«Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру»
Исатова Бану Сапаргалиевна
Педагог-сарапшы
Физика-математика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылы.
«Шошанай орта мектебі» КММ
Аннотация
Бұл мақалада физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы олардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары қарастырылады. Зерттеу мақсаты – оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету және өмірлік жағдайларға бейімделу қабілеттерін жақсарту. Қолданылған әдістер: физикалық эксперименттер, күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығару, 3D модельдер мен визуалды материалдар қолдану. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау барысында теориялық біліммен қатар практикалық дағдылар да ескеріледі. Нәтижесінде, оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ғылыми ойлау қабілеттері арттырылып, олардың шығармашылық қабілеттері дамытылады. Зерттеу критерийлері: оқушылардың теориялық білім деңгейі, практикалық дағдылар мен шығармашылық қабілеттері, функционалдық сауаттылықты дамыту көрсеткіштері.
Түйін сөздер: Функционалдық сауаттылық, физика пәні, танымдық белсенділік, ғылыми ойлау, практикалық дағдылар, 3D модельдер, шығармашылық қабілеттер, күнделікті өмірдегі есептер, оқу әдістері, білім беру инновациялары.
Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқушылардың алған білімдерін тек теориялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қолдана білуі білімнің тиімділігін арттырады. Бұл тұрғыда физика пәні ерекше рөл атқарады, себебі ол ғылыми білімді практикалық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік береді. Физика ғылымы табиғат заңдылықтарын түсіндіре отырып, оқушылардың аналитикалық ойлауын дамытады және оларды ғылыми әдістермен жұмыс істеуге дағдыландырады.
Өзектілігі. Бүгінде білім беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған көптеген инновациялық әдістер енгізілуде. Әсіресе, физика пәнінде оқушылардың алған білімін өмірде қолдану, ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды. Оқушылардың физикадағы теориялық білімдерін күнделікті өмірде пайдалану қабілеті олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіреді. Осы орайда, физика пәнін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты арттыру, оқушылардың танымдық белсенділігін және пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми маңыздылығы. Физика пәні табиғат құбылыстарын түсіндіре отырып, ғылыми ойлауды дамытуға, сонымен қатар, алған білімді өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы пән арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру, оқушылардың болашақ өмірде кездесетін мәселелерді шешу қабілеттерін жетілдіреді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді енгізудің маңыздылығын көрсетеді, яғни оқушылардың физикадан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануына мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты — физика пәні арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, олардың алған білімдерін өмірлік жағдайларға бейімдеп, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Когнитивтік дағдылар мен функционалдық сауаттылықтың байланысы.
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін когнитивтік дағдылар маңызды рөл атқарады. Когнитивтік даму функционалдық сауаттылықпен тығыз байланысты. Когнитивтік даму адамның ойлау, талдау, проблемаларды шешу, және ақпаратты түсіну қабілеттерінің қалыпасуын білдіреді.Мысалы, оқу немесе жазу кезіндегі ақпаратты түсіну, салыстыру, критикалық ойлау.Когнитивті даму моделі Пиаже, Сиглер және Салливаның үлестерінен пайда болып, білім беру саласында теория мен практикада кеңінен қолданылды.Олардың білім беру жүйесіне қосқан үлестері білім беру ортасын ұйымдастыруда, оқу бағдарламасын реттеуде, оқыту әдістемесінде, сондай-ақ тестілеу мен бағалауда байқалады.Когнитивті даму-адманың ойлау және ұйымдастыру жүйелерінің дамуы.Функционалдық сауаттылық-бұл адамның күнделікті өмірде қажетті ақпаратты тиімді пайдалану, білімді тәжірибеде қолдану қабілетін қамтиды.
Әдістері. Танымдық белсенділікті арттыру жолдары.
Танымдық белсенділік-бұл адамзаттың білім алуы, ақпаратты өндеу және мәселелерді шешу процесіне белсенді қатысуы.
-
Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту-олардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолы. Физикалық эксперименттер мен зертеулер жүргізу барысында оқушылар өз бетімен тәжірибе жасап, алған білімдерін практикада қолдана алады
-
Проблемалық оқу әдістері. Проблемалық жағдайларды қою арқылы оқушыларды талдау, сыни ойлау және шешім қабылдауға ынталандыру.Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
-
Инновациялық технологияларды қолдану. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Мысалы: интерактивті тақталар,мультимедиялық материалдар және виртуалды эксперименттер физика пәнін қызықты әрі қолжетімді етеді.Симуляция бағдарламалары:физикалық құбылыстарды модельдеу үшін қолданылатын бағдарламаларды қолдану.Робототехника-физиканың теориялық аспектілерін практикалық түрде қолдану үшін оқушылар роботтарды жобалап, бағдарламалауға қатыса алады.
-
Топтық жұмыс. Оқушыларды топтарға бөліп, әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы олардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Бұл әдіс коммуникациялық дағдыларды қалыптастырып, оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
-
Есептерді қолдану. Есептер шығару оқушыларды зерттреу жұмыстарына баулиды. Кейбір есептер нақты эксперименттік деректерге негізделуі мүмкін, сондықтан оқушыларды деректерді талдап, қорытынды жасауға үйретеді.
Мысалы: 1 литр суды қыздыру үшін неше минут қажет екенін анықтау.1 литр суды электірлік шәйнекте 1 минут ішінде қыздырса, су 800С дейін, ал 2 минутта 1000С дейін қыздыруға болатынын талқылау.
Эксперименттік есептер. Биіктіктен құлау: Оқушылардан 5 метр биіктіктен бірдей массада екі зат(мысалы, доп және кітап) құлаған кезде қайсысы бірінші жететінін талқылауды сұрау. Неліктен олар бірдей уақытта жерге жетеді?
Дыбыс жылдамдығын анықтау: Оқушылардан дыбыстың 100 метр қашықтықта қанша уақытта естілетінін тәжірибе жүзінде бақылауды сұрау. Олар дыбысты(сигналды) жіберіп, өздері дыбысты естігенге дейін уақытты өлшеп,салыстыра алады.
-
Кросс-дисциплиналық тапсырмалар.
-
Оқушыларға тамақтың жылу өткізгіштігі туралы айту. Мысалы, қайда қандай ыдыстармен тамақ дайындау тиімді екенін талқылау(металл,пластика,керамика)
-
Оқушылардан спорттағы физика заңдарын талқылауды сұраңыз. Мысалы, футбол добын тебу немесе секіріп тұрған кезде күштің әсерін қалай сезінетіні туралы ой-пікірлерін сұрау
Әдебиеттерге шолу.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың түрлі тәсілдері мен әдістері көптеген ғалымдармен зерттелген. Оқушылардың когнитивтік дамуын, танымдық белсенділігін арттыруға қатысты ғылыми жұмыстарда әр түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылған. Когнитивтік даму мен функционалдық сауаттылықтың арасындағы байланысты зерттеген ғалымдар арасында Пиаже, Сиглер, және Салливаның теориялары кеңінен қолданылған [1].
Нәтиже.
Физика пәні арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру олардың білім алуға деген ынтасын және танымдық белсенділіктерін көтереді. Қолданылған әдістер мен тәсілдер оқушыларға теориялық білімдерін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беріп, олардың практикалық дағдыларын дамытады. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін нығайтып, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, функционалдық сауаттылықты арттыру олардың өмірге бейімделу қабілеттерін жақсартып, ғылым мен технологияны тереңірек меңгеруге ықпал етеді.
Қорытынды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам.Функционалдық сауаттылық тек оқушылардың алған білімді жаттап алуы ғана емес, ол білімді нақты өмірде қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруды көздейді.Физика пәні осы мақсатқа жетуде ерекше рөл атқарады, себебі физикалық заңдар мен құбылыстарды түсіну оқушыларға әлемді тереңірек тануға мүмкіндік береді.Физика пәнінде есептер шығару, экспреименттер жүргізу,зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және проблемалық оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға болады. Әрбір сабақта жаңа білімді меңгерумен қатар, оны өмірлік қажеттіліктерге икемдей білу қабілетін қалыптастыру-оқытудың ең тиімді нәтижесі.Нәтижесінде, оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алатын,логикалық және сыни ойлай алатын оқушылар болып қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ахметова, Н. К. (2015). Физика пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі. Алматы: Білім.
2.Хамзина, Б. С., & Есенова, А. М. (2021). Инновациялық оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту. Ұлттық педагогикалық зерттеу журналы, 8(3), 102-108.
3.Пиаже, Ж. (1977). Жеке тұлғаның дамуы және білім беру. Алматы: Рауан.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру

шағым қалдыра аласыз