Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Физика елінде" сыныптан тыс сабақ 8класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдинеттілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым-қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Физика елінде»

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдинеттілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым-қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Сабақтың түрі: танымдық ойын, сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: жұптық, білімділік, ойын түрлері

Сабақтың көрнекілігі: гүлдер, үлестірме қағаздар, шарлар, слайд, стикер

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Оқушыларды түгендеу

ІІ. Негізгі бөлім

Таныстыру

«Білімділік»

Физика – әзіл әлемінде

ІІІ. Қорытынды.

Қайырлы күн қымбатты
оқушылар, ұстаздар!Сөз бастайын термелеп өлеңменТәрбиелі, білімді боп әрқашан.Өс өркенде қанат жайып кемелден Құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға хош келдіңіздер! Кешімізді ашық деп жариялаймыз!Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі барБіреуінің күмбірлеген күйі бар,Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, ендеше, ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.

Ойынға қатысушы 8 топты қарсы алыңыздар!1 топ «Молекула»2 топ «Уақыт»3 топ «Көлем»4 топ «Жол»5 топ «Күш»6 топ «Жылдамдық»7 топ «Қысым»8 топ «Тығыздық»Әділ қазы мүшелерімен танысайық1.Математика физика пәні мұғалімі Абишева А.А, Сағынбаева С.К және информатика пәні мұғалімі Тулегенова Г.Б. Сырлары көп білімнің Шешілмеген әлі де,Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне- деп келесі кезекті сайысымыздың 1кезеңіне береміз. «Таныстыру» (әр топ өздерінің топтарын физикамен байланыстырып таныстырады) Топтардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен. Әр топтың бағаларын оқып айтып шығу.Мәңгі – бақи есте қалар,Қызықты бір жиын болсын.Білімдірек шәкір озар,Сұрақтары қиын болсын- деп келесі сайысымызға жол берейік.«Білімділік» (әр топқа 5 сұрақтан қойылады)«Молекула» тобы1. Метр грек сөзі? («өлшеймін» деген мағына береді)2. Диффузия латын сөзі? («жайылу, таралу» деген мағына береді)3. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)4. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)5. Жұмыс-Жұмысың табысты ,Ісің алғысты болсын!«Уақыт» тобы1. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)2. Нано бірлігінде неше дәреже бар? (109)3. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)4. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)5. Күш-Күш –жігеріңіз сарқылмасын!

«Көлем»1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды) 2. Массаның өлшем бірлігіне не алынған? (кг)3. Жылу алмасуынсыз жүретін процес қалай аталады? (адиабаталық процес)4. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)5.
Қуат- Уа, халайық! Бай-қуатты болайық! «Жол»1. Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)2. Заттың қатаятын температурасын қалай атаймыз? (қатаю немесе кристалдану температурасы)3. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )4. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)5. Күн –Күндей жарқырап тұр! «Күш»1. Көкке қараған жұлдыз санаған құрал (телескоп)2.Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)3. 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)4. Молекулалардың ретсіз қозғалысы... (жылулық қозғалыс) 5. Дәреже-Дәрежең еселенсін! Талабың өсе берсін! «Жылдамдық»1. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)2. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)3. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)4. Заттың бірлік массасын 1 -қа қыздыруға қажетті жылу мөлшеріне тең шаманы қалай атаймыз? (заттың меншікті )5. Ай –Айың әр уақытта оңыңнан тусын!«Қысым»1. Теңізде қандай тастар болмайды? (Құрғақ)2. Жазуға болатын химиялық элемент? (Бор)3. Гелиос грек сөзі ? («күн» деген мағынаны білдіреді)4. Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)5. Жұмыс- Жұмысың табысты , Ісің алғысты болсын!«Тығыздық»1. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? (ауа)2. Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)3. Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)4. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр)5. Жер-Жер бетінде бейбітшілік болсын!
Қалжыңдалық, қатты ойналық,Күлгенді де, ілгенді де қоймалық.Қай – қай кезде айту үшін жаралған,Бірақ соны айту керек ойланып– деп сайысымыздың келесі бөлімінде. Физика – әзіл әлемінде (әр топ «әзілің жарасса атаңмен ойна» қағидасымен физикалық заңдылық, термин, формулаларды пайдаланып әзіл өнер көрсетеді)«Молекула» тобыБалалары сөз кезегін алады,Таныс болып сіздерге сөз салады.Әр баланың сөз өнерін көрейік,«Молекула» саған кезек берейік.«Уақыт» тобы«Уақыт»  саған  сөз  бердім,Сөз  алып  кәне,  ерлегін.«Көлем» тобыКөлдей болған көлемніңБар екен, қандай өнеріСөз кезгіне аладыОртаға барып салады.

«Жол» тобыӨмірге жол бастайтын болып өзек,«Жол» саған, міне, енді келді кезек.«Күш» тобыПатшаның «Күш» аталған  құдіреттіБар екен бір баласы ақ ниеттіБерейік сөз кезегін күш өзіңе,Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.

«Жылдамдық» тобыКелді кезек «Жылдамдық» бір өзіңеҚұлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!«Қысым» тобыПатшаның «Қысым» атты баласынаСөз кезегі келіпті данасына«Тығыздық» тобы«Тығыздық» тұр  шыдамайАйналаға ұнамайАл сөйлесін тығыздық,Сөз төркінін қуалай.Әділ қазылар алқасы әр жұптың бағын берсеңіздер.

Жас достарым,Мұны жақсы ұғайық.Физика – құрметтеуге лайық,Дүниедегі құбылыстың мәніне,Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,Мүмкін емес физикасыз түсіну,Физикаңыз – дүние кілті әлі де – деп сайысымыздың соңғы 5 – бөлімін тамашалауға шақырамыз.«5 жаңалық» (Физикадан 5 жаңалық айтады, оқулықтан тыс жан-жақты ізденіс). Әр топты хабарлап отыруОлар жайлы төреші,Көрермендер өздерің.Ақ – қарасын айырып,Куә болды көздерің –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.Көңіл бөліп бұл кешке,Келгендерге көп рахмет.Шын сезінген көрерменге,Мың рахмет, мың рахмет!Осымен біздің кешіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12