қорғау.

1-тапсырма Химиялық диктант \ қосымша 1\

20 мин


3.Мақсат қою кезеңі:


Оқытушының кіріспе сөзі, жаңа сабақтың мақсаты мен жоспарын айту. Білім алушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып түсінік беру.

- Оқытушылардың кiрiспе сөзi: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз - деп айтқан елбасының халыққа жолдауымен бүгінгі ашық сабағымды бастағым келеді. (видео ролик)

- сабақтың мақсаты мен жоспарын айтуы;

- оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу;

- бағалау парақшалар\ бағалау критерийсы.





3 мин

ІІ –кезең: «Ойшақыру. «Есте сақта!»

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:


Тәжірибелік жұмыстардың орындалу техникасын, манипуляцияларды, зертханалық жұмыстарды түсіндіру және демонстрациялау. Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік түсініктемелер беру.

Тақырыптың маңыздылығы.

Оқытушының кiрiспе сөзi: CxHy (OH)n

Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдары гидроксил топтарына ауысқан көмірсутектерді айтады. Спирттердің жалпы формуласы CnH2n+1OH (n=1,2,3,:N). Жүйелік номенклатура бойынша спирттерге «ол» деген жүрнақ қосылады. Бүгін біз спирт пен фенолдардың реакциялық қабілетімен танысамыз. (Ассоциация әдісі)

45 мин

Мазмұны

Тапсырмалар

2-тапсырма

Білу

Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік түсініктемелер.

Берілген ұғымдардың ережесін білу: спирттер мен фенолдардың жалпы сипаттамасын, алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын.

- Бейнересурс және дәріс /Қосымша 2/ арқылы жаңа сабақ мәліметі беріледі.

(Бейне ресурстарды компьютерден ашып көреді.)

-«Диалогтық оқыту»:

1.Терминдерді оқып үш тілге аудару.Компьютерде жұмыс жасау. /Қосымша 3/

2.Проекциялаудың түрлерін пайдалана отырып жаңа тақырып топтармен қорғалады.

5.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

Оқушылардың өзiндiк жұмыс түрін ұйымдастыру, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен жұмыс жүргізу.


90 мин

3-тапсырма

Түсіну

Топтық жұмыс. Жұмысқа дағдылану.

Белгілі бір массалық үлес бойынша ерітіндіні дайындау білу, тұрмыста қолданылатын қышқылдарды тиімді пайдалану.

1.Химиялық формулалардың сәйкестігін табу. /Қосымша 4/

2.Тапсырманы орында. Есеп шығару /Қосымша 5/

3.Химиялық формулаларды жазу және атау. /Қосымша 6/

60 мин

4-тапсырма

Қолдану

Спирттер мен фенолдар деген ұғымдарын түсіну; айырмашылығын түсіндіру; талдау жасау арқылы физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру.Word программасының элементтерінің атқаратын қызметін түсіндіру.

Берілген «Т-карта» пайдалана отырып тапсырмаларды жеке оқып, топта талқылайды.

/Қосымша 7/


15 мин

5-тапсырма

Талдау

Спирттер мен фенолдардың қасиеттерін салыстыру, жалпы және жеке қасиеттеріне байланысты жіктеу.Құрылғылардың атқаратын қызметін, бағдарамалардың атқаратын қызметіне байланысты жіктеу.

Семантикалық карта.

/Қосымша 8/

15 мин

ІІІ кезең «Ой-толғаныс»:


6. Бекiту кезеңі:

Сабақты бекіту:


15 мин

6-тапсырма

Жинақтау

Болжам жасау.

Алгоритімін ұсыну.

Нәтижелерді сәйкестендіру.

1.Сұрақ- жауап.

/Қосымша 9/

2.Тізбегіндегі белгісіз затты анықтап, химиялық теңдеулерін жазу.

Компьютермен жұмыс /Қосымша 10/

10 мин

Рефлексия

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі.

Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы.

Білім алушылар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Формативтік бағалау, топ спикері, өзін-өзі бағалау, жұппен бағалау жүріледі.

5 мин

7. Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі:

В.А. Попков, С.А. Пузаков «Жалпы химия» 760-788 б Ермеков Н.,Стифутина Н. «Информатика» 137-150 беттер


4 мин

Бағалау

Оқушы жауабын бағалау.

Бағалау парағын толтыру.

Рефлексия парағын толтыру.

Қорытынды.

Бүгінгі сабақта не ұнағаны, келесі сабақта калай өткілері келетіні туралы стикерге жазып тақтаға жабыстырады.

1 мин

Қосымша 1.

Компьютерде орындайды.

Тапсырма 1.

Химиялық диктант.

Компьютерді іске қосып, MS Word 2007 бағдарламасын жүктеу. Ол үшін: Пуск- Все программы- Microsoft Office — MS Word 2007 комнадасын орындау немесе жұмыс үстеліндегі MS Word 2007 жарлыққа екі рет шерту. «Times New roman” шрифтісмен және 14 өлшеммен тер.

  1. Спирттердің жалпы формуласы ..............

  2. Қалыпты температурада С10- ға дейінгі спирттер ...... заттар, С11-ден бастап .......... заттар.

  3. Cпирттерге дегидратацияның екі түрі тәң: ........., ............... .

  4. ........... — түссіз кристалдық зат. 43°С-та балқиды.

  5. Фенолдың .........% дік ерітіндісін зиянды микробтарды жою үшін антисептик ретінде қолданады.

  6. ......... органикалық синтезде шикізат және еріткіштер ретінде қолданады.











Жауаптары:



1. CnH2n+1OH

2. сұйық, қатты заттар.

3. молекула ішілік, молекула аралық.

альдегидтер.

4. фенол.

5. 3—5%-тік

6. спирттерді





Қосымша 2

Дәріс


Спирттер дегеніміз – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксид тобы бар, күрделі органикалық заттар.

Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдары гидроксил топтарына ауысқан көмірсутектерді айтады. Спирттердің жалпы формуласы CnH2n+1OH (n=1,2,3,:N) немесе R-ОН. Жүйелік номенклатура бойынша спирттерге «ол» деген жүрнақ қосылады. 

Спирттердің физикалық қасиеттері:

Қалыпты температурада С10- ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сұйық спирттер өздеріне тән иісі болады, ал бутанол мен пентанолдың иістері жағымсыз.

Спирттердін химиялық қасиеттерін анықтайтың гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы.

Химиялық қасиеттері:

Спирттерге қышқылды– негіздік қасиет тәң

1. ОН тобы бойынша сутек атомының орынбасу реакциясы

С2Н5ОН + Na → C2H5ONa + H2

C2H5ONa + H2O → C2H5OH + NaOH

Спирттер әлсіз қышқылдар тәрізді сілтілік металдармен әрекеттеседі. Спирттің мұндай металл туындыларын алкоголяттар деп атайды.

2. ОН тобында жүретін реакциялар

Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі, реакция гидроксил тобының орнын галоген басу арқылы өтетін қайтымды реакция.

СН3ОН + CuO → CH3-COH + Cu + H2O

Дегидратация реакциялары:

Cпирттерге дегидратацияның екі түрі тәң:

молекула ішілік

молекула аралық

Молекула ішілік дегидратацияда алкендер, молекула аралықта- жай эфирлер түзіледі

Молекула ішілік дегидратация концентрлі H2SO4 150-200ºС қыздырғанда жүреді.

Этил спиртін күкірт қышқылымен әлсіз қыздырғанда образуется диэтил эфирі түзіледі. Ол үшқыш, тез түтанғыш сүйықтық. Диэтил эфирі жай эфирлер класына жатады – органикалық заттар, молекулалары оттегі арқылы байланысқан көмірсутек радикалдарынан тұрады. Жалпы формуласы R – O - R

Оттекті органикалық қосылыстар көмірсулар тәрізді ауада жанады, нәтижесінде су және көмірқышқыл газы түзіледі. Спирттердің жануы– күшті экзотермиялық реакция, сондықтан оларды жоғары коллориялы жанармай ретінде қолданады.

CnH2n+1OH+O2  nCO2+(n+1)H2O+Q

3. Алынуы: Техникада этил спиртін этиленді күкірт қышқылы қатысында гидраттап алады: Н2С=СН2 + H2O → CH3-CН2-OH

Спирттерді мыс оксидымен тотықтыру арқылы альдегидтер алуға болады.

Метанолды (II) СО көміртек оксидың гидрлеу арқылы алады. Қазырғы кезде метанолды көмірқышқыл газын тотықсыздандыру арқылы алады.

Тамақ өнеркәсібінде этил спиртін көмірсуларды спирттік ашыту арқылы алады. Бұл процесс ашытқы саңырауқұлақтарының қатысуымен жүреді:

С6Н12О6\глюкоза\ → CH3-CН2-OH + H2O

Өндірісте этил спиртінің көп мөлшерін құрамында крахмалы бар өсімдіктерден /картоп, дәнді дақылдар/ алады.

Қолданылуы: Метанолды әлемде жылына 10 миллион тонна өндіреді, ал этанолды одан да көп мөлшерде. Метанол мен этанолды органикалық синтезде шикізат және еріткіштер ретінде қолданады. Бұдан басқа этанолды медицина да және ас өндірісінде пайдаланады.  

Зияны: Алкоголь - бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масандататын элементтен тұрады. Алкоголь - күллі әлемге таралған ертеден келе жаткан есірткі.

Алкоголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Бір стакан спиртті тазартқанға шамамен жарым сағат уақыт кетеді.

Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, витамин жетіспеушілік және бауыр циррозы күрт асқынуы мүмкін. Алкоголь сонымен қатар ми клеткаларын, ойлау қабілетін бұзады. Алкоголь белсіздікке ұрындырады. Қарындағы алкаголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының клеткалары зардап шегеді. Арақтың әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, өзін- өзі ұстай алмайтын болады. Спиртті ішімдіктің келесі жаңа үлгісі жоғары дәрежелі нерв орталықтарын жансыздандыра түседі, бейне күрмеп тастағандай оларға мидың төменгі бөліктерінің қызметіне қатысуға мүмкіндік бермейді, қимылдың, мысалы көз қимылының, үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп, қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақылмен ойлану қабілетінен айрылады. Алкоголь адамның қабылдауы мен айналасына әсеріне кедергі келтіреді.



Фенол

Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады, яғни гидроксил тобы ядромен (бензол сақинасымен) тікелей байланысқан. Ал ароматты спирттерде гидроксил тобы бүйректегі тізбекте болады.

Фенолдар — бензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. Ең қарапайым өкілі — фенол С6Н5ОН немесе гидроксибензол.

Ароматты көмірсутектердің бүйір тізбектеріндегі сутек атом-дарының орнын гидроксотоп басқан өнімдер ароматты спирттер деп аталады. Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай бір – С6Н5ОН, екі С6Н4(ОН)2үш С6Н3(ОН)3 атомды фенолдар болып бөлінеді.

Гидроксил тобының электрондарының сақинаға ығысуына байланысты, фенол әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.

Алынуы. Фенолды көбіне тас көмір шайырын өңдеу арқылы алады. Сондай-ақ ароматты көмірсутектерінің галогентуындыларын сілтімен әрекеттестіріп те алады. Өндірісте бастапқы шикізаттар ретінде бензол мен пропиленді пайдаланып, кумолъді әдіспен фенол алу іске асырылған.

1. Фенолдың табиғи көздері. Тас көмірлі шайырды құрғақтай айдау арқылы фенол алынады.

2. Бензолдың галогентуындыларын катализатор қатысында сілтілермен қыздырып:

Физикалық қасиеттері. Фенол — түссіз кристалдық зат. 43°С-та балқиды. Ауада ашық қалғанда тотығатындықтан, қызғылт түсті болады. Фенолдар – суда нашар еритін кристалды заттар, ал екі атомды фенолдар суда жақсы ериді. Бөлме температурасында аздап қана ериді, ал 60°С-тан жоғары қыздырғанда, суда шексіз ериді. Фенол — улы зат, теріні күйдіреді.. Өздеріне тән иістері болады, улы, антисептиктер, теріге тисе, күйдіреді. Кристаллогидраттарының фенолдың өзіне қарағанда балқу температуралары төмен болады.

Химиялық қасиеттері. Фенол молекуласындағы атомдар бір-біріне өзара әсер ететіндіктен, полярлы қосылыс болады. Фенолдардың ароматты ядросы да, гидроксил тобы да реакцияға түскіш. Фенолдардың (карбол қышқылының) қышқылдық қасиеті спирттер мен судың қышқылдық қасиеттерінен жоғары, КD=1,3∙10-10, ал көмір қышқылының КD=4,5∙107 болғандықтан, натрий карбонатынан көмір қышқыл газын ығыстыра алмайды, керісінше фенолдарды көмір қышқылы фенолят ерітінділерінен ығыстырады:

C6H5ONa + СО+ H2O → С6Н5ОН + NaHСО3

Осы реакция арқылы фенолдарды спирттерден не карбон қышқылдарынан бөліп алады.

1. Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзеді.

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

натрий феноляты

2. Нитрлеу реакциясы. Фенолдар нитрлеу реакциясына жеңіл түседі. Бөлме температурасында фенолды сұйытылған азот қышқылымен нитрлейді.

С6Н5ОН + НNO3,сұйыт. → C6H4(OН)NО2 (о- және n- нитрофенолдар түзіледі).

Егер фенолды концентрлі азот қышқылымен әрекеттестірсе, пикрин қышқылы (үш нитрофенол) түзіледі

пикрин қышқылы

Қолданылуы. Фенолдың 3—5%-тік ерітіндісін зиянды микробтарды жою үшін антисептик ретінде қолданады. Фенолдан түрлі дәрі-дәрмектік препараттарды, бояуларды, синтездік шайырлар мен пластмассаларды, қопарғыш заттарды синтездеп алады.

Фенол—улы зат, көп мөлшері теріні күйдіреді, табиғатқа зиянын тигізеді, сондықтан өндіріс қалдықтарындағы фенолды ағын суға жібермеу және зиянсыздандыру қажет. Ерітіндісі антисептик ретінде қолданылады. Фенолдар пластмассалар (фенолформальдегид), дәрі-дәрмек алуға (салицил қышқылдары және оның туындылары), бояғыш заттар, топарылғыш заттар (пикрин қышқылы) алуға қолданылады. Фенолдың метил эфирі (анизол) сұйық зат, иісі бар заттар және бояғыш заттар алуға қолданылады.

Адам ағзасына зияны: Фенолдар адам ағзасына тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, фенол, анилиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, ағзаға енуі жеңілдейді.

Бірінші кезеңде енолдың бөлінуі қан айналымының қарқындылығы байланысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы тін (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық-химиялық қасиетке байланысты болады: суда ергіштігі, майда ергіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванадий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальциймен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.

Фенол зиянды заттармен жақындасқанда адам ағзасы тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды. Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Адам организмінің фенолға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар ағзаға түскен соң, әртүрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен және тінаралық ортамен қарым-қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.













































Қосымша 3

Компьютерде орындайды.

Тапсырма 2.

Терминдерді оқып үш тілге аудару. Компьютерде теріп жазу.



Заттардың атауы

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Латын тілінде

қан




бауыр




үлкен ми




жасуша




жүйке жүйе




аяқ




витамин




жүрек аурулары




қабыну




































Қосымша 4.

Компьютерде орындайды.

Тапсырма 3 . Сәйкестікті табыңдар.

MShape1 S Word 2007  мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Автофигурамен жұмыс жаса.

Тапсырма 1. Реттік санмен спирттердің алынуы және химиялық қасиеттерінің жартылай теңдеулері, әріптермен реакцияға қатысатын заттың біреуі берілген.


1. СН2=СН2 + Н2О = .......... А) СН3-СН2-ОН
2.
С6Н12О6 = ....... + СО2  В) СО2
3.
С2Н5ОН + О2 = ......... + Н2О С) С2Н5О Na
4.
С2Н5ОН + Na= ........... + Н2 Д) С2Н5ОН
5.
С6Н5ОН + Br= ........... + НBr Ж) C6H5ONa
6.
С6Н5ОН + NaOH → .......... + H2O З) СН3СОН
7. С2Н5ОН+ CuО = ......... + Сu2 2О И) С6Н5Br




Тапсырма 2. Реттік санмен спирттердің формулалары, әріптермен ол спирттердің радикалының табиғаты мен молекулада карбоксил топтарының санына байланысты жіктелуі белгіленген. Жұпта.

1. СН3 –СН2- ОН А) 3 метил гексанол 1

2. СН3-СН2-СН2 - СН2 –СН2-ОН В) 1,2,3 триметил пропанол 2

3. СН3- СН2-СН2-СН - СН-СН2-ОН С) этанол 1

|

СН3

ОН

|

4. СН2 – С – СН2 Д) пентанол 1

| | |

СН3 СН3 СН3

5. СН - СН – СН –СН3 Е) 1,2-диметил бутанол 2

| | |

СН3 СН3 ОН

Жауаптары:

Тапсырма.

1

2

3

4

5

6

7

А

Д

В

С

И

Ж

З

2 –тапсырма.

1

2

3

4

5

С

Д

А

В

Е



Қосымша 5.

Компьютерде орындайды.

ІІ–кезең: «Ойшақыру.«Есте сақта!»

Тапсырма 4. Есеп шығару.

І – топ

1.Жарақатты залалсыздандыру үшін калий перманганатының (KМnO4) 5% -тік ерітіндісі қолданылады. Осындай ерітіндіден 200 г дайындау үшін калий перманганатының қандай массасы қажет?

2. Этанол натриймен әрекеттескенде 5,6 л (қ.ж) сутек бөлінді. Әрекеттескен спирттің зат мөлшерін анықта.

Орындаған іс-әрекеттің реті

Берілгені:

Шешуі:

Жауабы:

1.

Реакция:

Формула:


2.







ІІ – топ

1. Массасы 23г этил спирті 2,5 г металл натриймен әрекеттескенде түзілетін сутектің көлемі (қ.ж.)

2. Салицил қышқылымен сірке ангидридін әрекеттестіру арқылы медицинада «аспирин» деген атпен танымал ацетилсалицил қышқылын алады. 690 г салицил қышқылынан аспириннің қандай массасын алуға болады шығымы 75%.

Орындаған іс-әрекеттің реті

Берілгені:

Шешуі:

Жауабы:

1.




Реакция:

Формула:


2.









Қосымша 6.

Компьютерден тапсырманы оқып , дәптерде орындайды.

ІІ–кезең: «Ойшақыру.«Есте сақта!»

Тапсырма 5. Химиялық формулаларды жазу және атау.



Берілген тапсырмаларды орында:

І - топ

1. Мына заттардың:

1) 2,3 диметил пропанол 3; 2) 2,3,4-триметил бутанол 1; 3) 2,2- диметил 3,4- диэтил пентанол 3; 4) 1,2,3- три пропил 2,3-диэтил 1,4-диметил гексанол 5: 5) 2,3-дибутил 3,4- диметил бутанол 1 құрылым формулаларын жазыңдар.

2.Халықаралық атаулар жүйесі бойынша қосылыстың   атауы.


3.Молекулалық құрамы пентанол спирттіне изомерленудің қандай түрлері тән? Барлық изомерлерінің құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.





Берілген тапсырмаларды орында:

ІІ- топ

1. Мына заттардың:

1) 2,4 диметил 4,5диэтил пентанол 3; 2) 2,3,4-трипропил бутанол 1; 3) 2,2- дипропил 3,4- диэтил пентанол 4; 4) 1,2,3- три пентил 2,3-диэтил 1,4-диметил гептанол 3: 5) 2,3-дипропил 3,4- диэтил бутанол 2 құрылым формулаларын жазыңдар.

2.Халықаралық атаулар жүйесі бойынша қосылыстың СН3-СН2-СН-СН-СН3 атауы. ׀ ׀ ׀

ОН СН3

3.Молекулалық құрамы гексанол спирттіне изомерленудің қандай түрлері тән? Барлық изомерлерінің құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.













Қосымша 7.

Компьютерде толтырады.

Тапсырма 6. ІІ–кезең: «Ойшақыру.«Есте сақта!» Технологиялық карта.

І – топ

Сипаттамасы

Метанол

Фенол

Салыстыру қорытындысы

1. Молекулалық формуласы

СnH2n+1OH

C6H5OH


2. Физикалық қасиеттері




3.Химиялық қасиеттері




4.Өнеркәсіпте алу жолдары




5.Қолданылуы







         Баспаға беру


         Құжат құру


         Қаріп түрі


         Қаріп өлшемі


         Құжатты ашу


ІІ – топ

Сипаттамасы

Этанол

Фенол

Салыстыру қорытындысы

1.Молекулалық формуласы




2. Физикалық қасиеттері




3.Химиялық қасиеттері




4.Өнеркәсіпте алу жолдары




5.Қолданылуы







         Құжатты сақтау


         Курсив


        Жартылай қалың


        Қаріп түсі


         Сол жақ шеті бойынша туралау



Қосымша 8.

Компьютерде толтырады.

Тапсырма 7.

Семантикалық карта.

І - топ

Спирттің аталуы

Химиялық формуласы

Салыстырмалы молекулалық массасы (Mr)

Массалық үлесі

(%)


СН3ОН



Пропанол




Гексанол





 Атқаратын қызметі

Негізгі енгізу құрылғысы

Қосымша шығару құрылғысы

Негізгі шығару құрылғысы

Қосымша енгізу құрылғысы

Құрылғылар

Монитор





Тышқан





Принтер





Пернетақта





 

Семантикалық карта.

ІІ - топ


Спирттердің аталуы

Химиялық формуласы

Салыстырмалы молекулалық массасы (Mr)

Массалық үлесі

(%)


С6Н5ОН



Бутонол





С7Н15ОН





Атқаратын қызметі

Жазу жазуға

Сурет салуға

Есеп шығаруға

Дыбыс жазуға

Бағдарламалар

PAINT





Фонограф





WORD PAD





Калькулятор









Қосымша 9.

Тапсырма 8. ІІІ кезең «Ой-толғаныс».

Сұрақ- жауап. Жауапты қарайтып жазыңыздар, шрифт түрін қалаған түске өзгертіңіз.

І - топ

1.Сұрақ

Спирттер дегеніміз не? Жалпы формуласы.

Жауап


2.Сұрақ

- ОН тобы қалай аталады?

Жауап


3.Сұрақ

Спирттердің неше түрі бар? Мысал келтір.

Жауап


4.Сұрақ

Спирттер жанғанда не түзіледі?

Жауап


5.Сұрақ

Спирттер қандай заттар? \Физикалық қасиеттері\

Жауап


6.Сұрақ

Ақпараттың қасиеттері ?

Жауап


7.Сұрақ

Word бағдарламасын іске қосу

Жауап


8.Сұрақ

Компьютер сөзінің аударғандағы мағынасы

Жауап



Сұрақ- жауап.

ІІ топ

1.Сұрақ

Фенолдар дегеніміз не?

Жауап


2.Сұрақ

Фенолдардың ең қарапайым өкілі \формуласын жаз\.

Жауап


3.Сұрақ

Фенолдардың натриймен әрекеттесу реакциясын жаз.

Жауап


4.Сұрақ

Фенолдар жанғанда не оңай бөлінеді?

Жауап


5.Сұрақ

Феноладар қандай заттар?. \физикалық қасиеттері\

Жауап


6.Сұрақ

Ақпарат түрлері?

Жауап


7.Сұрақ

Ақпаратпен не істейміз?

Жауап


8.Сұрақ

Ең кең таралған операциялық жүйе

Жауап.


Жауаптары:

І топ

1. Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдары гидроксил топтарына ауысқан көмірсутектерді айтады. Спирттердің жалпы формуласы CnH2n+1OH

2. Гидроксил

3. бір,екі,үш атомдық спирттер

4. СО2 және Н2О

5. Қалыпты температурада С10- ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сұйық спирттер өздеріне тән иісі болады.

6. Дәлдігі,толықтығы,бағалылығы,қажеттілігі, анықтылығы,түсініктілігі.

7. Пуск---Программы----Стандартные ----Word

8. Есептеуіш

ІІ – топ

1. Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады, яғни гидроксил тобы ядромен (бензол сақинасымен) тікелей байланысқан.

2. Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай бір – С6Н5ОН, екі С6Н4(ОН)2үш С6Н3(ОН)3 атомды фенолдар болып бөлінеді.

3. Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзеді.

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

4. СО2

5. Фенол — түссіз кристалдық зат. 43°С-та балқиды. Ауада ашық қалғанда тотығатындықтан, қызғылт түсті болады. Бөлме температурасында аздап қана ериді, ал 60°С-тан жоғары қыздырғанда, суда шексіз ериді. Фенол — улы зат, теріні күйдіреді. Ерітіндісі антисептик ретінде қолданылады.

6. Мәтін,сурет,фотобейне,дыбыстық сигналдар.

7. Қабылдайды,сақтайды,толықтырады, береді.

8. Windows

Қосымша 10.

Тапсырма 9

ІІІ кезең «Ой-толғаныс».



Тізбегіндегі белгісіз затты анықтап, химиялық теңдеулерін жазу.

Компьютерде «Спирттің қасиеттері» Астын сызып, жартылай қарайту қалпына ауыстырыңыз, формуланы аяқтаңыз.

Спирттердің қысиеттері

Химиялық реакция теңдеулері

бейорганикалық

органикалық

1.

Сулы ерітіндіде диссоциациялануы

Н+ + …

+ СООН -

2.

Белсенді металмен әрекеттесуі

HCl + Na=

+ … = CH3ONa + H2

3.

Металл оксидімен әрекеттесуі

+ … = NaCl + H2O

C2H5OH + Na= … + …

4.

Металл гидроксидімен әрекеттесуі

+ NaOH = NaCl + …

CH3OH + … = … + H2O





















Бағалау парағы.



Оқушының аты-жөні

І- кезең

ІІ- кезең

ІІІ- кезең

Бағалау

Қорытынды баға

Үй тапсырмасына шолу

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау



6 балл

3 балл

3балл

3 балл

3балл

6 балл

24балл

«5»-24-22 балл

«4»-21-17 балл

«3»-16-10 балл

«2»-9 балл

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2018
1311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12