Физика баяндама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖҰМБАҚ, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.

Рустемова Жумагул

60 жалпы орта білім беретін мектеп, физика пәні мұғалімі

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. 1. Халқымыздың салт - дәстүр, әдеп - ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану
1. 2. Мақал - мәтел – халық даналығының айғағы
3. Қорытынды

1. Физика пәндерін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.

Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.

2. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы әдет-ғұрып, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Халықтық педагогиканың физика пәні бойынша мақал-мәтелдер, жұмбақтардан пайдалану

Дәстүрлі сабақ түрлерін өткізуде қайталау-пысықтау сабақтарында,сайыс сабақтарында пайдалануға болады. Оқушылардың қосымша мақал-мәтелдерді пайдаланудың орны ерекше. Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым-қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Сондықтан да олардың тәрбиелік мәні бар. Мақал-мәтелдерді физика сабағында пайдаланудың түрі көп. Оны тандауды, оқытылатын сыныптың ерекшелігіне қарай отырып, пән мұғалімінің өзі шешкені дұрыс болады. Мақал –мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп , халықтың өмірін ,еңбек әрекетін , оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын шынайы көрсетіп отырады.Мақал мәтелдерде теңеу , суреттеу жете көңіл бөлінеді.Табиғат құбылыстары арасындағы өзара байланыс айқын көрінеді.
3.8 - сыныпта «Жылу өткізгіштік» тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, байланысты тұлып, ішік тігіп кигендерін түсіндіру керек. «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал-мәтелдерді мысал келтіріп, талдатуға болады.

1. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.

2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.

3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.

4. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады.

5. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.

6. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.

7. «Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.

8. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.

8-сыныпта «Жылу құбылыстары» тақырыбында төмендегі мақал-мәтелдерді пайдалануға болады:

1. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен.

2. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

3. Қол жұмылмай, жылынбайды. (Жылу берілу)

4. Нан піскенше күлше күйеді. (Меншікті жылу сыйымдылығы)


9 сыныпта «Ньютонның қозғалыс заңдарын» өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – «Арқан тарту», «Күш сынау», тағы басқаларын айтса, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды.
9, 11 сыныптарда «Механикалық толқындар» тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта тұрған ішекті тепе - теңдігін бұзып тербелтеміз, екіншіден ішектің тербелісі ауаға беріліп, ол арқылы дыбыс бізге жетеді, үшіншіден домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың қалай дыбыс шығаратынына тоқтала кеткен жөн.
10 - сыныпта «Броундық қозғалыс» тақырыбына келейік. Бұл сабақта да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолы бар. Нақты дәлелге жүгінсек, күбіге айран піскенде майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.
11 - сыныпта «Спектрлер» тақырыбы туралы. Мұнда ақ және қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан - жақты ұғындырған ұтымды.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты — сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Осы тұрғыда мұғалім техникалық құрал-жабдықтармен түрлі дидактикалық материалдар әзірлеп, әртүрлі ойын элементтерін пайдалану арқылы сабақты түрлендіріп отырады. яғни физикамен байланыстыра қолдануға болады.

  7 - сыныпта «Диффузия құбылысы» тақырыбын өткенде айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы, температура жоғары сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. «Қысым» тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді.

«Табиғат құбылыстары» тақырыбында жұмбақтар қолдануға болады.

1. Таңертең бар кешке жоқ, Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын, Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас. (шық)

2. Етек-жеңі жиналмай, Дауыл тұрса дым қалмай

Түйдектеліп көшеді, Тоз-тоз болып өшеді. (бұлт)

3. Түсі бар көрінбейтін, Бір тұтас білінбейтін,Тынысы бар тіршіліктен, Ешқашан жүрмейтін. (ауа)

4. Мүлгіп тұрған бақ тыныш, Ораныпты ақ күміс. (қырау)

Физикалық шамаларды өлшеу:

Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Қарыстан сүйем жуық. Гауһарды мысқылдап өлшейді.

Диффузия

Бір құмалақ бір қарын майды шертеді. Жұпарды жасыра алмайсың

Молекулалардың өзара тартылуы және тебілуі.

Бүргені тұту үшін де бармағыңды сулайсың. Білтесіз шырақ жанбайды, жігерсіз жігіт оңбайды.

Ағаш тамырынан су ішеді. Бос қап тік тұрмас

Механикалық қозғалыс:

Шапқан озар, жатқан қалар. Қимылдаған қыр асар.

Тура жол ең қысқа жол. Аттыға жаяу жлолдас болмас.

Инерция.

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер.

-Сабы бос шотпен отын жарма, сабырсыз доспен жауға барма.

-Шапшаң жүргенде шаң жұқпас.

-Жапалақты тасқа ұрсаңда жапалақ өледі.

Таспен жапалақты ұрсаңда жапалақ өледі.

Күш

-Биіктен төмен жүгіру оңай, ал төменнен өрге жүгіріп көр.

-Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.

-Бидайдың кеудесін көтергені, дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені, ақала жоқтығы.

Мәуелі ағаш майысқақ. Иін ағаш иілгенмен сынбас.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Үйкеліс күші:

-Саусақ бірікпей, ине ілінбейді.

-Етікті нәл сақтайды,жігітті әл сақтайды.

-Тар киім тез тозар.

-Найза салу ерліктен, ат жауыры терліктен.


Архимед күші:

-Суға тамған май батпас.

-Сүт тасыса қаймағы төгілер, ашу тасыса ақылы төгілер.

Кемені суға дария батырмайды, дауыл батырады.

Қысым:

Қатты бұтаққа өткір балта керек.

Бізді қапқа жасыра алмайсың.

Қатынас ыдыстар:

Дария жанынан құдық қазба.

Механикалық жұмыс:

Күшіне қарай ісі.

Күші жоқ итте жүгірмес.

Қара күш айлағабас иеді.

Күш моменті:

Терек қисайған жағына жығылады.

Биік ағаш бұрын құлайды.

Ағаш ұстаған жерінен сынбас.

-Ошақтың бір аяғы сынса,

Қазандағы ас төгіледі.

-Кетпеннің басын бассаң,

Сабы маңдайыңа тиер.

-Тарының дәні де таразының табағын төңкеріп тастайды.

Жылу берілудің түрлері:

-Тонның жылуы терісінен емес жүнінен

-Астарды шапан тоңдырмас,

-Көсеу ұзын болса, қол күймейді.

-Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.

-Қол жуылмай – жылынбайды.

-Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.

Қатты денелердің балқуы және қатаюы:

-Мезгілі жеткенде мұзда ериді.

-Отқа салса темір де балқиды.

Булану және конденсация:

Күн шыққан соң суарған суды, күн жұтады.

Күн батқан соң суарған суды, жер жұтады.

Аузы күйген үрлеп ішеді.

Быламық бетінен суыйды,

Көже түбінен суыйды.

Дән себілмей астық өнбейді,

Дария буланбай шық түспейді.

Қайнау:

-Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

-Ыстықтан су қайнайды.

Отын энергиясы:

Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады.

Теректің жануында мін жоқ,

Бірақ жылуында мән жоқ.

Азықсыз адам алысқа бармайды.

Электр заряды:

-Найзағай биік ағашты бұрын соғады.

-Жалғыз еменге жай түскіш.

4.Қорытынды
Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық, ұлттық салт - дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу. Сабақты тартымды, қызықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына, талантына, біліміне байланысты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға, тәжірибе жасап, оған қорытынды жасай білуге, сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін ұғым түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Ғасырлар бойы күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана береді де.
















Shape1
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі