Материалдар / Флипчарт сабақтарының өтілу әдістемесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Флипчарт сабақтарының өтілу әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Флипчарт сабақтарының өтілу әдістемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
1245
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Флипчарт сабақтарының өтілу әдістемесі

Балабақшаның тәрбиешісі

Малаева Жания

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды кеңінен енгізу – балаға сапалы білім берудің басты шарты болып отыр. Солардың бірі флипчарт-сабақтары, жүйелі құрылған оқулықтар болып табылады. Флипчартты Activ Studio программасымен жұмыс жасағанда қолданылады, осы программаның файлын флипчарт деп атаймыз және осы программа арқылы ашылады. Бұл программаның екінші версиясын ашу үшін арнайы тақта керек. Ал үшінші версиясына такта керек емес сондықтан бірыңғай үшінші версиясы қолданылады.

Activstudio Professional Edition дегеніміз не? Activstudio Professional Edition – педагогтарға интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.

Интерактивті тақта. Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді. Интерактивті тақта – дегеніміз не? Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Компьютерлік технология бүгінгі күні білім саласындағы мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашуда. Ескі үлгідегі тақта мен бордың орнына жаңа интербелсенді тақта келуде. Оның ішіне интербелсенді тақта проекторымен бірге, кез келген орыннан сабақ беруге мүмкіндік беретін планшеттер, электронды тестер мен оқулықтар, түрлі жазбаларды орындауға және материалды көрсетуге, жүргізуге арналған сенсорлы қаламда бар. Сенсорлы қалам қарапайым бормен жұмыс жасағандай жеңіл.

Бағдарламалық қамтамасыз етілген жиынтық пакеті мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Мұғалім материалының мазмұнын кеңейтуге, әсемдеп безендіруге мүмкіндіктер алады. Қолайлы құралдар материалдарды жеңіл қолдануға, қызық та маңызды көрнекі құралдарды сабақта көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар презентациялық материалдарды – флипчартта жасауға мүмкіндік береді.

Флипчартты жаңа парақтан бастап жасауға болады, сонымен қатар дайын презентацияны флипчартта дайындауға болады, бірақ Power Point бағдарламасында дайындалған презентацияда тек суреттер мен текстер ғана көрінеді. Презентация беттеріндегі флипчарт толық көріну үшін, дайындалған флипчартты тиісті беттерге ссылка түрінде қойып шығу керек. Тыңдаушылардың назарын өзіне аудару үшін әрбір флипчарт ссылкалары сурет, белгі, текст түрінде беріледі, және сол бейнелердің үстіне басқан кезде флипчарт беті ашылады. Мысалы, мынадай белгіге басқанда, лекциялық материалдар Power Point бағдарламасында ашылады. Ашылған сілтеменің қайта жауып, келесі сілтемедегі флипчартпен жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар флипчарт ішінде флипчарт сілтемелерін қойып жасап, жұмысты жалғастыруға болады. Бейнесілтеме белгісіне басып флипчартта видеоматериалды көруге болады.

Жинақталған материалдар әр түрлі болғанмен, олардың барлығы бір флипчартта орналасуы мүмкін. Яғни, барлық материалдар бір құжатта орналастырылса, керек құжатты лезде тауып, уақыт үнемдеуге және жұмыс жасауға қолайлы мүмкіндік береді.

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл бірінші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.

Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.

Флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.

Флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office-тен флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Флипчарт терезесін бастапқы қалыпқа келтіру.
Флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.

Флипчарт терезесін жабу. Жаңа флипчарт құру.

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында. Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:

Экран өлшемі ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады.

Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білесің. 800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені – 800, ал биіктігі – 600 пиксел болады. 1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені – 1024, ал биіктігі – 760 пиксел болады.

Баптау… Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді

Флипчартты жабу

Флипчартты жабу үшін тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек.Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.

Сақталған флипчартты ашу

Меню – Флипчарт – ішінен Ашу командасын орындағанда келесі параметрлердің бірін таңдау қажет:

Кітапхана ресурсының бөлімінен «Менің кітапхана флипчарттар ресурсым» бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап,
онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.

Флипчартты сабақта қолдану оң атмосфераны туғызады, балалар арасында бірлесе жұмыс жасау дағдысына ие болады. Белсенді және тынымсыз балаларға тосқаулықтар мен шектеулер болмайды. Баяу қабылдайтын оқушылар да үлкен экраннан көрген дүниені тез есте сақтай алады. Балалар тақтаға қуана шығып геометриялық фигуралар сызуға, схема жасауға, тақтаға маркермен жазып, оны сүртуде белсене жұмыс жасайды. Сондай-ақ интербелсенді тақтада жұмыс жасау, баланы белсенділікке тәрбиелейді, суреттермен, текстермен жұмыс жасауда қызығушылықпен орындайды.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!