400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫНДА»

Материал туралы қысқаша түсінік
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫНДА» Функционалдық сауаттылықты бала тәрбиесінен тыс қарастыра алмаймыз. Бүгінгі үздіксіз білім тәрбиесіз ұрпаққа берілсе, адамзат үшін қауіп-қатер, апат әкелетінін ғұлама бабамыз Әл-Фараби айтып кеткелі қанша ғасыр өтті?! Инновациялық технология, инновациялық білім-ғылым тәрбиесіз өз шешімін таппайды. Адамзатқа бақыт сыйлау үшін білім-ғылым тәрбиемен ұштастырыла қатар жүргізілмесе, қоғамның дерті асқынады. Асқынған дертті емдеу қиынға соғады. Сондықтан қайырусыз кетіп бара жатқан ұл-қыздарымыздың бетін саналы түрде бері қаратып алу үшін ұлттық үлгі-өнегеміз бен тәрбиемізді функционалдық сауаттылықтың талаптары мен міндеттеріне бағыттай отырып, сапалы білім берудің технологиялық тетіктерін шығармашылық ой еңбегіне бағыттау абзал.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Асенова Қазына Темирхановна

Shape1 М. Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төлеби ауылы







ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫНДА»


Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер,

жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

М.Жұмабаев

Функционалдық сауаттылықты бала тәрбиесінен тыс қарастыра алмаймыз. Бүгінгі үздіксіз білім тәрбиесіз ұрпаққа берілсе, адамзат үшін қауіп-қатер, апат әкелетінін ғұлама бабамыз Әл-Фараби айтып кеткелі қанша ғасыр өтті?! Инновациялық технология, инновациялық білім-ғылым тәрбиесіз өз шешімін таппайды. Адамзатқа бақыт сыйлау үшін білім-ғылым тәрбиемен ұштастырыла қатар жүргізілмесе, қоғамның дерті асқынады. Асқынған дертті емдеу қиынға соғады. Сондықтан қайырусыз кетіп бара жатқан ұл-қыздарымыздың бетін саналы түрде бері қаратып алу үшін ұлттық үлгі-өнегеміз бен тәрбиемізді функционалдық сауаттылықтың талаптары мен міндеттеріне бағыттай отырып, сапалы білім берудің технологиялық тетіктерін шығармашылық ой еңбегіне бағыттау абзал.

Осы орайда функционалдық сауаттылықтың сапалы білім беруде атқаратын мақсат-міндеттерін іске асыруда әр ұстазға көмекке келетін ғылыми әдістемелік құрал – Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы.»

«Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңлаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам» [1.112] деп, Мағжанның ой топшылауы – функционалдық сауаттылықтың жауапты қызметіне дәлме-дәл, айна қатесіз берілген анықтама. «Педагогика» – функционалдық сауаттылықтың атқаратын функциясын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерделеп, оны іске асырудың амал-тәсілдерін физиологиялық, педагогикалық тұрғыдан да сауатты түрде дәлелдеген. Бүгінгі заманның сұранысы мен талап-талғамына жауап беретін таңғажайып, таңғаларлық дайын ғылыми еңбек!

Кемеңгер ақын-ұстаз ойлауды өркендетудің мынадай жолдарын ұсынады: «Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп болуына иждиһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім жасауы һәм ой шығаруы хата болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлеу һәм суреттеулердің көп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды.»

Ақын «Педагогикасында» бала жаны білімді ұғыну үшін, сіңіру үшін әсерленуі керектігіне аса мән бере талдайды. «Жан алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады.» «Әсерлену» қуаты – ұстаздың шеберлігі мен біліктілігінде. Мұғалім берген білімді, яғни «әсерді нерв миға алып барады. Ми осы келген әсермен әсерленеді.» Сонда ғана оқушы бойында әр түрлі іс-әрекеттердің күш-қуаты оянады. Балаға ой салады. Содан кейін баланың өзіне тән әрекеттері басталады. Мұғалім өзі бала жанына әсер ете алмай одан нәтиже күтуі – бос әурешілік. «Бала жанының ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар?! ...Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің, мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз.» [1.114] Көркем шығарманы талдау нәтижесінде функционалдық сауаттылығы қалыптасқан оқушының «денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты» шығармашылыққа жаттығады, яғни қоғамның сұранысына сай интеллектуалды көшбасшы, жеке тұлға тәрбиеленіп шығады.

Бүгінгі заман талабының мүддесін орындаған Мағжан «Педагогикасы» – ғажап құбылыс.

Жаһандану заманының өткір мәселесінің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім бере отырып, оның өмір сүру белсенділігін арттыру, шығармашылық ой-өрісін тереңдету, интеллектуалдық қабілеті мен адамгершілік қасиетін жетілдіру және өз бетінше қорытынды, шешім қабылдай алатын, батыл, уәдеге берік тұлға қалыптастыру. Мұндай жауапты істі жүзеге асыруда ұстаздың шығармашылық әрекеті қандай болу керектігі «Педагогикада» жан-жақты баяндалған.

Бүгінгі таңда әр мемлекет үшін ұлт болашағынан асқан өзекті мәселе болуы мүмкін емес! Қазақ елінің болашағы ұрпақ тәрбиесімен өлшенеді. Қазақ – бала тәрбиесіне айырықша көңіл бөлетін ерекше халық. Қазақ үшін тәрбиесіздіктен асқан қасірет жоқ. Тәрбие болмаған жерде білім дәрменсіз. Ұлттың келісті келбеті тәрбиемен ұштасқан білім берілгенде ғана анық байқалады.

Бала бойындағы білімге құштарлық тәрбиеден бастау алғанда ғана функционалдық сауаттылық өз мақсатына жетеді.

Қазақ елінің болашағы үшін өз басын құрбандыққа шалған кемеңгер ұлт ұстазы, дарынды, талантты ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» - функционалдық сауаттылықтың барлық талаптарына жауап беретін құнды қазына. Бұл еңбек – жаһандану заманында жұтылып кетуден сақтап қалатын тегеуріні мықты, кірпіші берік қаланған тәрбиенің қамалы, бекінісі. Мағжанның тәрбие жүйесіндегі басты мақсаты «адамзат дүниесін бақытты қылу». Бақыт – тәрбиеден жасалған ұрпақ. Мағжан адам баласы өмір бойы тәрбиеге мұқтаждығын айта келе, оны іс жүзіне асырудың барлық өзектілігін жан-жақты саралайды. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.» деген тұжырым жасайды, аманат қалдырады.

Жаһандануда әр ұлт өз құндылығымен ғана көксеген биіктерге жете алады. Ұлттық құндылықтарға тәрбиелі ұрпақ қана ие бола алады. Тереңнен ойлай білген даналарымыз ұрпағының көкірек көзін ашу үшін ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбие үрдісіне сүйенуді айтудан еш жалықпаған. Көзі ашық, көкірегі ояу адамға бабалардың айтқан ақыл-кеңестері, көркем шығармалары қараңғы түнде адастырмайтын темірқазық іспетті.

Бүгінгі заманында тек өз ұлтымыздың дәстүрлі ойы мен пайым-парасатына, тәлім-тәрбиесіне, даналығына сүйену керек. Тарихымызда бүгінге аман-сау жеткен халық педагогикасы, дәстүр қазынасы, ой антологиясы, даналық философиясы, өмірлік тәжірибесі, танымдық ілім-білімдері, көркем әдебиеті – жарқын болашаққа жол көрсетер бағдаршам, адастырмас темірқазық, телегей теңіз рухани азық, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жалғаса беретін асыл мұра, өнегелі тәрбие мектебі. «Тәрбие жан иесіне тиісті азық беріп, сол иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.» Ендеше «адам баласы өмір бойы тәрбиеге мұқтаж.» Тәрбиенің мақсаты – адамды, ұлтты, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі – әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты; адамзат дүниесінің мүшесі – әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.»

Балаға жүрек жылуымен білім беру адами ізгілікті асыл қасиеттердің кең ашылуына жол ашады.

Кемеңгер дана, дара тұлға тәрбиелеу – педагогиканың парызы, функционалдық сауаттылықтың басты міндеті.

Төл технологиямыздың басында ұлт Алаштарының «Мәңгілік ел» идеясы тұрғанда таспен қашалып жазылған қазақтың рухани қазынасы, тәлім-тәрбиесі өлмек емес! Функционалдық сауаттылықтың шығармашылық қызметі мен инновациялық технологиясын үздіксіз жетілдіре отырып, рухани байлықты кейінгі ұрпаққа жеткізуде, жаңа ғасырға сай сапалы білім беруде Мағжан «Педагогикасын» әр ұстаз басшылыққа ала, шығармашылық ізденіспен табандылық, даналық танытып, ниеттеніп еңбектенсе, алар асу, шығар өреміз биік болмақ!

Әдебиет:

  1. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы «Ана тілі» 1992

  2. О.Бөкей. Атау-кере. Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010

  3. Б.Мұқай. Өмірзая. Алматы. «Ана тілі» баспасы, 2008







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі