Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған 9 сынып тапсырмалары

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған 9 сынып тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалды сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар 9 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электр қоңырауы

Шыны ыдыс

түтік

Электр сымы

суреті

-

ә

12

суреті

-

а

12

Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар

9 сынып

І нұсқа

1.1.Оқу сауаттылығы

Мәтін


1.Үзеңгі б.з V ғасырынан кейін жаппай қолданыла бастады. Үзеңгіні жылқыны алғаш қолға үйреткен Орта Азиялық көшпенділер ойлап тапқанымен, оның дамуы, жетілуі Солтүстік Қытайды бағындырып, металл қорытудың үздік технологиясын тез игерген көшпенділердің үлкен бұтағы сианпилермен (Сәнбе) байланысты болды.

2.Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша, қазірге дейінгі әлемдегі датасы ең ұзақ үзеңгілер Қытай аумағынан, атап айтқанда, Ішкі Моңғол жерінен, III-IV ғасырларда сианпилер салтанат құрған Ұланхад аумағынан табылып отыр. Ағаштан жасалып, қоламен қапталған бұл үзеңгілер қазіргі металл үзеңгінің төркіні деп есептілінеді. Ал Еуропада темір үзеңгінің ең көне археологиялық қазбасы мажар жерінен, абарлардың моласынан шықты, түріктердің (Орта Азия түріктері) қуғынына түскен абарлар шамамен 560 жылдан кейін ұлы даладан Еуропаға қоныс аударып барған.

3.Византиялықтар да үзеңгімен ауарлар арқылы таныс болған. Осы ретте ресейлік археолог С.И. Вайнштейннің «V ғасырдың 2 жартысынан бастап Еуропаның кең-байтақ далаларында үзеңгі жиі кездесе бастады. Қытай археологы Лю Хан және басқа да ғалымдар жылқы үзеңгісімен қоса басқа да жабдықтар Қытайға солтүстіктегі көшпенді түркілерден тараған деп есептейді» деген пікірін ескерген жөн.

4.Үзеңгінің тарихи-әскери маңызын ғалымдар ерекше жоғары бағалайды. Ағылшын ғалымы Линн Уайт (Lynn White) «Үзеңгідей қарапайым, бірақ дүние тарихына түбегейлі бетбұрыс әкелген өнер табыстары өте сирек кездеседі» десе, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай «Үзеңгілі ер-тоқымның жасалуы материалдық мәдениет тарихындағы үлкен жаңалық болды. Салт атты адам енді аз уақыт ішінде алыс жерлерді бағындырды. Көшпенділердің атты әскерінің қуаты күшейді. Бірінші мыңжылдықтардың 2 жартысынан бастап Еуразия далаларындағы көшпенділердің жылдамдықтары артты» дейді.

5. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Ең алғашқы үзеңгілер

2. Археологтер пікірі

3. Үзеңгіге ғалымдар бағасы

6. Үзеңгінің қолданысқа енуі

A) 4,1,2,3

B) 2,4,1,3

C) 4,1,3,2

D) 2,1,4,3

7. Мәтін бойынша металл өңдеуді тез игерген

A) Византиялықтар

B) Абарлар

C) Қытайлар

D) Сианпилер

8. Мәтіннің стилі мен жанры

A) Ғылыми, мақала

B) Публицистика, мақала

C) Публицистика, тезис

D) Ғылыми, аннотация

9. Мәтінде үзеңгіні көшпенділер ойлап тапты деген зерттеу болжамының берілу себебі

A) Көшпенділер ең алғаш жылқыны қолға үйреткен соң

B) Көшпенділер темір өңдеу техникасын мақты меңгерген соң

C) Көшпенділер атты әскермен жиі соғысқа шыққан соң

D) Археологиялық қазбалар делелдеп берген соң

10. Берілген үзінді мен негізгі мәтін арасындағы үндестік

Терлік аттың арқасына тіке салынатын, аттың арқасын қорғап, шыққан терді тоқымға өткізбей тұратын ер жабдығы. Көбінде, иленген лақ, елік, қарақұйрық терілері мен қойдың жұмсақ жабағысынан жасалады. Тебінгі – аттың тері балаққа өтіп, үзеңгі баудың балақты қырқымауы үшін және үзеңгі таралғысының ат қабырғасын қажап, жаралауынан қорғап, ат қабырғасы мен үзеңгіні айырып тұрады.

A) Екі мәтінде де тек қана үзеңгі туралы айтылады

B) Екі мәтінде де тарихи зерттеулер айтылады

C) Екі мәтінде де болжамды ақпараттар айтылады

D) Екі мәтінде де ат әбзелдері туралы айтылады

1.2.Орыс тілі

Анализ текста и языковых явлений


Текст:


> В автобусе пожилой мужчина с трудом вошёл и встал у двери. Молодой человек, сидящий рядом, заметил его, встал и предложил место. Пожилой человек поблагодарил и сел. Эта сцена осталась незамеченной большинством пассажиров.


Вопросы:

1. Какое правило этикета было соблюдено в данной ситуации?

а) Уступать место женщинам

б) Уступать место пожилым людям

в) Не разговаривать в транспорте

г) Садиться только на свободные места

2. Какое слово в тексте является причастием?

а) Пожилой

б) Сидящий

в) Предложил

г) Замеченной

3. Укажите, каким членом предложения является слово «мужчина» в первом предложении.

а) Подлежащее

б) Сказуемое

в) Дополнение

г) Определение



1.3 Ағылшын тілі

1.Read the text and answer: “Increasing numbers of people are using electric scooters as a mode of transport. They are convenient and help reduce carbon emissions.”

What is one of the environmental benefits mentioned in the text?

Answer:

2. You see a sign on the floor: “Wet Floor – Please walk carefully.”

What does this sign warn you about and what should you do?

Answer: 3. Read the timetable below and answer: When does the train leave on Wednesday?

Timetable:

• Monday: 15:20

• Wednesday: 16:00

• Friday: 14:45

Answer:

1.4 Математикалық сауаттылық

  1. Бүгін аптаның сәрсенбі күні, 100 күннен кейін аптаның қай күні болатынын табыңыз

А ) Сәрсенбі В) Бейсенбі Г) Жұма Д) Сенбі Е) Жексенбі

  1. Сатушы бір данасы 30 тенге тұратын 450 дана жұмыртқа алды. Әр жұмыртқадан 10 тенге пайда көруді ойлады. Егер 50 жұмыртқа сынып, жарамсыз болып қалса, ойлаған пайдасын табу үшін, жұмыртқаның бір данасын қаншадан сату керек?

А) 35 В)40 С) 45 Д) 47 Е) 50


1.5 Қазақстан тарихы

  1. Тапсырма


Төмендегі тақырып бойынша Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін ПТМС формуласы негізінде бағалаңыз.


«Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесі зор»


  • Позиция (мен солай санаймын,Ермұхан БекмахановтыңҚазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесі зор.. )


  • Түсіндіру (..себептерін түсіндіретін болсам.. )

  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын..)

  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын..)

Дескрипторы

    • позицияны анықтайды;


    • бірнеше себептерін түсіндіреді;


    • нақты мысалдар келтіреді;


  • ғылымға қосқан үлесін анықтайды;

  • тақырыпқа қорытынды жасайды.

  1. Тапсырма

Тың және тыңайған жерлерді игерудің салдарларын кестеге сипаттаңыз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық












Дескрипторы

-тың және тыңайған жерлерді игерудің саяси салдарын сипаттайды;

-тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеуметтік салдарын сипаттайды;

-тың және тыңайған жерлерді игерудің экономикалық салдарын сипаттайды;

-тың және тыңайған жерлерді игерудің мәдени салдарын сипаттайды;

-тың және тыңайған жерлерді игерудің демографиялық салдарын сипаттайды.


1.6 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы (Химия,биология,география)

1-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа

7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа

Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

Тәжірибені өткізу жолы:

  • кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;

  • қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);

  • қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);

  • жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі. Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.

2-тапсырма. Күн жүйесі

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

1-сұрақ. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? 2-сұрақ. Планеталар қандай топқа бөлінеді?

3-сұрақ. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан?

3-тапсырма.

Темір жол Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады Неліктен?

Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.

В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.

С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады.

D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды.

4-тапсырма.

9-суретте ішіне салынған электр қоңырауы бар шыны ыдыс бейнеленген.

Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады.

Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады.

Сұрақ: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, электр қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Вакуумды сорғышқа баратын

Shape1 9-сурет – Ыдыс ішіндегі ауаны сору

5-тапсырма. Құмырсқалар

Құмырсқалар Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстік пен Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның он мыңдай түрі бар. 10-суретте құмырсқалардың бірнеше түрлері көрсетілген.

Shape2 10-сурет – Құмырсқалардың түрлері

Адам іс-әрекетінде құмырсқалардың өзіндік орны бар. Мысалы Оңтүстік Қытайда цитрустық жемістер өсіру барысында зиянкестермен күрес жүргізу үшін тоқымашы-құмырсқаларды пайдаланады.

Құмырсқалардың пайдасы туралы мысалдар келтіріңіздер.

6-тапсырма. Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз

Түрлі сиқырлы тәжірибелер жасауда ауаны қолдануға болады.

Азамат таза, құрғақ стақанның түбіне қағаз сүлгіні умаждап салды. Стақанды төмен аударғанда қағаз сүлгінің түспейтініне көзін жеткізді. Стақанды су құйылған шұңғыл ыдысқа баяу қимылмен салды. Су стақанды түгелдей жапқанға дейін түзу ұстауға тырысты (11-сурет)

11-сурет – Суланбайтын (ылғалданбайтын) қағаз

Бірнеше секунд ұстап тұрып, стақанды судан алып шығып, сілкіп жіберді. Стақанды үстелдің үстіне қойып, ішіндегі қағаз сүлгіні алып шықты. Қағаз сүлгінің құрғақ қалпында қалғанын байқады.

Қағаз сүлгі неліктен суланбады?

Қағаз сүлгі сулануы үшін не істеу қажет?

1.7 Физика

  1. Сыныпта 30 оқушы бар.Оның 18-і күреспен ,10-ы жүзумен,3-еуі спорттың 2 түрімен де айналысады.Неше адам спортпен мүлдем айналыспайды?

А)22 В)5 С)2 Д)3


  1. «Жекпе -жек»сарайында оқушылар футболға волейболға, баскетболға қатысады .Оның 5-еуі баскетбол мен волейбол үйірмесіне ,6-уы футбол мен баскетбол үйірмесіне ,6-уы футбол мен волейбол үйірмесіне қатысады.Ал 4 -уі барлық үйірмеге қатысады.Барлық оқушылар саны қанша ?

А)10 В)6 С)9 Д)11



Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар

9 сынып

ІІ нұсқа

2.1.Оқу сауаттылығы

Мәтін

Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді.  Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.

"Мыңжылдық" құдығы. Бұл – шамамен ХVІІІ ғасырда қазылған құдық. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Қурайлы даласында орналасқан. "Мыңжылдық құдығы" – қазақ даласындағы теңдесі жоқ құрылыс үлгісі. Құдықтың кіреберіс кеңдігі 20-25 метр арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 сантиметрге тереңдей беретін каналға айналған. Каналдың ұзындығы 400 метр жерді төмендете қаза келіп, 40 метрге тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын мал су ішін шығатындай етіп, кеңейте қазған. Түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы да кең. Оған 5-6 жылқы қатарынан емін-еркін түсіп, өз бетімен су ішін шыға алады. Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырған екен. Шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей шөлін қандырады деседі.

3. Мәтіннің бірінші бөлігінде айтылған ой

A) Артезиан суының пайда болуы туралы

B) Құдықтың ішкі сипаты туралы

C) Құдықтың шығу тарихы туралы

D) Артезиан құдығын орнату туралы

4. Мәтін бойынша "Мыңжылдық құдығының» теңдесі жоқ құрылыс болуының дәлелі

A) Құдықтың тереңдігі, айналасы кең, тіршілік иесіне тиімді етіп салынған

B) Құдыққа дала аңдары да кіріп-шығып су іше алады деседі.

C) Құдықты Қабанбай батырдың жасақтары жаугершілік заманда салдырған.

D) Құдық мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етіп келе жатқаны айтылады.

5. Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

A) «Мыңжылдық құдығына» баратын жолы тар екені айталады.

B) Елімізде 1700 жылдары артезиан құдығы қазыла бастаған.

C) «Мыңжылдық құдығын» халық Қабанбай жасақтарына арнап қаздырған.

D) Құдықтың өқабырғалары борпылдақ, бос болса шегенделген.

2.2.Орыс тілі

Анализ текста и языковых явлений

Текст:

> В автобусе пожилой мужчина с трудом вошёл и встал у двери. Молодой человек, сидящий рядом, заметил его, встал и предложил место. Пожилой человек поблагодарил и сел. Эта сцена осталась незамеченной большинством пассажиров.

Вопросы:

1. Какое правило этикета было соблюдено в данной ситуации?

а) Уступать место женщинам

б) Уступать место пожилым людям

в) Не разговаривать в транспорте

г) Садиться только на свободные места

2. Какое слово в тексте является причастием?

а) Пожилой

б) Сидящий

в) Предложил

г) Замеченной

3. Укажите, каким членом предложения является слово «мужчина» в первом предложении.

а) Подлежащее

б) Сказуемое

в) Дополнение

г) Определение

2.3 Ағылшын тілі

1. Look at this advertisement: “Buy one, get one free on all snacks!”

What does this offer mean?

Answer:

2. You receive an email stating: “The meeting has been rescheduled to 10:00 AM tomorrow.”

What action should you take?

Answer:

3. Read the instruction on the vending machine: “Insert coin and push button to start the game.”

According to the instruction, what should you do first?

Answer:

2.4 Математикалық сауаттылық

  1. Сатушы бір данасы 30 тенге тұратын 450 дана жұмыртқа алды. Әр жұмыртқадан 10 тенге пайда көруді ойлады. Егер 50 жұмыртқа сынып, жарамсыз болып қалса, ойлаған пайдасын табу үшін, жұмыртқаның бір данасын қаншадан сату керек?

А) 35 В)40 С) 45 Д) 47 Е) 50

2. Дүкенде 5 түрлі тәрелке, 3 түрлі кесе және 4 түрлі шанышқы бар. Бір теәрелке, бір түрлі кесе және бір түрлі шанышқыдан тұратын ыдыстар жиынтығын неше түрлі тәсілмен сатып алуға болады?

А) 30 В)36 С) 48 Д) 60 Е) 72

2.5 Қазақстан тарихы

1 Тапсырма

Тың және тыңайған жерлерді игерудің салдарларын кестеге сипаттаңыз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық












Дескрипторы


тың және тыңайған жерлерді игерудің саяси салдарын сипаттайды;


тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеуметтік салдарын сипаттайды;


тың және тыңайған жерлерді игерудің экономикалық салдарын сипаттайды;


тың және тыңайған жерлерді игерудің мәдени салдарын сипаттайды;


тың және тыңайған жерлерді игерудің демографиялық салдарын сипаттайды.

2 Тапсырма

  • ғасырдың екінші жартысындағы орта білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын анықтаңыз.



Реформалар

Реформалар маңызы






















Дескрипторы


  • орта білім беру саласындағы реформаларды анықтайды;


  • орта білім беру саласындағы реформалардың маңызын анықтайды.

2.6 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы (Химия,биология,география)

1-тапсырма.

12 (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.

Shape3 12-сурет – Заттардың массасын өлшеу

12,а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12,ә-суретіндегі таразы қандай массаны көрсетеді? А. 110 г-нан артық.

В. 110 г.

С. 110 г-нан кем.

Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Микроорганизмдер

Цианобактериялардың қалдықтары жер бетінде табылған (жасы 3,5 млрд жылдан астам) ежелгі микроорганизмдерге жақын. Оларды кейде көкжасыл балдырлар деп те атайды. Осы ядросыз ағзалардың жалғыз жасушасы екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді (13-сурет). Әр бөлігі толық қызметті ағза болып табылады.

13-сурет – Ядросыз ағза жасушаларының бөлінуі

1-сұрақ

Егер екіге бөліну жолымен көбейген болса, 15 көбеюден кейін көкжасыл балдырлар қанша болады? A. 32768.

  1. 16587.

  2. 12.554.

  3. 14548.

2-сұрақ

Қандай көбею өзге ағзалармен тұқымқуалаушылық ақпарат алмаспай өз бетімен жүзеге асырылады? A. Жыныссыз түрде.

  1. Вегетативті түрде.

  2. Фрагментациялану арқылы.

  3. Прогенез түрінде. 3-сұрақ

Адамның терісі үнемі жаңарып отырады. Қайсыбір ағзалар бүтіндей органдарды да қалпына келтіре алады. Зақым келген жабындар мен органдарды тірі ағзалардың қалпына келтіре алу қабілеттері регенерация деп аталады. Төменде келтірілген жыныссыз көбею тәсілдерінің қайсысы регенерацияға негізделген?

  1. Споралармен көбею.

  2. Тамырланып көбею.

  3. Фрагментацияланып көбею. D. Вегетативті көбею.

3-тапсырма.

Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері (14-сурет). Олардың түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос жұпты мұртшалары мен екі көзі бар.

14-сурет – Ұлу

1-сұрақ

Ұлу раковинасының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейін кездеседі. Раковина түсі қандай жағдайға тәуелді? A. Қабылданатын азыққа.

  1. Жасына.

  2. Раковина формасына.

  3. Раковина иіріміне. 2-сұрақ

Ұлудың жасын қалай ажыратады?

  1. Раковина жиегінің қалыңдығынан.

  2. Бұлшықет жиырылуынан.

  3. Раковина түсінен.

  4. Раковина формасынан

4-тапсырма.

Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, ал аяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта құлайтынын қалай түсіндіруге болады?

А. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, етпетінен құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қоғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

5-тапсырма.

Арқан тартқан кезде шамалары бойынша бірдей, бірақ бағыттары бойынша қарама-қарсы күштер пайда болады. Неліктен онда арқанды көбінесе бір жағына тартып алуға болады?

А. Арқан тартқан кезде адамның Жермен өзара әрекеттесу күшін (табанның Жер бетімен үйкеліс күшін) ескеру керек. Сондықтан жерді күштірек қысып басатын, ал бұдан үйкеліс күшін арттыратын адам арқанды өзіне тартып алады.

В. Арқан тартқан кезде адамның салмағын ескеру керек. Сондықтан жерді көп салмағымен қысып басатын жақ арқанды өзіне тартып алады.

С. Арқан тартқан кезде адам санын ескеру керек. Адам саны көп болса сол жақтың күші басым болғандықтан арқанды өзіне тартып алады.

6-тапсырма.

Түзусызықты қозғалып келе жатқан дене жылдамдығының модулі уақыт бойынша 15-суреттегі график түрінде берілген заң бойынша өзгереді.

Shape4 15-сурет – Дене жылдамдығының модулі

16-суретте көрсетілген графиктердің қайсысы денеге әрекет ететін барлық күштердің теңәрекетті күші модулінің уақытқа тәуелділігін сипаттайды?

Shape5 16-сурет – Күштердің теңәрекетті күші модулі

2.7 Физика

1.10 см кесінді 1 м-дің қанша бөлігін құрайтынын пайызбен көрсетіңіз.

А)80% В)20% С)50% Д)10%

2.Айман 2сағ.40 мин серуендеді.Осы уақыттың 1/5 бөлігін достарымен доп ойнады,1/4 бөлігін секіртпемен ойнады.Ал қалған уақытта саябақта серуендеді .Айманның саябақта серуендеген уақыты?

А)1сағ.25мин В)1 сағ.30 мин С)1сағ.40мин Д)2сағ.40мин


3.Наурыз айында қиярдың бағасы 1200 тг болды .Сәуір айында 20% арзандады.Ал маусым айында сәуір айына қарағанда 50% арзандады.Маусым айындағы қиярдың бағасы?

А)600 В)480 С)960 Д)500



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2025
140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі