«Функционалдық сауаттылық мамандықтар әлемінде»

Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Функционалдық сауаттылық мамандықтар әлемінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда математика бойынша практикалық – бағдарлау міндеттерінің рөлі, белсенді жолдарын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«№5 Мақтаарал мектеп - гимназиясы КММ» Директоры: Д.А Дошманов



Сабақ

Мектеп: №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы КММ

Күні: 04.04.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Садирова Сулушаш, Нуримова Жазира, Ешмуканова Индира

Сынып:

10-11 сыныптар

Қатысқан оқушы саны: 24

5 Мақтааарал мектеп-гимназиясы, Қ. Сәтбаев ЖББМ, В. Комарова ЖББМ, О. Бапышев ЖББМ

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

«Функционалдық сауаттылық мамандықтар әлемінде»

Сабақтың мақсаты:

Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда математика бойынша практикалық – бағдарлау міндеттерінің рөлі, белсенді жолдарын үйрету

Күтілетін нәтижие:

- математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықты арттыруда практикалық дағдылары дамиды;

- оқушылардың алған білімін өмірде қолдана алу дағдысын, яғни функционалдық сауаттылығын арттыру жайлы мағлұмат алады;

- сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы туралы біледі, ой қозғай алады, топпен жұмыс жасайды


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Басы

5 минут

Психологиялық жағымды ахуал қалыптас-тыру


Топқа біріктіру













«Алтын ереже» құрастыру»




Ұйымдастыру сәті

Психологиялық ахуал тудыру «Қолыңмен көрсет!» тренингі

   1. Сәлемдесу

   2. Достық

   3. Аяушылық

   4. Қуаныш

   5. Сәттілік

  6. Қоштасу


«Арман»

«Мақсат»

«Жетістік»

«Табыс»

Топтарына «Жедел хат» әдісімен берілген логикалық тапсырмалардың бірдей шешімді жауаптарына сәйкес топқа бөлу.




 1)  Көтеріңкі көніл –күй.

 2) Достық-қарым-қатынас.

 3) Ұжымда бірлесіп жұмыс жасау.

 4) Шығармашылық шабыт.

 5) Бір-біріміздің пікірімізді тындау.

6) Берілген уақытқа бағыну.



Жұмыс барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.





«Жедел хат» әдісі бойынша әр топта ноутбук пен смартфондарға жазылған логикалық тапсырмаларды орындап, жауаптары арқылы топтарға бірігеді. Топ басшысын сайлайды.

































Үлестірмелі қағаз-дар









Интер-белсенді тақта


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

25 минут

«Білім шырағы» әдісінде топ атауларына жасырылған функционалдық сауаттылық бойынша формулаларды тақтаға жазу тапсырылады.

Арман - «Комбинаторика»

Мақсат - «Концентрация»

Жетістік - «Сағат тілі мен минут тілінің арасындағы бұрыш»

Табыс -« Оқулық беттерін анықтау»

« Бойтұмар» әдісі бойынша топ атауына байланысты эмблема жасайды.





Атақты ғұлама Әл – Фараби : 
Ісім оңсын десеңіз, 
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе 
«Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі» - деген екен психолог
Эвальд Фридрихович Зеер 


«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнамасын «Саннұр» телеарнасының штаттан тыс тілшілері жүргізеді.

Аты-жөні:
Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма?
Қандай маман иесі болғыңыз келеді?
11 сыныптан соң оқуға түсу ойыңызда бар ма?

11сыныптан соң оқуға түсу ойыңызда болса, қандай оқу орнын тандадыңыз?

Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз?
Отбасында ата — аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой — пікір, ақыл — кеңестер айтады?
Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата-анаңыз міндет етті ме?
Жауабыңызға ризашылық білдіремін!

Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Осы бағыттар бойынша презентация арқылы оқушыларға функционалдық сауаттылық есептері беріледі. Олар таңдау барысында есептерді шығарып, тексереді.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Тапсырма:

Бір таблетканың салмағы 20 мг және 11% белсенді заттан тұрады. Тәулігіне, 6 айлық болған

балаға дәрігер әр кг-ға 1,32 мг белсенді зат жазып берді. Салмағы 5 кг болатын 4 айлық балаға қанша

таблетка беру керек ?


Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Тапсырма: Бірінші банкте 1 еуро бағасы 383,4 теңге. Арман екінші банктен 120 еуроны 45768 теңгеге сатып алса, ал Қанат 45 еуро үшін 17262 теңге төледі. Еуроның бағасы ең арзан болатын банктен 10 еуроны қанша теңгеге сатып алуға болады?

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Тапсырма: Санат үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Санат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып тағыда бірінші ағашаты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.


Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Тапсырма:Атракциондағы поезд шеңбер бойыменн айналғанда, ең жоғарғы нүктесіне жеткенде, поезде отырған адамның телефоны қолынан түсіп кетеді. Телефон жерге түсемін дегенше поезд шеңбердің төменгі нүктесіне жетіп үлгереді. Сонда телефон қайта жаңағы адамның қолына келіп түседі. Поездың жылдамдығын тап, егер болса. R=10м.

Шығарылуы:

Берілгені:








Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Тапсырма:

Өлшемдері 10 см х 12см х 14см тік бұрышты паралелепипед пішінді блок құрастыруға тапсырыс

алған компания қателесіп, өлшемі 10см х 14см х 18см болатын блок дайындаған. Дайын болған

блоктың көлемі жоспардағы блоктың көлемінен неше пайыз артық?


Сергіту сәті: «Қол мидың жалғасы».

 Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.


Топ атауларына жасырылған функционалдық сауаттылық бойынша формулаларды топ жанкүйерлері анықтап А4 қағазына тақтада маркермен жазады.

5 балл



Топтар А5 форматтағы плакатқа топ атауы бойынша бірлесе отырып эмблемасын жасап, қорғайды. 5 балл



















Берілген сұрақтар арқылы топ мүшелері жауап береді.

























Берілген есептерді топта талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді.

5 балл









Шығарылуы:







Жауабы: 3 таблетка






Шығаруылу:

1.

2.

3.

4.

Жауабы: 3814тг









Шығарылуы:

Берілген шарт бойынша сандарды сызып, қалған сандарды анықтайды.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,1213,14,15,16,17

Жауабы: 4











Шығарылуы:















Жауабы: 30 м/с.

























Шығарылуы:











Жауабы: 50 %







Оқушылар берілген нұсқау бойынша тапсырманы қағаз бетіне салып орындайды. Интербелсенді тақтада көрсетілген жауаптары арқылы өз жұмыстары арқылы қай мамандық иесіне сай келетінін анықтайды
















Дескриптор:

-креативті жасалуы; -мақсатының нақтылығы;



















ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



















«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

















Дескриптор:

- пайыз бойынша 1таблетка салмағын табады;

-салмағына сай таблетка санын анықтайды







Дескриптор:

-екінші банктің 1евро құнын табады;

-евро бағаларын салыстырады;

- ең арзан евро арқылы есептейді;









Дескриптор:

- шарт бойынша сандарды сызып шығады;

-сызылмаған сандар санын анықтайды;

-











Дескриптор:

-телефонның түсу жылдамдығын есептейді;

-шеңбер диаметрін табады;

-уақытты есептейді;

-поезд жылдамдығын есептейді;




















Дескриптор:

-көлемді есептейді;

-көлемдердің қатынасын анықтайды;

-артық пайызын табады;








А4 формат, маркер





















Үлестір-мелі қағаздар























Интер-белсен-ді тақта























































Интер-белсен-ді тақта

















































































Интер-белсенді тақтада



Қас-қағым сәт :

«Ең жақсы» ойыны.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті – бизнесмен

Ең мейірімді - дәрігер


Оқушылар екі топқа бөлінеді. Нұсқау бойынша оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтады.

1 балл










Қима қағаз


Соңы

10 минут

«Жанкүйерлер» сайысы.

Қима қағаздарға жасырылған логикалық сұрақтарға тез арада жауап беру тапсырылады.



«Менің арманымдағы ........» әдісі арқылы топтарға берілген заттардан кеңістегі фигуралардан креативті ғимарат тұрғызу тапсырылады.







Функционалдық сауаттылық тест тапсырмаларын «Quizizz UBT» сілтемесі арқылы жұппен орындау тапсырылады.


Ортаға әр топтың жанкүйері логикалық тапсырмаларға шапшаң түрде жауап береді. 1 балл

Топтар әртүрлі берілген заттардан бірлесе отырып креативті ғимараттар құрастырып, атауын береді және түсіндіріп өтеді.

10 балл

Сайысты пысықтау тапсырмаларын «Quizizz UBT» сілтемесінде орындап, жинаған ұпайларымен бағаланады. 10 балл



Дескриптор:

-ғимарат атауын беру;

-мақсатын атап өту;






















Ұялы смарт теле-фон


Кері байланыс

Рефлексия

«Бос микрофон» Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.
(Қонақтар пікірлерін айтады)

Еркін түрде оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Тренинг кештің пайдасы болды ма?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды 
Көк жүзіне алаулы, 
Міндет емес ай болу. 
Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу! 
Ж. Аймауытов айтқандай 
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз!

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады
Ал қазір әділқазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады - дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріліп қорытындыланады.

«Білім поштасы» әдісімен оқушылар бүгінгі сайыстан алған әсерін жазып, почтаға салады.



«Бос микрофон» әдісі арқылы оқушылар керібайланыс береді.


Рисунок 23


Тексерілді:

Оқу ісі орынбасары: Г. Бедилова

ӘБ. Жетекшісі: Ж. Хожаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі