400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Франк Тильенің жан түршіктірер детективтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Франк Тилье – Франциядағы Жан-Кристофа Гранже мен Фред Вегас секілді атақты детектив романдарының авторы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Франк Тилье – Франциядағы Жан-Кристофа Гранже мен Фред Вегас секілді атақты детектив романдарының авторы. Жазушы әдебиетке мүлде қатысы жоқ білім алды: 10 жыл бойы информатика саласында жұмыс істегені де бар.

Жастайынан Стивен Кингтің романдарымен өскен жазушы, бүгінгі күнге дейін оны сүйікті жазушыларының қатарына қосады.



Франктың кітаптарында қозғайтын сүйікті тақырыптары:

жасырын медициналық эксперименттер;

сана манипулияциясы;

ерекше өнертапқыш өлімдер



Мен барлық романдарымда адамдардың миында не боп жатқанын түсінуге тырысамын, – дейді Тилье. – Айтып тұрғаным, адамның санасы, психиатриясы мен эволюциясы.

Осы мүмкіндікті қолданып, ненің қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысамын.



Автормен танысуды қай кітаптан бастаған жөн?

«Лес теней», 2006

Сюжет. Франк Тильенің «Лес теней» романында Артур атты кәрі миллиардер жас жазушы Давидты шақырып ойында жүрген қанішер туралы кітап жазуын өтінеді. Бірақ атмосфераны толық сезіну үшін Давид әйелі, баласы үшеуі жердің бір жеріндегі ормандағы үйде бір ай бойы тұруы керек. Бұған қуана келіскен жазушы қанішер туралы бар талпынысымен, қызығушылығымен жазып бастағанда әлгі үйде біртүрлі нәрселер орын алып бастайды. Қатты қорыққан отбасы бұл бір айды қалай өткізеді? Және бұл үйде не бар? Бір ай тұрып осындай оқиғаны жаз деп сұраған миллиардер неге күдікті?

«Переломы», 2009

Сюжет. Люк атты психиатрдан ем алатын, ақыл-есін жартылай жоғалтқан қыз – Алиса. Биліктен қашып жүрген қашқынның қолында не себепті егіз әпкесінің суреті бар екенін түсіндіре алмайды. Әкесінің шабуылы есінде, бірақ оның айтуынша ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қызыл қанға боялған жейде ваннада не істеп жатыр және аялдамада табылған жалаңаш адамның мәйітінің бұл жерге қандай қатысы бар? Бұл не: бір-бірімен байланысы бар оқиғалар желісі ме әлде Алиса есінен адасып жатыр ма?

«Головоломка», 2013

Сюжет. Илан и Хлоэ — қазына іздеушілер. Олар бас жүлде үш жүз мың евроны құрайтын жұмбақ ойынның қатысушылары. Ойын бағасы – адам өмірі. Илан, Хлоэ және тағы алты қатысушы ескі психиатриялық ауруханада қамаулы. Күнде жаңа тапсырманы орындаулары тиіс. Жеңімпаз – біреу. Бірақ бұл тапсырмалар жай ғана ойын емес, және жақында алғашқы құрбандар пайда болады…

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.12.2023
181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі