Философия пәні бойынша дәріс

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Философия пәні бойынша дәріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәріс
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-дәріс.

Философия, оның пәні мен қоғамдық өмірдегі ролі.

Философия құрылымы, салалары мен қызметтері.

Дүниеге көзқарас және оның тарихи типтері.

Ғылыми таным философиясы пәні.

Философия - табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық санасының бір түрі, көзқарастың теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.

Дүниеге қөзқарас дегеніміз қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы қөзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүнинге көзқарас сезімнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына білім, сенімдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер, эмоционалды - еріктік компоненттер кіреді.

Дүниеге қөзқарастың үш тарихи типтері бар: миф, дін және философия.

Миф - бұл адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы, дүние, табиғат және адам жайында біртұтас түсінік болып табылады, өйткені онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмайды.

Діни дүниеге көзқарастың негізгі ерекшелігі - тылсым күшке, яғни Құдайға деген сенім болып табылады.

Философия - дүниеге көзқарастың рационалды, теориялық деңгейі болып табылады.

Философия (б.з.б. 6-5 ғасырлар) Үндістанда, Қытайда, Грекияда пайда болды. Бұл терминды алғаш қолданған антик философы, математигі Пифагор еді. Ол оны "даналыққа құштарық" деп түсінді. Бұл сөздің тіркесіндегі "құштарлық" белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлі білдірумен қатар, "өзге" үшін "өзіңді ұмыту","өзіңнен бас тарту" сезімін де аңғартады. Аристотельдің пікірінше "философия таң қалудан" басталса, Декарттың ойы бойынша "философия күмәнданудан" басталады. Қалай дегенде екеуі де философияны адамды ойға, танымға жетелейтін даналық ретінде қарастырған. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады. Философия - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Сонымен философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым "білімнің жоғары синтезі", белгілі бір нәрсе туралы "толық жетілген білім" деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың нысаны - менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар өзім және феномен ретінде білімнің өзі. Философияның бастапқы негіздері мифология, дін және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр. Оның ерекшеліктері:

Оның негізгі зерттеу нысаны - адам, оның әлемде алатын орны және оған деген қатынасы.

Ол, дүние құрылымының бастапқы негіздерін қарастырады. Дүние оның мәні, мазмұны қандай деген танымдық сұрақтарға жауап іздейді.

Философиялық өмірдің, жаңа фактілердің әсерімен өзгереді, ал оның таным әдістері ақыл - ой мен интуиция (мифте - сезім, қиял болса, дінде - сенім және сезім).

Философияның негізгі бөлімдері:

* онтология - болмыс туралы ілім;

* гнесеология - таным туралы ілім;

* философия тарихи - философиялық ой пікірлердің дамуы туралы ілім;

* әлеуметтік философия - қоғам өмірінің болмысы туралы ілім;

* этика - әдептілік мәселелерін зерттейтін ілім;

* эстетика - әсемдік пен сұлулық туралы ілім;

* антропология - адам мәселесін зерттейтін ілім;

* аксиология - құндылықтар табиғатын зерттейтін ілім;

* логика - адамның ойлау процесін зерттейтін ілім.

Философияның негізгі қызметтері:

1. Гуманистік - адамның өз өмірінің мәнін түсінуге, табиғат пен қоғамдаөз орнын табуға, имандылыққа, адамгершілік қатынастарға жетелейді.

2. Гносеологиялық - адамдардың білімдерін топтастыра, жинақтай отырып, тереңдете түседі де, арнайы ұғымдар, категориялар арқылы дүниеге толық, тұтас, жүйелік көзқарас қалыптастырады.

3. Аксиологиялық - адамды этикалық және моральдық, адамгершілік тұрғыдан дамытады, адам санасында белгілі бір құндылықтар бағдарларын қалыптастырып, құндылық ережелерімен идеалдарын табуға мүмкіндік береді.

4. Әлеуметтік - философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтарын ашады. Социумнің дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.

5. Тәрбиелеуші - мәдениетті материалды-рухани феномен ретіндеқарастырып, адамның өзінің жеке мәдениетін қалыптастырады.

6. Методологиялық - философия жалпы басқа ғылымдар үшін жалпы ғылыми және жеке методологиялық негіз болып табылады.

7. Дүниетанымдық - адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін ғылым. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.

Тарихқа жүгінетін болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми мен арнайы ғылыми білімнің арақатынасында үш кезеңді аңғаруға болады:

1) ежелгілердің алғашқы білімдерінің жиынтығы философия немесе табиғат философиясы деп аталды; бұл алғашқы білім ғылым бастамаларын да, философия бастамаларын да қамтыды.

2) білімдердің мамандануы, яғни жеке нақты ғылымдардың қалыптасып, біртұтас жиыннан бөлініпшыға бастауы, әсіресе XVI-XVIII ғасырларда жылдам жүрді.

3) Бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың біртіндеп интеграциялануы. XIX ғасырдан басталған үшінші кезең одан әрі жалғасуда. Соңғы кезеңде бұрынғы дерексіз философиялық формада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық міндеттерді енді ғылым өз міндетіне алды. Философия қайта ғылыми білімдерді жалпылаудың негізінде шешуі тиіс екендігі барған сайын дәлелдене түсті. Ал бұл философияның ғылымилық сипатын арттыра түсті.

Философия пайда болған кезден-ақ дүниеге көзқарас ретінде қалыптасты, оның дамуы мына кезеңдермен сипатталады:

1. Шығыс философиясы - сыни көзқарас ретінде б.з.б. VIII-VI ғасырларда Үндістан, Қытайда қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесінде прогрессивтік, атеистік, консервативтік, мистикалық бағыттар дүниеге келді.

2. Антикалық философия - мифология және жаңадан дамып келе жатқан ғылыми болжамдарға негізделген бағыт.

3. Орта ғасыр. Дінге байланысты болды, оны ақыл - оймен дәлелдеуге тырысты.

4. Қайта өрлеу дәуірі - XIY ғасырдың ортасы- XYII ғасырдың басы. Ғылыми түсініктер мен эстетикалық ой- пікірдің әсеріарқылы дамыды.

5. Жаңа дәуір философиясы - жаратылыстану ғылымына сүйеніп, адам тағдырын, оның ішкі дүнйесін зерттеуді алға қойды.

6. Философия барлық ғылымдардың әдістемесі ретіндегі рөлін сақтап қалды. Гегель философиясының негізінде, XIX-XX ғасырларда марксизмде философия пәні туралы төмендегі түсінік қалыптасты.



2 дәріс.

Ежелгі дәуірлердегі философия, ғылыми танымның бастаулары. Антика дүниесіндегі философия және ғылым бастауларының пайда болуы.

Шығыстың әлемді философиялық тұрғыдан байыптаудағы және тәжірибелік қолданбалы білімдердегі жетістіктері

«Антика философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. 7-6 ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. 7-5 ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. 4 ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 5 ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

  1. Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар,  пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.

  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.

  3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.

  4. А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.

  5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.

  6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Антик философиясында ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий, т.б.) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды.  Шындығында софистика б.з.д. 5 ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. «Адам – бар нәрсенің өлшемі» деген Протагор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкеледі. Сондықтан б.з.д. 5 ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» айналды.

  1. Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты.

  2. Сократқа дейінгі философиялық кезең – Милет мектебі, Гераклит, Атомистік мектеп, Элей мектебі.

  3. Софистер және Сократ ілімі.

  4. Платонның объективті идеализмі.

  5. Аристотел философиялық ілімі.

  6. Эллинистік дәуір философиясы.

Гректердің антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:

1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.

2 кезең – классикалық кезең. Ол  Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.

3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.

4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.

2. Милет мектебі  – ФалесАнаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір  материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.

     Элей мектебінің өкілдерді – Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін қалаушылар болды, олар шынайылықтың ұғымдық бейнеленуін қарастырды. Олар ең алғаш таным процесінің сезімдіктен рационалдыққа өту екендігін анықтады, бірақ танымның бұл деңгейлерін бір-бірінен мәнділігіне қарай бөліп, оларды қарама-қарсы қойды. Ақыл бұл – «ақиқатқа бастайтын жол», яғни ол ғана ақиқат білімді береді, ал сезімдік таным «пікірді ғана тудырады». Білімді пікірге қарсы қойылған, яғни күнделікті қарапайым пікірлерге қарсы қойылған.

      Элей мектебінің көрнекті өкілдері Парменид пен Зенон болмыс туралы мәселені жан-жақты талдады. Дүниені екіге болді бірі – сезімдік заттар дүниесі, екіншісі – сезімнен тыс дүние. Болмысты ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. парминид : «болмыс бар, ал болмыс емес жоқ» - деп, «Ойлау мен болмыс бір» деп тұжырымдады. Болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.

      Зенон болмыстың өзермейтін, қозғалмайтындығын түсіндіру үшін апорийлерін пайдаланды. Ол үшін төрт дәлелге сүйенді. 1-ші – қозғалыс ешбір ақиқатқа ие бола алмайды, өйткені қозғалушы дене өзінің нысанасына жету үшін алдамен жарты жолға жету керек, ал оған жету үшін оың жартысына жектуі керек, сөйтіп қайталана береді. 2-ші – қозғалысты сезімдік арқылы анықтау оңай болғанымен, ой арқылы, кеңістік пен уақыт арақатысында анықтау өте қиын. «Ахиллес пен тасбақа». 3-ші – «ұшып келе жатқан жебе тыныштықта тұр» қозғалыс пен тыныштық диалектикасын анықтау. 4-ші – қозғалыс барлық денеге тән бе? Осы мәселелері арқылы Зенон диалектиканы негіздеген.

      Гераклит – оның ілімі бойынша барлығының түп негізі от; барлығы оттан пайда болады және оған қайта оралады. Оның шығармасы «Табиғат туралы», бірақ бұл еңбектің кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті «Қараңғы» деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының күрделілігінен болса керек.

    Гераклит атымен диалектикалық көзқарастардың дамуын байланыстырады. Оның ілімінің орталық принципі панта рей («барлығы ағады»). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге ауысады, бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың күресінің жалпылығы туралы айтты.  «Соғыс – барлығының әкесі, патшасы: ол біреулерді құдай, біреулерді адам, біреулерді құл, ал кейбіреулерді ерікті етті». Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында  гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.

    Гераклит адам жаны туралы былай тұжырымдады: ылғал мен от сияқты қайшылықтардың бірлігінен тұрады. Жанның көп мөлшерін от алып жатса, ондай жан ғажап және ақылды. Ал жанды су баса, онда жанның өлетіндігінің белгісі.  «Құрғақ жан парасатты». «Жанның өлуі – ылғалға айналу».

    Пифагор мектебі – негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол ашты, сандарға мистикалық қасиеттерді таңды. Пифагоршылар сан – табиғатты бейнелеуде бірінші принцип, сан – материя және әлемнің формасы. «Барлық заттар саннан пайда болды» Филолай былай деген: «Егер сандар болмаса ешнәрсе пайда болмас еді, санның құдіретін құдайлар мен перілердің әрекеттерінен, адамдардың ойы мен ісінен, қолөнер мен музыкадан байқау қиын емес» пифагоршыларда сан – көзге көріненін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі пішін түрінде көрінеді.  Тақ және жұп сандардың түрлі сапалары болады: жұп сандар төмен дәрежеде, ал тақ сандао жоғары дәрежедегі қасиетке ие. пифагоршылар әлемнің пайда болу концепциясын былай түсіндірді: барлығының бастамасы – бірлік, бірліктен сан құралады., сандардан нүктелер, нүктелерден сызық, сызықтан жазық дене, садан кейін көлемді денелер пайда болады. содан соң төр түрлі материалды элементтердің бар екендігі тұжырымдалды: жер, от, ауа, су. Пифагор материалды элементтерді түрлі дұрыс көпбұрыштармен байланыстырып түсіндірді: жер – куб формасының бөлшектерімен, от – тетраэдрлер формасының бөлшектерімен, ауа – октаэдрлермен, су икосаэдрлермен.

    Атомистік мектеп – Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит, Левкипп,  Анаксагор «әмбебап қоспалар» принципі – қандай болмасын заттың «үкен» немесе «кіші» қасиеті салыстырмалы. әлемнің бөлшектері мен біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс ғарыштағы қозғалысты анықтайды. Оларды қозғалысқа келтіретін күш – ақыл (грек нус)  бұл күш мақсаттан келіп шықпайды, механикалық себеп-салдар. Ақыл – қозғалыстың қайнар көзі, екіншіден – ғарышты ұйымдастырады.

       Демокрит (б.зб. 460-370 жж.) заттар атомдардан тұрады, олар формасы, жағдайы, тәртібі арқылы ерекшеленеді, өзгермейтін сапалық жағынан біртекті. Қажеттілікті аса жоғары бағалап, кездейсоқтықты жоққа шығарды. Әлемде жаратылғанның бәрінің өз себебі бар, сондықтан ке-келген құбылыс қажетіліктен туындайды. Кездейсоқ, себепсіз оқиғалар адамдардың ойлап тапқандары, болып жатқанның шын мәнін түсінбегендіктен туындайды. Болып жатқанның шын мәнін ұғыну, анықтау танымның негізгі мақсаты.

    3.Софисттер – б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті..

     Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді.  Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:

Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б..

   Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны»Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».

    Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.

     Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады.    Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.

     Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі,  Платона академиясы  - Платон

 4. Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең -  философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары «Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: «Софист», «Парменид», «Мемлекет» және т.б.




3 дәріс.

Батысеуропалық ортағасыр схоластикалық философияның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі.

Орта ғасырдағы Мұсылман философиясы ғылыми танымның дамуындағы тарихи бастамалары.

Орта ғасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі. Орта ғасырдағы еуропалық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде Құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы деп қарастырылды. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі Құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, Құдай болды. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды

Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)

Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.

Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.

Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.

Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды.

Жалпы көпшілікке ортақ пікір бойынша, орта ғасырлық философияның өзі екіге бөлінеді:

1) патристика (2-8 ғғ.);

2) схоластика (9-15 ғғ.).

Патристика кезеңінің өзі үшке бөлінеді:

1) ерте патристика (2-3 ғғ.),

2) толысқан патристика (4-5 ғғ.),

3) соңғы патристика (5-8 ғғ).

Схоластика да шартты түрде екіге бөлінеді:

1) ерте схоластика (11-12 ғғ.)

2) толысқан немесе соңғы схоластика (13-14 ғғ.) (3-ке бөлінді) Бұл схоластика орта ғасырдан кейін де жаңа заманға дейін неосхоластика немесе «екінші схоластика» деп аталып жалғасын тапты:

1) контрреформация (15-16 ғғ);

2) католиктік реставрация (18-19 ғғ);

3) неотомизм (20 ғ).

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 – 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясыныңқалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшінкүресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: Қ.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.



4 дәріс.

Қайта өрлеу дәуірі. Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және жаңа дәуірдегі философия мен ғылымның қалыптасуы. Адамға қарай бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – қайта өрлеу дәуіріндегі маңызды ерекшелік. Зайырлы зиялылардың шоғырының қалыптасуы. Н.Кузанский шығармашылығындағы ақиқат мәселесі. Коперник, Галилей,Бруно мен Кеплердің жаратылыстанушылық-ғылыми жетістіктері. Н.Макиавелли шығармашылығындағы қазіргі заманғы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуы.

Қайта өрлеу философиясы XV ғасырда Италияның Флоренция қаласынан бастау алған. Қайта өрлеу дәуірінде грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. Философияда Қайта өрлеу кезеңін Ренессанс деп те айтады, өйткені « Ренессанс» - « Қайта өркендеу» , жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу дегенді білдіреді.

Мәдениеттің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілді. Қолөнерден мануфактураға өтуге жол ашылып, ірі өнеркәсіп орындарының құрылуына негіз салынды. Ірі әлеуметтік экономикалық өзгерістер адамдардың ақыл-ойына, рухани өміріне де елеулі әсер етті. Қоғамның барлық әлеуметтік-мәдени өмірінде діннің, шіркеудің ықпалынан босану үрдісі жүріп жатты.

Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына Космосты, орта ғасырларда Құдайды, ал Қайта өрлеу дәуірінде адамды қойды. Сондықтан Қайта өрлеу философиясының негізгі ерекшелігі – антропоцентризм. Қайта өрлеу философиясында адамның іс-әрекеті шығармашылық іс-әрекетке айналды. Адам өзінің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, жаңа дүние, жаңа құндылықтар жасай бастады. Ең жоғарғы құндылық – адам өзін-өзі жасап, қалыптастырып, тұлға ретінде дамыды.

«Гуманизм» термині латынның humanitas – адам сүйгіштік, адамдық дегенді білдіреді. Гуманизмнің негізін қалаушы – ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374) . Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін негізді қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғары сатысына ұмтылуға шақырды.

Саяси философияның дамуына зор үлес қосқан Никколо Макиавелли (1469-1527) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-философиялық ойлау өкілі, орта ғасырдағы Құдайдың бәрін алдын ала болжау концепциясын «фортуна» идеясымен ауыстырды. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде Виртун – адамның жігерлігін, іскерлігін, талантын іске асыру түсінігін енгізді. Макиавелли «Патша» атты еңбегінде «Мақсатқа жету үшін барлық құралдар жақсы» , «Мақсат құралды ақтайды» деп жазған.

Табиғатқа деген қызығушылық және теңіз сауда-саттықтардың қарым-қатынастардың орын алуы – жағрафия, астрономия, математика ғылымдарының дамуына ықпал етті. Осы ықпалдың нәтижесі ретінде Птоломейдің геоцентристік теориясын жоққа шығарған. Геоцентризмнің көрнекті өкілдері Н.Коперник пен Г.Галилей.

Қайта өрлеу дәуіріндегі орталық философиялық мәселелердің бірі пантеистік ілім болды. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ – Н.Кузанский (1401-1464). Ол «Білместік ғылымдары туралы», «Шығу тегі туралы», «Мүмкіндік болмысы туралы» атты еңбектерін жазды.

Н.Кузанский ілімін әрі қарай жалғастырған италиялық ойшыл Джордано Бруно (1548-1600). Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі Құдай не Құдай заттардың ішінде» ,- дейді. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 жылы түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Оның көнбегендігінен, 1600 жылы Римде оны отқа өртеп жіберді. Оның негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы».

Жаңа заманда кәсіпорындардың ашылуына, капиталистік буржуазиялық қатынастардың дамуына байланысты нақты ғылымдарға –математика, механика, физика ғылымдарына, ғылыми әдістер мен жаңалықтарға сұраныс жоғарылады.

Жаңа заман философиясының ерекшелігі рационализм мен ғылым болды.

Жаңа заманда эмперизмнің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымның негізін қалаушы, «Білім-күш, күш-білімде» деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».

Бэкон елестердің 4 түрін көрсетті: бірінші, «Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады. Екінші, «Үңгір елестері». Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік түрде қабылдаумен байланысты. Үшінші, «Нарық елестері». Ол дұрыс емес не дәл емес сөздердің нәтижесінде, терминдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда болатын кедергі. Төртінші, «Театр» елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.


5 дәріс.

Жаңа дәуір философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларының әлеуметтік-философиялық негіздері ретінде. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасы. Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесі. Күдіктену қағидасы. Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдері.

Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен жаңалықтар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл - ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің- индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы

Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) еді. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын біоген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс. Қозғалыс – материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух,жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту - адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп, табынушылық жалған эксперимент екенін түсінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір - бірімен байланыста болмайды.

Француз ғалымы және философы Рэне Декарт (1596-1650жж.) ақыл -ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл- ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық - «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден,ол танымның негізін объективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктен субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) – нидерланд философы. Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі – сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл күйге байланысты болады; екіншісі – рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл - ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі – интуиция немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп білу арқылы, олардың түпнегізін (Құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну мен рационалдық танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі ақыл ой ақиқаты немесе кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші түрлі ақиқат деп отырғанымыз – логика мен математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан бұл ақиқатқа жетудің бірден бір жолы – Аристотельдің логикалық заңдарына сүйеніп танып-білу болып табылады.



6 дәріс.


ХVIII-XIX ғасырдағы Неміс философиясындағы таным теориясы. И.Канттың таным теориясы.Фихтенің ғылыми ілімі. Ойлау мен болмыстың теңдігінің гегелдік принципі.


Немістің трансцендентальді-сыни философиясы 18 ғасырдың орта шені мен 19 ғасырдың басын қамтитын неміс пен батыс еуропалық аймаққа таралған: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах сынды ой алыптарының туындыларымен байланысты кезең. Энгельс бойынша марксизм идеологиясына сүйенілген тұғырнамада «немістің классикалық философиясы» деп аталған болатын. Немістің трансцедентальді-сыни философиясы — батыс еуропалық мәдениет пен философияның даму тарихындағы әйгілі кезең бола отырып, айқын нәтижелер мен интеллектуалдық ізденістерде маңызды болып саналған. Бұл өзінің тегі жөнінен философиялық канон немесе канондық философиялық дәуір. Онда Платон идеяларынан бастап, 18 ғасырға дейінгі метафизиканың түйінделуі көрініс беріп, ол әрқашанда әлемдік философиялық ойдың классикалық ареалы түрінде бағаланды.

Кант (Kant) Иммануил (1724-1804 жж.) — неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегінің тууы. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Ойтолғам қабілетіне сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады.

Кейбір мәліметтерде оның философиясын төрт кезеңге бөліп қарастырады: 1) жаратылыстанулық кезең; 2) метафизикалық кезең; 3) сыншылдық кезең: 4) сыншылдықтан кейінгі кезең. Трансцендентальді идеалист ретінде танылған Канттың философиясы таным теориясында көпқырлы терең дүниетанымды басшылыққа алды. Оның осындай трансцендентальді философиясы – барлық пайымдаулар мен ойталқылардың заттардың мәнімен қаншалықты байланысты екендігінен туындайтын, олардың сезімдік көрсеткіштерінің тәжірибе арқылы бекітіле түсетіндігін негіздейді.

Кант өзінің трансцендентальді идеализмін ұсына отыра, универсумдық-континуумдық ойтолғамдарында «антиномиялар» деп аталған қайшылықтарын дәйектей түсіп, ондағы өмір сүрмейтіндік парадигманың көріністерін жалпы концептуалдық мәнде шолып өтеді. Мәселен, бірінші антиномияның тезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталған және кеңістікте шектелген» және оның антитезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталмаған және кеңістікте шектелмеген» деп атап өте отырып: «Егер әлем уақыттың бастауын иеленсе, оған дейін бос уақыт (уақытсыздық) болған болар еді. Бос уақытта қандай-ма болмасын заттардың пайда болуы мүмкін емес, ал егер әлем аяқталатын және кеңістікте шектелген болса, онда әлемнің бос кеңістікке қатынасы болуы тиіс. Бұл кеңістік Ештеңе болып табылады. Немесе ол тек форманың көрінісі ғана және өздігінен әлдебір шынайылық емес»,-деп тұжырымдайды.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель немістің идеалист философы (1770 – 1831 жж.). 1801 жылы Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты бірінші басылымын шығара отырып, 1807 жылы «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады. 1812-1816 жылдары «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Ал Берлиндегі кафедрада жұмыс жасаған кезінде ол «Құқ философиясының очерктері», 1827-1830 жылдары энциклопедиялар өнімдерін тудырды.

Гегель жүйесі 3 бөліктен тұрады: 1) Логика (онтология) әлемді жаратуға дейінгі Құдай болмысы; 2) Натурафилософия – материалдық әлемдегі құдайдың жатсынылуының мазмұны; 3) рух философиясы –Құдайдың өзінің жаратуынан адамдық рухта өзіне қайта оралуы, өзге болмыстан рухтың қайтып оралуы тек адамда ғана, субъективті рух өзінің танылған санасын, өзінің жеке рухани субстанциясын сәйкес деп танымайды, объективті рух қоғам құрған құқ, мораль, құлықтылық арқылы өзінің құрылуында осындай эволюцияны бастан өткізеді. Сондықтан объективті рухтың құрылуында абсолютті рухтың үш формасы бар; байыптау, елестету, білім. Тарих еркіндіктің санадағы прогресімен бірге әлемдік рухтың өзін тану процесі.



7 дәріс.


XX ғасырдағы Батыс философиясындағы сциентистік үрдістер. Позитивизм және оның тарихи формалары. «Бірінші позитивизм», «Екінші позитивизм», «үшінші позитивизм», «постпозитивизм». Экзистенциализм және философияның қүндылықтық сипатына назар аудару. К.Ясперс, А. Камю, С. Кьеркегор.

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен XX-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол XX-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

XX-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

  1. XX-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

  2. Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

  3. Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

  4. Бұрынғы философиялық жүйе XX-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі – психоанализ - ХІХ ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд  (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » ғана емес, «бейсаналыдан » және «саналының алдындагыдан » да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді.

Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді.

Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол» бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Еgо) – саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары» (Sиреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы. Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар немесе либидо. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог-социолог Эрих Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын, табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды  Ното еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

  1. бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

  2. махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.

  3. неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:

  1. Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие.

  2. Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.

  3. Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.

Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.

Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды.


8 - дәріс

Әлемнің физикалық бейнесінің онтологиялық беделі. Әлемнің физикалық бейнесінің эволюциясы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт - материяның өмір сүру формалары. Даму және жалпы өзара байланыс принципі. Материя философиялық категория ретінде

Әлем - уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаған нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан материалдық дүние. Сонымен қатар, бұл нақты өмір сүретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.

Әлемнің физикалық бейнесі табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып - білумен ұштасып келеді.

Кеңістік пен уақыт философияда - философиялық категориялар. Кеңістік пен уақыт категориялары кез келген жүйенің қозғаысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға математикалық сипаттама беру ықтималдығын жоққашығарды. Ал, жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама - қарсы бағытты ұстанды. Спиноза тұрқылықты жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырады.

Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдастыруының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді: 1. механикалық; 2. физикалық; 3. химиялық; 4. биологиялық; 5. әлеуметтік.

Философия тарихында жасалған ең терең әрі мәнді төңкеріс - материяның әлеуметтік, қоғамдық түрінің ашылуы, басқаша айтқанда, адамзат тарихын материалистік тұрғыдан түсіндіру.

Жалпы, дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді. Даму, қозғалыс, кеңістік, материяның философиямен байланысы әлемнің сыр - сипаты, дүниенің түп мағынасы, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттілігі - "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады.



9 – дәріс

Философиядағы сана мәселесі. Сана және ойлау. Сана және тіл. Сана және шығармашылық.

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі мәселенің бірі. Себебі, сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның дүниесі, сана, ақыл, ой.Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер, зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сананың құдіреті. Объективтік жүйеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән.Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы санаған.Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді.

Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегі механикалық бейнесі емес.Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері,естігендері, түйгендері) әсер етеді. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойланып, толғанып жатпайды.Көп нәрсе жатыққан, дағдыланған түрде жасалады. Адам санасындағы зат – бейне, ал реалды зат – оның бастапқы нұсқасы. Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. «Сана өмір сүретін тәсіл,-деп жазды К.Маркс,-және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол - білім».

Француз жазушысы Жан Поль Сартр қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сананың қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни елестету адамға еркіндік береді.

Р.Авенариустың пікірінше, сана мидың жемісі емес, ол принциптік координация бойынша сырттан келген дайын құбылыс. Сондағы «мен» дегені адам, оның санасы, сезімі, ал «мен емес» дегені объективті дүние.

Сананың пайда болуы факторға байланысты: бірі – еңбек, екіншісі – тіл. Миллиондаған жылдар бұрын алғашқы адамға ұқсас гоминид хайуанаттар секілді ағаштан ағашқа секіріп, соның жемісін қорек еткен. Ол кезде оларда сана болмаған. Еңбек әсерімен мидың дамуына сәйкес адамның сезім мүшелері :көзі, сезімі,қолы еңбек етуге бейімделіп дамиды. Тілге байланысты сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, қоғамдық рухани жеміске айналды. Тіл – сананың (ойдың), материяның көрінісі,негізі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз (ойсыз) адам да болмайды. Тіл мен ой (сана) ажырамас бірлікте. Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге дамиды. Адам санасы, оны қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адам санасынан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекет ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекеленген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте – анық және жасырын байланыстар байқалмайтын «сана орталығы». Бұл қабілеттіктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді.Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.


10-дәріс.

Таным философиялық талдау пәні

Таным процесінің диалектикасы

Ғылыми танымның әдістері

Таным проблемасы – философия мазмұнында түбегейлі орын алатын, үлкен мәнді иеленетін, материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған мәселе. Оның басты себебі, таным – қайшылыққа толы күрделі процесс. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р.Декарттың, Г.Лейбництің, Г.Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге болады. Алайда, Гегель дұниені танып-білуде «абсолюттік идеяның» өзін-өзі танып-білу жолындағы бір сатысы ретінде ғана қарастырады. Ал субъективті идеалистер дүниені түйсіктер мен ой-өрістің әр түрлі жиынтығы деп қарайтын болғандықтан, олардың дүниені танып-білуі туралы пікірлері субъектінің өзін-өзі танып-білуіне келіп саяды. Д. Юм мен И. Канттың танымдық көзқарасындағы ортақ нәрсе не деген сауалға келсек, ол мынау: олар «құбылысты» құбылатын нәрседен, түйсікті түйсінілетін нәрседен, «біздік затты» «өзіндік заттан» принципті түрде бөлектеп отырады, соның өзінде Юм «өзіндік зат» туралы ештеңе білгісі келмейді. Кантқа келсек, ол «өзіндік заты» бар дейді, бірақ ол – «тануға болмайтын» зат, білім арқылы емес, наным арқылы білуге болатын зат деп жариялайды.

Диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Бейнелеу – таным-білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым-қатынас процесі.Диалектика танымды практикалық қызмет барысында іске асатын күрделі процесс ретінде қарастыра отырып, оның механизмін де ашып көрсетіп берген болатын. Таным процесі нақты аңғарудан басталады да, абстрактілі ойлауға өтеді, одан практикаға барады.Таным процесінің қандай да болсын – материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады.Таным процесі – сезімдік және рационалды жақтардың диалектикалық бірлігі.

Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты – шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Жалпы, ғылыми таным әдістерін шартты түрде 3 топқа бөліп қарастырады. 1.Жалпылама диалектикалық әдіс. 2.Жалпы ғылыми әдістер. 3.жекеше әдістер.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін эмпириялық және теориялық деңгейлерін ажырату керек, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Ғылыми теорияның құрылымына заттардың, құбылыстардың қасиеттері туралы пікір алмасу, тексеруден өткен фактілер кіреді. Ғылым жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажырлы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.


11 дәріс.

Ғылыми таным және оның құрылымы. Танымның тәжірибелік табиғаты. Қазіргі адамзаттың қажеттіліктер мен оны қанағаттандыру жолдарын іздеу – қазіргі ғылым дамуының негізі. Ғылыми таным құрылымына адамның барлық мәнді күштерінің кірістірілуі. Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері. Танымдағы ақиқат мәселесі. Адасу мен жалғандық. Ақиқат пен сенім.

Ғылымды – эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды. Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Танымның жалпы логикалық әдістеріне: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі".  Ақиқат - алған білімнің шындыққа сәйкестігі. Философиядағы ақиқат туралы ұшқыр ойлар: Бэкон:»Ақиқаттың атасы бедел емес, уақыт» Гегель: «Ақиқат - ұлы сөз, одан да жоғары ұлы зат, олай болса сау адамның бұл сөзді естігенде көкірегі көкке көтерілуі тиіс» дейді.


12 дәріс.

Қоғам - ғылыми таным обьектісі.

Қоғамды түсіндірудің материалистік және идеалистік тұрғыларының мәні.

Қоғам табиғатын формациялық және өркениеттік талдау.

Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің салалығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшелігін көрсетеді. Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құралатын бірлестік. Күнделікті өмірде ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамассыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.

Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықытама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және төрақтылығымен төтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен қөндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. елдерде қоғам мағынасында айтылады. Бөл жерде қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктермен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдар қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э.Дюркгейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М.Вебер адамдардың өзара әрекеті, К.Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т.Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, өлттық шығу тегінің бір болуы деген.

Қоғамдық-экономикалық формация тарихта маркстік, материалистік тұрғыда ұғынудың маңызды категориясы, өндіріс тәсілінің анықталуымен жалпы жағдайды көрсететін, оның тарихи дамуының белгілі бір сатысы.

Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.

Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған – қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.

Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.

Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:

- басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;

- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;

- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;

- ғылыми-техникалық революция.

XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы – ауыл шараушылығы, екінші кезеңде – өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда – білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда – корпорация, постиндустриялдыда – университет.

Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар – К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.

Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды.

Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:

- материализм;

- идеализм;

- эмпиризм;

- рационализм.

Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.

Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.

Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.

Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.



  1. дәріс.

Философиялық ойлау тарихындағы адам бейнелері.

Адам болмысындағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы.

Адам ғылыми және философиялық танымның обьектісі. Адам ұғымы. Адамның био-психоәлеуметтік мәні.

Адамның жаратылу мәселесі. Адам өмірінің мәні.

Адам философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам деген не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зарттеу аясында коптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондақтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянықты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс-әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашалығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зертттейді. Жалпы, біртұтас іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.

Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, өмір сұруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселе болып табылады.

Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.

Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары – еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, жамуына жағдай жасайды. Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл-ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдыретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.

Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кнйіннен жер шарының барлық түпкіріне тарады.

Н.Н. Моисеев «әмбебаб эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеялырының бастауын В.И. Вернадский мен Н.Ф. Федоров еңбектерінен табуға болады.

Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырды. Адамның қалыптасуымен матери өзін-өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы – әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.






14-дәріс.

Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде. Ғылыми ізденістегі рационалдылық пен иррационалдық. Нақты шындықтың ғылыми танымының әлеуметтік-экономикалық, адамшылық және эстетикалық негіздері.

1. Ғылымға толық анықтама және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі ғылым туралы түсінік беру. Ғылымның адамзат даму сатыларындағы қоғамдағы рөлі

2. Рационализм мен иррационализм туралы түсінік беру, және оларды ғылыммен байланыстыру

3. Ғылыми танымның негіздері және оның құрылымы.

Ғылыми-теорялық білімнің өндірісімен байланысқан, әлеуметтік институт немесе қоғамдық сананың формасы ретіндегі ғылым, өз алдына ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғамның мүшелері арасындағы берілген қарым-қатынастар, нормалар және құндылықтар жүйесі ретінде қарастырылады.

«Мән жөнінде, ғылымға нақты анықтама беру мүмкін емес» деп айтқан, “ғылым” туралы ғылымның негіздеушілерінің бірі Джон Десмонд Бернал, ғылымның не екені түсінігіне жақындаудың жолдарын белгіледі. Оның айтуы бойынша, ғылым: 1) институт; 2) әдіс; 3) білімнің жинақталған жоралары; 4) өндірістің даму факторы; 5) адамның әлемге деген сенімнің және байланысының қалыптасуының негізгі факторы.

