Фотосуреттер топтамасы, 3 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фотосуреттер топтамасы, 3 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Фотосуреттер топтамасы, 3 сынып ҚМЖ Цифрлық сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

32-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Фотосуреттер топтамасы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

5-бөлім. Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы:

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Фотосуреттер топтамасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.2.1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программалар қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Фотосуреттерді біріктіру арқылы фотоколлаж жасауды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Айна» ойыны

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырса да болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.

Топтастыру:

Топтастыру

«Төрттік» әдіс

Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Ортақ бір тақырыпқа

біріктірілген фотосуреттерді қалай атайтынын білесің бе?

  • 1-суретте берілген суреттер топтамасына қандай тақырып берер едің?

Топтамадағы суреттерде не

бейнеленгендігі жайлы әңгімеле.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері




 Компьютерде бірнеше суретті біртұтас суретке қалай біріктіруге болады?


Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады:

мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер

басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Дескриптор:

  • Жаңа тақырыптың мәтінімен танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жұптық жұмыс

1-тапсырма

Суретпен жұмыс істеу (5-сурет). Суретте берілген заттарды

белгілі бір қасиеті немесе қолданылуына қарап, коллаж жасауға іріктеп алыңдар. Осы суреттерден неше тақырыптық коллаж дайындау мүмкін. Ескерту: бір тақырыптағы коллаж үшін, кем дегенде 4 сурет қолдану керек.

Дескриптор

  • Суретте берілген заттарды белгілі бір қасиеті немесе қолданылуына қарап, коллаж жасауға іріктейді.

  • Осы суреттерден неше тақырыптық коллаж дайындауға болатынын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу»

әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Топтық жұмыс

2-тапсырма

Дескриптор

Қалыптастырушы

бағалау

Интерактивті тақта



Мұғалім ұсынған суреттер бойынша А4 парағына фотоколлаж жаса. Коллажды жасауда жапсырма, желім суреттерді қолдан.

Коллаждарыңа тақырып беріп, басқаларға таныстырыңдар.

  • Мұғалім ұсынған

суреттер

бойынша А4

парағына фотоколлаж жасайды.

  • Коллажды

жасауда жапсырма, желім суреттерді қолданады. Коллаждарына тақырып беріп, басқаларға таныстырады.

Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

3-тапсырма

Компьютерде коллаж жасау қадамдарына арналған сұрақтар құрастырыңдар.

Дескриптор

  • Компьютерде коллаж жасау

қадамдарына арналған сұрақтар құрастырады.

  • Сұрақтарын сыныптастарына ұсынады.

Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

4-тапсырма

  • Фотоколлажды жасаудағы мақсат не?

  • Қандай

тақырыптарда фотоколлаж жасағың келеді?

  • Презентация жасау мен коллаж жасаудың арасында қандай ұқсастық бар?

  • Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа жауап береді.

  • Үш сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Ұшақ» әдісі

Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақтың бір қанатына өздерінің сабақтан алған жаңалықтарын, білімдерін жазады. Ал екінші қанатына «Не үшін пернетақтада жылдам, қатесіз жазуымыз керек?» деген сұраққа жауап жазады.

Ұшақты қалаған бағытқа ұшырады. Кімге келіп қонады, сол оқушы ұшақтағы мәтінді оқып, сыныптастарына таныстырады.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды

болуын қадағалайды.

2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі