жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Физика-Табиғат
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
Ғылыми жоба
Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі
буыны.
Секция : Физика
Дайындаған : Қасенова Іңкәр
Қарауыл гимназиясының
9 сынып оқушысы
Жетекшісі : Жуманбаева М.М.
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
физика пәні мұғалімі
Қарауыл ауылы 2018 жыл
Жоба жетекшілерінің сауалнамасы:
Аты-жөні: Жуманбаева Мадина Максутовна
Туған күні: 12.04.1986.
Үйінің мекен жайы: О.Құтжанов №5/1
Телефоны: 8-775-538-39-86
|
Басты жұмыс орны: |
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ |
Қызметі: Физика пәні мұғалімі
Жалпы жұмыс еңбегі: 10 жыл
Сүйікті ісі: Жанұямен уақыт өткізу
Қатысушы сауалнамасы:
Тегі, аты: Қасенова Іңкәр
Туған күні, айы, жылы: 05.02.2004ж
Үйінің мекен-жайы: Абай 81 11-97
Телефоны: 8-775-998-72-01
Менің байқауға қатысуға шешім қабылдаған себебім:
Әр түрлі проблемалардың шешімін тапқым келеді.
Зерттеу кезінде мен жұмыстардың мына түрлерін орындадым:
Адамзаттың энергетикалық қажеттілігі өсуде және оны қамтамассыз етудің альтенрнативті жолдарын қарастыру.
Аннотация
Физика пәнінің адамзат дамуында, ғылымда жетістіктерге жетуде қажеттелігі өте маңызды. Физика пәнінің негізгі қағидаларымен айналадағы түрлі құбылыстарды қарастыра отырып танысуға болады.
Қазіргі білім беру жүйесі, оқушылардың алған теориялық білімін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сол себепті әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндерді жете меңгерту өзекті болып отыр. Соның ішінде ғылым мен техника дамуындағы негізгі ғылым- физиканың әлеуметтік, экономикалық сферадағы рөлі жайлыайтқым келеді.
Аннотация
Важнейшая наука –Физика. Изучая эту развивающуюся науку, одну из наиболее важных в истории человечества, вы с наибольшей полнотой ощутите постоянное стремление человека к познанию, доставляющему глубокое удовлетворение в жизни.
По результатам 2015 года, наша страна заняла 7 место в международном конкурсе «TIMS» и 42 место по резултатам конкурса «PISA». Это говорит о том что наша страна входит в первую десятку по теоретическому знанию но является одним из стран где не умеют применять на практике умения и знания. И поэтому на сегодняшний день эта проблема является актуальной. В этом проекте рассматриваются некоторые примеры применения знания физики в быту.
Annotation
Physics is one of the most important sciences in the development of mankind. Physics teaches us to apply the laws of nature in life.
According to the result of the international competition “TIMS” , our country took 7th place and according to the competition “PISA” only 42 place. This suggests that our country is strong theory but does not know how to apply knowledge in practice. This is a breakthrough in many countries. This project will consider several examples of the application of theoretical knowledge in everyday life.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Физика ғылымының адамзаттың алға жылжуындағы, ғылыми техникалық прогрестегі рөлі.
2. Адам және табиғат.
3. Қазіргі физикадағы өзекті проблемалар.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жоба мақсаты: Физика пәнінің адамға, ғылымға қажеттелігі туралы айту. Физика пәнінің негізгі қағидаларымен айналадағы түрлі құбылыстарды қарастыра отырып таныстыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Жоба өзектілігі: Қазіргі білім беру жүйесі, оқушылардың алған теориялық білімін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сол себепті әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндерді жете меңгерту өзекті болып отыр. Соның ішінде ғылым мен техника дамуындағы негізгі ғылым- физиканың әлеуметтік, экономикалық сферадағы рөлі жайлыайтқым келеді.
Ғылыми-техникалық жаңалықтарды ашуда физиканың маңызды екеніне көз жеткізе отырып, физика ғылымының салаларын дамыту керектігін дәлелдеу.
Жоба міндеті: Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойып оларды шешуге тырыстым.
-
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
-
алған білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу;
Пәнаралық байланыс: Физиканың биология, химия пәндерімен арасындағы байланыс өте күшті. Бұл байланыс оқушылардың дүниетанымдық нанымдарын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Екінші жағынан, оқушылар физика заңдылықтарының техникадағы қолданысын ғана біліп қоймай, физиканың тірі табиғаттағы бет – бейнесін айқындайды. Ғылымдар арасындағы сабақтастық пен пәнаралық байланыс жүзеге асады, мамандық таңдауға қызығушылықтары туындайды.
Жобаны әдістемелік жағынан қолдау
- Power Point бағдарламасымен мультимедиялық презентация жасауға үйрету;
- график, сызбалар, диаграммалармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;
- физикалық болжам, қорытынды жасауға бағыттау;
- тақырып бойынша ең маңыздыны ажырата білуге үйрету;
-шығармашылықты арттыру.
Бағдарламаның теориялық бөлігі:
Теориялық материалдарды жоспарлауда төмендегі жағдайлар ескерілді:
-
ақпараттық технологияны кең көлемде қолдану;
-
физиканың теориялық материалдарын практикамен байланыстыру;
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың өмірлік ұстанымдары нақтыланады, білім сапасы артады. Жоба бойынша алған білімдері оқушылардың өзіндік ізденушіліктерін оята отырып, жоба қорғауға бағыттайды. Кіші ғылыми жоба қорғай отыра жеке ғылымды меңгеруге бағыттайды. Тұлғаны өмірге толық даярлай отырып, даралай оқытудың маңыздылығын арттыруға қол жеткізіледі.
-
мамандықты таңдау мүмкіншілігін арттырады;
-
білімді жетілдіру бойынша мақсатты жүйеленеді;
-
қоршаған ортаны қорғау барды бағалауға үйретеді.
-
оқушының физика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, келешекте ғылымға жаңалықтар енгізуге талпыныс жасау.
Зерттеушілік құзіреттілігін арттыру бойынша:
-
Ақпаратты табу және оны өңдей білу.
-
Кез келген ақпарат көзімен жұмыс істеу, салыстыра білу.
Өзіндік тұлғалық құзіреттілігін арттыру бойынша:
-
Табиғат пен техника арасындағы байланысты нақтылай білу.
-
Айналадағы құбылыстарды ғылыми түрде тани білу.
1. Физика ғылымының адамзаттың алға жылжуындағы, ғылыми техникалық прогрестегі рөлі.
Физика бүгінде өркениеттен өзінің лайықты орнын алған және қарыштап дамыған ғылым. Оны бастапқы кезімен салыстыра алмаймыз. Қәзіргі кезде физиканың зерттеу объектісі көзге көрінбейтін микродүниеден – ғарышқа, Галактикаларға дейін созылып жатыр. Өткен ғасырда адам баласы түрлі ұшу құралдарын (ұшақ, тікұшақ) жасап аспан көгіне көтерілді. Ракетаның көмегімен ғарышқа самғап, Айға және басқа планеталарға сапарға шығуға мүмкіндік берді. Күнделікті өмір мен тұрмыста ұялы телефондар, сандық теледидар сияқты керeмет құрылғылар пайда болды. Адамның айтқанын екі етпейтін роботтар, мүмкіндігі мен қабілеті ғаламат компьютерлер дүниеге келді. Қысқа ғана уақыт ішінде компьютер барлық саланы жайлап алды. Бүгінгі тіршілікті онсыз елестету қиын. Осының барлығына адамзат ғылымның арқасында қол жеткізіп отыр десек артық болмайды.
Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген азамат мұның негізі физикада жатқанын жақсы біледі. Демек, физика ғылымы адамзат қоғамының өсіп, өркендеуіне, биік әлеуметтік деңгейге көтерілуіне салмақты үлес қосты деуге болады. Бірақ, бұдан ғылым өзінің бар жаңалығын ашып, «асарын асап, жасарын жасап» қойған деген ұғым тумауы керек. Физикада шешілмеген түйіндер, ашылмаған сырлар көп. Сондықтан да ғылымды дамытатын батыл және талапты, ізденіске құштар, алдына мақсат қойып, соған жете білетін жас толқын өсіп келуі қажет.
Ғылым дегеніміз не? Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен әдістердің жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамдық дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш, күрделі информациялық жүйе. Әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әр түрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табиғат, қоғам және адам туралы білімдер өндіруге бағытталган зерттеу қызметі, саласы. Ғылым - табиғат дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Соның бірі - физика. Физикалық білім негіздерімен адам мектептен бастап танысады.
Бүкіл адамзат қоғамның ХХІ ғасырдағы алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресc пен өркениеттің даму дәуіріне бет бұру кезеңіндегі өндірісті технологияландырудың жоғары деңгейі физика пәнін оқытуға және оның мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр.
Физика және техника 20 ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.
Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.
Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.
Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.
20 ғ. ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар, 20 ғ. физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.
-
Физиктер атом ядросындаеы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.
-
20 ғ. адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымыз - Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев-тар да аса күрделі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.
Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты борыш.
-
20 ғ. ғажайыптарының бірі - лазердің өмірге келуі. 60 жж. басында осындай айтулы жаңалықты ашып бергені үшін Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г. Басов пен A.M. Прохоровқа және АҚШ-тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді.
Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең қолданыс табуда.
-
Адамзат ақыл-ойының 20 ғ. қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электпрондық есептеуіш техникасы.
Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық(информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.
Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, 20 ғ. ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. 20 ғ. үлесіне тиетін басқа да тамаша физикалық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қатарында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтарды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын, т. б. атауға болады.
2. Адам және табиғат
Адам мен табиғат егіз. Қай заманда болмасын адам табиғат пен тығыз байланысты болған. Мәселен, демалып отырған ауамыздың өзін тал-терек , жасыл желектен алатынымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал басты байлығымыз саналатын орман-тоғай көздің қарашығындай қорғауды әсте ұмытпағанымыз абзал.
Ұлан-байтақ даламыздың 4 пайызын ғана орман алқабы алып жатыр. Осыған қарап-ақ қоры шектеулі табиғатты тұмса күйінде келер ұрпаққа жеткізу міндеті қаншалықты маңызды екенін байқайсыз. Осының 60 пайызы шөл даланың иесі мен еркесі сексеуіл ормандарының үлесінде. Десек те , бағаламасақ , жойылуға шақ қалған құнды өсімдіктерден көз жазып қалуымыз мүмкін. Үштөбе орман шаруашылығы екіге бөлінеді. Атап айтсақ,оның бірі Қаратал орман шаруашылығы болса(тоғайлы орман ) , екіншісі Мойынқұм орман шаруашылығы (сексеуілді орман). Ал, сексеуілді орман 81826 гектар аумақты алып жатыр. Қаратал өңірінде төрт аяқты жануарлар: қасқыр, түлкі, борсық, елік, сілесін, қоян, қарсақ, су тышқаны мекендейді. Сонымен бірге, қырғауыл, шіл, ,буылдырық, үйрек, қаз, көкқұтан сияқты құстар орманның көркі мен байлығы болып отыр. Қыстың қатты болуы аң құстарға оңай соқпайды. Бір жағынан рұқсатсыз аң аулаушылар қыспаққа алса, екінші жағынан қасқыр мен түлкіге жем болады. Біз, орман күтушілері орман-тоғайды күтіп, баптауға айтарлықтай іс атқарамыз. Атап айтқанда, бақылайтын сексеуілді орманның атқаратын өзіндік рөлі ерекше . Яғни, сексеуіл қорын көбейту арқылы біз қоршаған ортаны зор қауіптен сақтаймыз. Бұл біздердің абыройлы міндетіміз болып қала береді.
Адам үшін табиғат-ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Үйткені, адамның өзін дүниеге акелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса,адамның табиғаты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі,адам өзіне керекті , қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасырлар бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп , өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп,бірлікте өмір сүрген. Әсіресе ,мал шаруашылығы мен айналысқан халқымыз өз кәсібін үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан алақан,жылы жүрек сезімі,көздің қарашығындай қамқорлық керек екенінне ерекше мән берген.
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей , жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар.
Дүниежүзінде туындап отырған экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшан- теңіз. Семей полигоны мен арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда күнделікті ауамен судың ластануы ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қауіпі , тіпті, қоршаған ортаның көн- қоқысқа көмілуі осының бәрі кезек күттірмейтін экологиялық мәселелер.
Көптеген тәжірибелер заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Мысалы, өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі сол уақытта ягни тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұдан затты құрайтын ұсақ бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады деп жорамалдауға болады. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыс – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қозғалыссыз материяның болмайтыны секілді, материясыз қозғалыстың болуы мүмкін емес. Қозғалыс сан алуан болып келеді. Әрбір қозғалыстыңтың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Сондай-ақ өсімдік бойындағы органикалық заттар, адамның қан тамырларындағы қан үнемі козғалыста болады. Заттарды құрайтынмолекулалар мен атомдар да үздіксіз қозғалыста болатыны өздеріңе мәлім.
Алайда бізді қоршаған ортада қозғалмайтын денелерді де көреміз. Мысалы, бөлмедегі үстел, оның үстінде жатқан кітап, аялдамаға келіп тоқтаған автобус, құрылыстағы кран, әуежайдағы ұшақтар жерге қатысты қозғалмай тұрады.
Дегенмен бұл мысалдар "дүниедегі барлық нәрселер қозғалыста болады деген пікірді жоққа шығара алмайды. Өйткені жер бетіне қатысты қозғалмай тұрған дене Жермен қоса оның осін айналады әрі онымен бірге Күнді де айнала қозғалады.
1-тәжірибе: тар саңылаудан қараңғы бөлмеге түскен жарық жолағына көз салсаң, ауадағы шаң тозаңдарының ретсіз әрі үздіксіз қозғалыста болатынын көресің. Бұл бөлшектер, әрине, ауадағы молекулалар емес. Бірақ ауа құрамындағы көзге көрінбейтін сансыз көп молекулалар мен атомдар үздіксіз және ретсіз қозғала жүріп, ауадағы шаң тозаңдарын үнемі ретсіз қозғалыста болады. Сөйтіп, ауадағы тозаңдардың ретсіз қозғалысы молекулалар мен атомдардың үздіксіз қозғалысының салдары болып табылады.
Сұйық зат бөлшектерінің де үнемі қозғалыста болатынын тәжірибе арқылы байқауға болады.
2-тәжірибе: шыны ыдыстағы тотияйын ерітіндісінің үстіне жайлап қана таза су құяйық. Сонда қоңырқай көкшіл түсті ерітінді мен мөлдір судың ара жігі айқын көрініп тұрады. Біраз күн өткеннен кейін ыдыстағы сұйықтың бір түске енгенін көреміз. Өйткені тотияйын бөлшектерін су молекулалары үздіксіз соққылап, оларды да үздіксіз әрі ретсіз қозғалуға мәжбүр етеді. Сөйтіп тотияйын бөлшектері судың барлық көлеміне тарап, араласып кеткен. Бұл тыныштықта тұрған ыдыстағы сұйық молекулаларының да үздіксіз әрі ретсіз қозғалыста болатынын дәлелдейді.
Диффузи (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) –молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шеқаралас орналасқан әр түрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді.Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бүл процесс газдарда өте тез, сүйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді. Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м 2 /сек.
Диффузия құбылысы табиғатта маңызды роль атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады. Нақ осы жолмен ауадағы оттегі адам терісінен өтіп, оның организмін сауықтырады. Міне, сондықтан адам денесі терісінің үнемі таза болуы денсаулыққа жақсы әсер етеді. Қоректік заттар диффузия арқылы жануарлардың қарнынан, ішегінен өтіп, қанға беріледі. Одан әрі қан тамырларының қабырғаларынан етіп, бүкіл денеге тарайды. Диффузияның зиянды жақтарына келер болсақ, ауру тарататын микробтар, әр түрлі улағыш заттар (темекі түтіні, арақ пен есірткі молекулалары) адам организміне оңай сіңіп, зор зиян келтіреді.
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Тіпті, біртұтас атомныңда аса үлкен бөлігі бос кеңістік болып табылады. Атом көлеміндегі бос орынды салыстырмалы түрде көз алдына елестету үшін мына мысалды келтірейік: атомның ядросын шие көлеміндей үлкейтсек, онда осы шие – ядроны айнала қозғалатын атом электрондарының орбиталары үлкен футбол стадионындай болар еді. Ядроның кішілігі сондай, ол атом көлемінің 1/1 000 000 000 000 = 10 12 бөлігін ғана алады. Денелерді қыздырғанда диффузия жылдамырақ жүреді. Өйткені денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы оларды қыздыра түскен сайын арта береді.
3-тәжірибе: қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді. Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.
4-тәжрибе: Стақанның үштен біріне су құямыз,бірнеше тамшы уксус тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз. Суда көпіршіктер пайда болады. Лимонадтағыдай көмірқышқыл газы бөлінеді.Себебі: сода мен уксустың молекулалары қозғалады. Сода мен уксустың молекулалары бір бірімен араласты.Сұйықтардың молекулалары қозғалады.
Тәжірибе нәтижелерін былайша корытындылаймыз: Диффузия құбылысы молекулалар өздігінен араласуы арқылы жүреді немесе біз өзіміз араластыру арқылы да жүреді, яғни молекулалар үздіксіз, бей- берекет қозғалады және бір- бірімен соқтығысады.
Молекулалы-кинетикалық теорияның объектісі - қатты, сұйық және газ тәрізді күйлердегі зат.
Заттың атомдардан, ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерден құралатыны туралы гипотезаны бұдан 2500 жылдай бұрын көне грек ғалымдары Левкипп және Демокрит айтқан. Бұл гипотеза газ, сұйық және қатты денелердің негізгі механикалық қасиеттерін: газдың шексіз таралуын, заттардың серпімділігін, олардың диффузия арқылы өзара бір-біріне енуін түсіндіре алды.
Барлық денелер атомдардан құралады. Атомдар деп заттың ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерін атайды. Бір қарапайым химиялық заттың барлық атомдары бірдей.
Атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Атомдарды өзара бір-біріне тартатын күштер бар. Өте жақын қашықтықта атомдар бір-бірін тебеді. Соңғы тұжырым ретсіз қозғалған кішкентай өте көп бөлшектерден құралған денелердің қасиеттерін анықтау үшін механиканың негізгі заңдарын қолдануға мүмкіншілік тудырады.
Қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде атомдар және молекулалар қозғалысының ерекшеліктері бар. Қатты денелерде атомдар көрші атомдардың тартылыс-тебу күштері теңесетін нүктелердің маңайында ретсіз тербеліп тұрады. Сұйықтарда қатты денелердегідей атомдар және молекулалар өзара тепе-тендік нүктелер маңайында ретсіз тербеледі, бірақ айрықша олар орындарын өзара ауыстырып отырады. Газ тәрізді күйде болған заттың атомдар мен молекулаларының ретсіз қозғалысы шектелмеген. Қай молекула болсын басқа молекуламен немесе қабырғамен соқтығыс қанша еркін қозғала алады.
3. Қазіргі физикадағы өзекті проблемалар.
XIX ғасырдың соңында көптеген ғалымдар физика ғылымының бар қыр-сыры ашылғанына сенімді болды. Яғни физика көлемінде шешілетін барлық есептер шешімін тапты деп санады.
Дегенмен бірнеше жылдар өткен соң, әлемге деген көзқарасты мүлдем өзгерткен теориялар пайда болды: алдымен арнайы салыстырмалылық теориясы, одан кейін жалпы салыстырмалылық теориясы және кванттық механика. Кенеттен қарапайым әрі түсінікті әлем шын мәнінде басқалай құрылғаны мәлім болды.
Уақыт пен кеңістік абсолютті емес, керісінше санақ жүйесіне тәуелді екені анықталды. Энергия дискретті, ал жарық және материя – толқындары мен бөлшектері тұрғысынан біртекті екені белгілі болды. Физикада классикалық ғылымға таныс емес нәрсе – бақылаудың нәтижесі тәуелді болатын бақылаушы пайда болды.
Жаңа ашылған теориялар ақылға қонымсыз көрінгенімен, эксперимент арқылы дәлелденіп, әрі қарай дамуын тапты. Дегенмен көп ұзамай бұл теориялар да кейбір мәселелерге кезікті.
Қазіргі таңдағы физиканың және астрофизиканың өзекті және маңызды проблемалар тізімі:
-
Басқарушы ядерлық синтез.
-
Қазіргі таңда адамзаттың физика саласындағы жеткен жетістіктері мен ашқан жаңалықтарын физиканы оқыту процесінде пайдалану мәселесі әдістемелік тұрғыдан шешілмеген мәселе болып тұр. Көптеген мектептерде оқулықта берілген материалды пайдаланумен шектелу байқалады. Ал бүгінгі заман талабы - табиғат және қоғамдық өмір құбылыстарын тереңірек түсіне алатын, ақпаратпен саналы түрде жұмыс жасай алатын жан-жақты дамыған және ой-өрісі кең азаматты тәрбиелеу.
-
Оқушылар жоғары сыныптарға жетіп физикалық білімнің қажет екенін біліп оқуға кіріскенде физиканың негізгі (базалық) курсында өткен оқу материалдарын білмейтіндіктен қиналады. Сондықтан негізгі мектепте «Физика және астрономия» пәнін оқытуға ерекше назар аудару керек болады. Мектеп қабырғасындағы жас өспірімдерге физикалық білім беруде алуан түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Солардың бірі, оқыту барысында оқушыларды қызықтыру, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстыру, пәнің мазмұнын өмірмен байланыстыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Физика және астрономия.
Алматы «Атамұра» 2003
2. Дүниетану. 4 сынып
Алматы «Атамұра» 2009
3.www.Google сайты
Қорытынды
Ғылым дамыған заман. Соған сәйкес техникада дамуда. Алысқа бармай-ақ үйге қажетті техникаларды алайық, біздің ата-аналарымыз мұздатқышы, тоңазытқышы бар болса соған да разы еді. Қазір бір ғана ас үйде қаншама техника бар: микроволновка, миксер, блендер, вафель пісіретін құрал т.б. Ғарышты меңгеріп, айға қонып жатқан техникалар бәрі ғылым мен техниканың мүмкіндіктерінің шексіздігінің дәлелі.
Осы жұмысты жазу барысында физика пәні туралы көп мағлұмат алдым. Физикалық тәжірибелерді жасауды үйрендім. Физиканың адам өміріне, ғылымға керек екенін ұғындым. Бізді қоршап тұрғанның бәрі физика екеніне көзім жетті.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген