Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Функция және функцияның графигі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Функция және функцияның графигі" тақырыбы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Мектеп атауы: «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Пән атауы: Алгебра

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Функция. Функцияның графигі.

Күні:

Сынып: 7

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Функция және функцияның графигі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;

7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;

7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Функция ұғымын меңгеріп, айнымалы шамалар арасындағы байланысты түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Функцияның кесте арқылы, аналитикалық түрде және графиктік тәсілмен берілуін қарастыра отырып, функция ұғымы және оның графигі туралы ұғымдарын жүйелейді. Функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табады.

Кейбір оқушылар: Функционалдық тәуелділікке арналған есептерді шешеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану. Талдау. Жинақтау. Бағалау.

Бағалау критерийлері

  • функцияның тәуелсіз және тәуелді айнымалысын ажыратады;

  • формуламен берілген функция үшін аргументтің берілген мәндеріне сәйкес функцияның мәндерін табады;

  • функцияның анықталу аймағы мен мәндерінің аймағын ажыратады;

  • кестемен және графикпен берілген функциялармен жұмыс жүргізе алады;

  • тұжырымдамаларды функционалдық тәуелділік түрінде жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • функцияның тәуелсіз және тәуелді айнымалысын атайды;

  • функция ұғымына қоршаған ортамызда болып жатқан құбылыстар арқылы мысал келтіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: тәуелсіз айнымалы, тәуелді айнымалы, аргумент, функция, функционалдық тәуелділік, кестенің қадамы, график.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Функцияның анықталу облысы деп ................. атайды.

Функцияның мәндер жиыны деп ...............атайды.

Функция ....................................тәсілдерімен беріледі.

Жазылым бойынша ұсыныстар: кесте толтыру, график тұрғызу, есептер шығару, «Түйінді сәттер» стратегиялары.

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру кластерін дамыту, яғни функция ұғымынын техникада, шаруашылықта және күнделікті өмірде пайдалануға болатынына көз жеткізу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Математикалық анализ, функционалдық талдау, физика.

Алдыңғы білім

Оқушылар келесі ұғымдарды біліп келеді:

Функция ұғымы. Тұрақты және айнымалы шамалар. Тәуелді және тәуелсіз айнымалы. Аргумент және функция. Функцияның анықталу облысы. Функцияның мәндерінің жиыны. Функцияның графигі. Кестенің қадамы. Функционалдық тәуелділік. Координаталық жазықтық. Ширек. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Координатар осьтері. Абсциссалар осі. Ординаталар осі. Координаталар басы.

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сай құрылған тапсырмаларды және практикалық мазмұны бар есептерді орындау барысында берілген білімдерін тиімді пайдалана алады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(9 минут)



Ұйымдастыру кезеңі.

І. Сәлемдесу.

ІІ. Топқа бөлу. 1, 2, 3, 4 сандары бойынша топқа бөлемін. Әр топқа тақырып бойынша топ атын қою және оны дәлелдеу ұсынылады.

ІІІ. Ынтымақтастық атмосферасын құру. 1, 2, 3 және 4 сандары бойынша бір-бірлеріне тілек айту. Мысалы, көшбасшылық қасиеттерінмен алдыда көріне беріңдер; жалғыздың үні шықпас демекші топтарыңызбен жақсы жұмыс көрсетіңіздер; үш қуат, яғни ақыл, жүрек және тілді жұмылдыра отырып жетістіктерге жетіңіздер, т.с.с. (3 минут)


IV. Сабақтың тақырыбын ашу. «Диалогтік оқыту». (2 минут)

Техникада, шаруашылықта және күнделікті өмірде бір шаманың мәні екінші шаманың мәніне тәуелді болатынын жиі кездестіреміз. Соған мысал келтіре аласыздар ма?

Сіздердің назарларыңызды мына флипчартқа аударғым келіп тұр.

Осы бейнелерден нені байқадыңыздар?

Қандай байланыс не заңдылық көріп отырсыздар?

Демек, бүгінгі сабақ не жайында болмақ екен?




V. Эксперимент жүргізу туралы түсінік беру. Сабақ басталған уақытта төрт топтың алдына шамшырақ қойылып, жағылады. Оқушыларға әрбір он минут сайын шамшырақ ұзындығын өлшеп, оның ұзындығының өзгеруін тақтада ілінген кестеге толтырып отыру ұсынылады. Оқушылардың алдында сабақ соңында осы шамшырақтың жану құбылысының формуласын беру мәселесі тұрады.


Шамшырақ ұзындығы – l

(бастапқы ұзындығы – 20 см)





Уақыт - t

10 мин

20 мин

30 мин

40 мин


Оқушылар әрбір он минут сайын шамшырақтың 1 см-ге қысқарып отыратынына көздері жетіп, кестені толтырады.


Өтілген материалдарды қайталау және жүйелеу.

«Көпір тапсырма». Осы сабаққа дейін меңгерген функция туралы ұғымдар мен терминдерді стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады. (1 минут)

АShape2 ссоциация.








Өтілген материалды қайталау және жүйелеу барысында төрт топқа бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманы жұптасып орындайды. Жұптық жұмыс жүреді. Соңында тапсырмалар дескрипторлар бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырма №1. «График бойынша жұмыс».

Берілген функцияның графигіне қарап, функцияның анықталу аймағы мен функцияның мәндерінің аймағын анықтаңыздар. (4 минут)



Қалыптастырушы бағалау. «Көршіңді тексер» әдісі бойынша жүзеге асады. Дескрипторлар бойынша тексеріледі.


Дескрипторлар

Балл

1

Функцияның анықталу аймағын табады.


2

Функцияның мәндерінің аймағын табады.


3

Функцияның анықталу және мәндерінің аймағын белгіленуі бойынша дұрыс жазады.


Барлығы



Тапсырма №2. «Түйінді сәттер».

Берілген суретке қарап тапсырма құрастыр және оны орыңда. (4 минут)

Shape3

















Қалыптастырушы бағалау. «Көршіңді тексер» әдісі бойынша жүзеге асады. Дескрипторлар бойынша тексеріледі.


Дескрипторлар

Балл

1

Берілген суретке қарап тапсырма құрастырады.


2

Берілген аргументтің мәндері бойынша функцияның сәйкес мәндерін табады.


Барлығы

















Флипчарт.






























Шамшырақ.

Кесте.


















«Функция» постері.

Стикер.


















Карточка.

Дескриптор.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12