Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Физика пәнінен логикалық есептер шығару
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Логикалық есептер шығарту
Мақсаты: Физикадан есептер шығару оқушылардың алған білімін бекітуге, ойлауын дамытуға, физикаға қызығуын артыруаға, проблемалық оқытуға жағдай жасауға қолданылуын түсіндіру және физикадан есептердің классификациясын беру. Оларды шығару әдістемесін түсіндіру.
Физика есептерінің классификациясы
Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; шешу тәсіліне қарай классификациялауға болады .
Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартгы түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика, электрдинамика т.б. болып бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді, Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады.
Физика есептері |
|
Классификациясы |
Есеп түрлері |
1. Мазмұнына |
а) механика ә)молекулалық физика және термодинамика б) электродинамика в) кванттық физика |
2. Берілу тәсіліне қарай |
а) мәтінмен берілген ә)суретпен берілген б) графикпен берілген в) сұрақ есептер |
3. Қиындығына қарай |
а) жаттығу ә) орташа б) қиын в) шығармашылық |
4. Шыгару әдістемесіне байланысты |
а) сапалық ә) есептеу б) эксперименттік в) графиктік |
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталанған кезде, оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді.
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұрақ-есептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.
Логикалық есептер
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
6. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=6
7. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
8. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.
9. Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге алуға болады?
Жауабы:12+1кг=13 12/2=6 6=6 13+6=19
10. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді? Жауабы: 9 есе
33. Селодан қалаға дейін велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығын тап.
Шешімі: (20+10)/2=15
11. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. Жауабы: 6*(8+20):4-2=40
13. 8*8 кестесінде он жеті клетканы бояп, және осы боялған клеткалар қатар тұратындай етіп орналастыруға бола ма?
Жауабы: жоқ. Кестені 2*2 болатын 16 квадратқа бөлейік. Онда осы екі клетканың біреуі боялған болады, олар көршілес болады.
14. Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см? Шешімі: 120*4=480 174*2=348 4+2=6 (480+348)/6=138 см
15. Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар? Жауабы: 45 сан
16. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53
17. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсысының жасы нешеде?
Жауабы: 36;12
18. 555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме?
Шешімі: бөлінеді, себебі: 1) 5-ке аяқталады – 5-ке бөлінеді, 2) цифрларының қосындысы 3-ке бөлінеді – 3-ке бөлінеді
19. Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
20. 10 оқушы олимпиадада 35 есеп шығарды. Олардың арасында тек бір есеп, тек екі есеп, тек үш есеп шығарған оқушылар бар. Солардың ішінде бес есеп шығарған оқушы бар екенін дәлелдеңіз.
Шешімі: Дирихле принципі: Егер n клеткаға n+1 қоян отырғызсақ, бір клеткада кем дегенде 2 қоян бар болады. 1. қоян рөлі 2. клетка рөлі 3. отырғызу реті 4. жауабы 1+2+3=6 35-6=29 (есеп) 10-3=7 (оқушы) 1. есептер саны 2. оқушылар саны 3. шығарған есептер санына қарай 4. a=bc+r 29=7*4+1
21. Дөңгелек үстел басында 100 адам отыр. Ер адамдар әйел адамдардан артық. Дөңгелек бойымен бір-біріне қарама-қарсы отырған екі адамның ер адам екендігін дәлелдеңіз.
Шешімі: 1. адам саны 2. 50 жұп 3. жұптары бойынша отырғызу 4. ер адам көп болғасын 1 клеткада 2 ер адам отырады.
22. Сөреде 5 кітап тұр. Жинақ – бір немес бірнеше кітаптардан тұра алатын болса, кітаптарды неше тәсілмен жинақтарға бөлуге болады? Шешімі:5+5*4+5*4*3+5*4*3*2+5*4*3*2*1=325
23. Қатар тұрған үш натурал сандардың көбейтіндісі 6-ға бөлінетінін дәлелдеңіз.
Шешімі: Бұл үш сан арасында 2-ге және 3-ке бөлінетін сан бар. Демек, үшеуінің көбейтіндісі 6-ға бөлінеді. Мысалы: 11, 12, 13 немесе 14, 15, 16 т.б.
24. 15 бала 100 жаңғақ терді. Ішінде 2 баланың терген жаңғақтар санының тең екендігін дәлелдеңіз.
Шешімі: (Кері жору) Әрқайсының терген жаңғақ саны әртүрлі деп алайық. Онда 0+1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12+13+14=105 Ал бізде жаңғақ саны – 100. Бұл есепке қайшы келеді. Демек, кем дегенде екі бала бірдей жаңғақ тергені дәлелденді.
25. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады?
Жауабы: Капитан ретінде 11 ойыншы бола алады. Капитанды таңдағасын қалған 10 ойыншы оның орынбасары бола алады. 11*10=110