Әлеуметтік-ғылыми феномен ретіндегі ғылымның екі аспектісі бар: 1) мәдениеттің және қоғамның ғылымға ықпалы; 2) ғылымның мәдениет пен қоғамға ықпалы.

1) Ғылымның әрбір даму сатысы мәдениет пен қоғамның дамуымен қамтамасыз етілген. Қоғам ғылымға өкімет, заңнамалық әрекетшілдік, қаржылық және экономикалық қажетсіну жолдары арқылы әсерін тигізеді. Энгельс бойынша өндірістік жігерліліктің қажетсінуі ғылымды ондаған жоғарғы оқу орнына түртеді. Ғылым өзіндік логикаға негізделіп дамиды; сонымен бірге қоғамның мұқтаждығы ғылымның дамуын жеделдетеді. 2) Ғылым қоғам дамуының негізі болғандықтан, ол сол қоғам мен мәдениетке тигізер әсері мол. Ғылым мен қоғамның байланысы туралы айтатын болсақ, олардың өзге ұғымдар екенін ескертуіміз керек. Мәдениет ғылымнан бұрын пайда болғандықтан және одан кеңірек болғандықтан, қоғамның әртүрлі даму сатыларындағы мәдениет пен ғылымның өзара әрекеттестігі бір қатарлы емес.

Алғашқы қоғамның шартында тап мұндай ғылым қолданылмаған; антикалық дәуір кезінде ғылымның алар орны зор болған; ортағасырларда ғылым рөлі төмен тұрған; Жаңа заманда қоғам өміріндегі ғылым рөлі үдеді, және қазіргі қоғамда оның маңызы зор.

Осыған дейін өткен лекцияларда айтылғандай, таным деп обьективті өмірдің заңдылықтары мен құбылыстары жайлы білімді алу үдерістер, амалдар мен рәсімдердің жиынтығын айтамыз. Қоршаған ортаны тану үшін екі эпистемиологиялық сызбанұсқа қолданылады: рационалдылық пен иррационалдылық.

Рационалдылық дегеніміз – логикалық негізі бар болатын, жүйеге келтірілген әмбебап пән туралы білім. Рационалдылықты құбылыс немесе әрекет ретінде қарастырылатын болса, онда оның негізгі мінездемесі нақты және жүйеленген танымды қолданып ол жайлы білімді басқаларға вербалды дәрежеде жеткізе алу болатын еді.

Иррационалдылықтың екі мағынасы бар, яғни позитивті және негативті.

Иррационалдылық негативті мәнінде – басында белгісіз түрде көрінетін таным нысаны. Таным үдерісі барысында субъект иррационалдықты түсінікті, логикалық түрде берілген, жалпылама білімге айналдырады.

Ал позитивті мәнін қарастырсақ, иррационалдылық түптеп келде таныла алмайтын құбылыс, ол тек аталына алып, сезілінеді, бірақ ұғымдар деңгейінде көрсетіле алмайды.

Ғылыми танымның нақты шындығы қоршаған факторларға тікелей байланысты болғандықтан, оның әлеуметтік-экономикалық, адами және эстетикалық негіздері сол нақты шындықтың анықтамасының құрама бөлігі болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылым дегеніміз не?

2. Ғылымның қоғамға және мәдениетке ықпалы; қоғам мен мәдениеттің ғылымға деген ықпалы.

3. Ғылымның қоғамдағы орны.

4. Әлеуметтік ғылыми ретіндегі таным туралы не айта аласыз?

5. Таным дегеніміз не?

6. Танымдағы рационализм мен иррационализм мәселелерін түсіндіріңіз.

7. Ғылыми таным және қоршаған факторлар арасындағы байланыс туралы айтыңыз




15-дәріс.

Қазіргі заманғы жаһандық мәселерінің ғылыми таным философиясы. Жаһандық модельдеу. Жаһандану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі кездегі түйткілді мәселелері ретінде.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен  тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.

Біріншіден, жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты "бір қалыпқа"  салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені, барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіздің өндірген тауарды сырт елдерге шығаруға болмайды.

Жаһандану үрдісі әр-түрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі.

Екінші мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі.

Жаһандану үрдісі "Солтүстік пен Оңтүстік" проблемасын тудырды. Бұл төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі  төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік.

Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де "функционалдық надандықта" болуы мүмкін. Яғни, ол компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр.

Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, рак т.с.с. "цивилизация ауруларын" келтіруге болады.

Антиглобализм – XX ғ. соңында пайда болған, "төменнен" азаматтар мүддесіне сай қимылдайтын әлеуметтік-саяси қозғалыс. Антиглобализмнің жақтастары, әдетте, бұл атауды бірегейлену мақсатында қолданбайды (немесе тырнақшаның ішінде қолданады), өйткені қозғалыс ықпалдасу процестеріне қарсы түруды емес, қазіргі үстемдік етіп отырған жаһанданудың либералды капиталистік түрін өзгертуге талпынады. Қозғалыстың негізгі мақсаты демократияға, әлеуметтік теңдікке, өзіндікті сыйлауға және ұлттық-мәдени құрылымдардың өзіндік ерекшелігіне негізделген экономикалардың, халықтардың, мәдениеттердің ықпалдасуы процесінің дамуы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2025
33
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі