Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылы Рахат орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі Скакова Арайлым Бахтияровна
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ӘРТҮРЛІ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі кезде оқушының ой-өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі, мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.
Осы
міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің
атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының
тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның
тұғыры.
Оқушылардың білімге
ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі –
сабақта әртүрлі ойындарды қолдану.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, - деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.
Атақты француз ғалымы Луй де Бройль былай дейді: «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады».
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз – оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, бағалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсінікке аударады. ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұны мен сипатталады.
Ойын оқушылардың достық, жолдастық, қарым-қатынасын орнықтырады, бір-біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын-мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүние және білім танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндеті – оқуда, еңбекте болсын, алға қойған мәселелерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.
Ойынды жүргізудегі
мұғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге
асқан жағдайда жақсы нәтижеге
жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне,
мұғалім ойлап табады. Дегенмен
физика пәніне ең жақсы
ойынды ойлап табуды, класта
немесе мектепте оқушылар арасында конкурс
жүргізуге болады.
Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын
ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан,
мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау
тиіс.
Қазіргі мұғалім әрбір
сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі
қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету, олардың
ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп,
тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын таңдай білу керек.
Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды
шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген
жөн.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық, белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процессіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды.
Біріншіден, ойын сергіту сәті болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады, үшіншіден, өтілген материалдарды қайталау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Бұдан оқушының есінде көп нәрсе қалары сөзсіз. Ойындар әр түрлі бағытта жүргізіліп отырады. Мысалы, бірде оқушылар жалпы өтілген теориялар мен анықтамалар бойынша жарысқа түссе, бірде формулалар мен өлшем бірліктерді айтады, тағы бірде ұлы физик ғылымдардың аты-жөндері мен өмірлері жайлы айтысады.
Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Физикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызығы қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады.
Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Физикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.
Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар табиғат зандарын оқып, білуі тиіс.
Ал енді физикалық есептерді шығару барысына тоқталып өтейік. Физиканы оқыту әдістемесі есеп шығару процесінде үйретуден гөрі ұйымдастыру жағына көбірек көңіл бөледі. Қазіргі кезеңде орын алған есеп шығару әдістемесі негізінен «не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді, ал қалай істеу керек деген сұраққа жауап жеткілікті дәрежеде ашылмайды.
Кез келген физикалық есеп нақты физикалық құбылыспен немесе дененің физикалық қасиетімен байланысқан практикалық мәселені шешуге арналады. Демек, физикалық есепті шешу теориялық білімді практикада қолданудың нақты мысалы. Осыдан, физикалық есептер шығару: физикалық құбылыстар, заттардың физикалық қасиеттері және физикалық білімдердің практикада қолданылуы жөнінде қосымша мағлұматтар береді, физикалық заңдар мен теориялардың мәнін терең түсінуге көмектеседі. Сондықтан, физикалық есептерді шығаруда да ойын элементтерін пайдалану қызықты және қолайлы. Ойын оқушылардың есепті дұрыс, әрі тиянақты түсінуіне және қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Денелердің физикалық қасиеттері, олардың қандай зат екендігін немесе қандай заттан жасалғандығын, яғни құрамын білдіретін сөздермен беріледі. Бірақ есепті талдау және оны шығару үшін жүйеде жүретін физикалық құбылыстар мен оны құрайтын денелердің қасиеттерін айқындайтын сөздерді білу жеткіліксіз. Физикалық құбылыстар нақты физикалық шарттарда жүреді және олар есептің физикалық мәнін құрайды. Ойынды оқушыларды топқа бөліп, жарыс ретінде немесе барлығына жалпы тақырыпқа сай қызықты сұрақтар, сөзжұмбақтар және есептер беру арқылы өткізуге болады.
7-сынып
оқушыларына «Архимед күші» тақырыбына есеп беру барысында, ойын
элементтерін пайдалану арқылы сабақты өткізейік. Ең алдымен
оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша есептер
береміз.
1-топ:
Металдан жасалған құрал
ауада 44,5 Н күш, ал керосинге салынғанда 40,5 Н күшке тең.
1. Детальға әсер ететін Архимед күші қандай (Н)?
2. Детальдың көлемі неге тең (м3)?
3. Детальдың тығыздығы неге тең (кг/м3)?
2-топ:
Көлемі V=250
см3-ге
тең латуннан жасалған құралды мұнайға батырамыз.
1. Бұл детальға әсер ететін Архимед күші неге тең (Н)?
2. Бұл деталь ауада қанша Ньютонға тең (Н)?
3. Детальды мұнайға батырылғандағы Ньютон салмағы
(кг/м3)?
3-топ:
Цементтен жасалған дененің көлемі 0,5
м3, ол тоған түбінде
орналасқан.
1. Денеге әсер ететін Архимед күші қандай (Н)?
2. Ауадағы дененің салмағы қандай (Н)?
3. Денені суда көтеру үшін қандай күш керек (Н)?
4-топ:
Көлемі 200
см3
болат шар
жіпке ілінген және машина майына жіберілген.
1. Оның шарға әсер ететін Архимед күші қандай (Н)?
2. Шардың ауадағы салмағы қандай (Н)?
3. Машина майына қандай күшпен шарды ұстап тұру керек
(Н)?
Есеп шығарып болған соң топ мүшелері қайта топ құрып, есептерін бір-біріне түсіндіреді. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырады. Олардың арасында саналы жарыс істеуге дағдыландырады, сабаққа белсенділігін арттырады, сонымен қатар өтілген тақырып оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ӘРТҮРЛІ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

шағым қалдыра аласыз