Физика 10 сынып "Үзіліссіздік теңдеуі.Бернулли теңдеуі.Көтергіш күш"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика 10 сынып "Үзіліссіздік теңдеуі.Бернулли теңдеуі.Көтергіш күш"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Сұйықтар мен газдардың механикасы

Күні:

Сынып: 10

Мектеп: Ш:Уалиханов атындағы орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Кагазбекова Х.К


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үзіліссіздік теңдеуі.Бернулли теңдеуі.Көтергіш күш


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.5.2 -үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

Эксперименттік есептер шығаруда үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеулерін қолдану

Оқушылардың басым бөлігі:

Үзіліссіздік, Бернулли теңдеулеріне сандық есептер шығаруда дағдыландыру

Кейбір оқушылар:

Үзіліссіздік, Бернулли теңдеулеріне, сапалық есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі


  • Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеулерінің физикалық мағынасын түсіндіреді.

  • Үзіліссіздік, Бернулли теңдеулеріне есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты:

Үзіліссіздік, Бернулли теңдеулерін ауызша және жазбаша түрде сипаттай және жүйелей алады.

Пәндік лексика және терминология:

Жылдамдық өрісі,қозғалыс ағыны,стационарлық ағын,идеал сұйық,Бернулли теңдеуі

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Ағын түтігі деген не?

Ағын сызығы нені білдіреді?

Қандай сұйықты идеал сұйық деп атайды?

Қандай заңдылықты пайдаланып Бернулли теңдеуін қорытып шығардық?

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды жұпта, топта, ынтымақтастықпен еңбек етуге,ізденуге, ойын жүйелі жеткізуге,өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыс

Есептер шығаруда математика пәнімен байланысты

Алдыңғы білім

Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және трубленттік ағыстары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал орнату: «Игі тілек»

Топқа бөлу:«Стикерлер арқылы»

1-топ:Идеал сұйық

2-топ:Реал сұйық

3-топ:Тұтқыр сұйық

(W) Ширату жаттығулары:«Миға шабуыл»

1. Гидроаэродинамикада қандай құбылыстар зерттеледі?

2.Қандай қысым гидростатикалық деп аталады? Ол неліктен пайда болады?

3. Паскаль заңы нені ұжырымдайды?

4.Ығыстырушы күштердің пайда болу себебі неде?

5.Ауа тығыздығы және атмосфералық қысым биіктіктің артуымен байланысты қалай өзгереді?

(f): «Ынталандыру» .

Жаңа сабаққа шолу: «Ой қозғау».

Құбырдың жуан бөлігінде ағыс жылдамдығы көп пе,әлде жіңішке бөлігінде ма?Аудандары әртүрлі құбырдағы сұйықтар жылдамдығы қандай?













Сабақтың ортасы

20 минут

Белсенді оқу: «Тұжырымды ой».

Білім дағдысы: білу,түсіну

(G) 1-тапсырма.

Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеулерінің физикалық мағынасын мәтінмен жұмыс арқылы түсіндіреді.

(f): «Екі жұлдыз бір тілек»

Белсенді оқу :«Ойлан-жұптас-бөліс»

Білім дағдысы: қолдану

(І,Р,G) 2-тапсырма

1.Беті тегіс үстелдің үстінде суы бар ыдыс тұр.Ыдыс бүйірінде табанына жақын жерде ауданы 5см тең тар саңылау бар.Егер ыдыстағы судың биіктігі 40см болса,ыдысты жылжытпай тепе-теңдікте ұстап тұру оған ең аз қандай күшпен әсер ету керек?

2.Су көлденең қимасы өзгеретінкөлденең түтікпен өтеді.Оның кең бөлігінде ағын жылдамдығы 20 см/с.Құбырдың тар бөлігінің диаметрі құбырдың кең бөлігінің диаметрінен 1,5 есе аз болса құбырдың тар бөлігіндегі ағынның жылдамдығы қандай болады?

(f) «Топты бағалау»

Бағалау критерийі

дескриптор

Күшті анықтайды

-есептің шартын жазады;

-ХБЖ келтіреді;

-формуланы түрлендіреді;

-жылдамдықты анықтайды

Ағынның жылдамдығын анықтайды

-есептің шартын жазады;

-ХБЖ келтіреді;

-формуланы түрлендіреді;

-жылдамдықты анықтайды








Оқулық 10сынып

Кронгарт Б.А.























Сабақтың соңы

8 минут

Бекіту кезеңі.

Белсенді оқу: «Жылдам сұрақ»

Ағын түтігі деген не?

Ағын сызығы нені білдіреді?

Қандай сұйықты идеал сұйық деп атайды?

Қандай заңдылықты пайдаланып Бернулли теңдеуін қорытып шығардық?

Рефлексия «БББ»

Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша дайындық сұрақтарына жауап жазып келу. Үзіліссіздік теңдеуі.Бернулли теңдеуі.Көтергіш күш оқу.














Қосымша ақпарат


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Балаларға қалай көмектесесіз?

Бағалау – оқушы білімін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тапсырмасын тіркеуде «Миға шабуыл» әдісі арқылы әдісі арқылы көпшілік оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолжетімді ресурстарды қолдану арқылы үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуінің сипаттамаларын тұжырымдайды, анықтайды. «Тұжырымды ой» әдісі арқылы басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істей алатын кейбір оқушылар қол жетімді үдерісін қолдана отырып, сабақты еркін меңгереді.

Оқушы білімін қадағалау үшін қолданылған кері байланыс түрлері:

««Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы өз ойымен бөлісуін бақылаймын. «Топты бағалау» әдісі бойынша оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты дәрежеде түсінгенін бағалаймын.

Физика сабағында жалпы қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия



Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.

1:

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2020
4859
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі