400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. ҚМЖ 10 сынып ЖМБ алгебра 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Алгебра ЖМБ

Тақырыбы: Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

Бөлім:

10.3АТуынды

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

13.03.2024ж

Сынып: 10 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;

Сабақтың мақсаты

  • берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды, сабаққа ынталанады.






Оқулық.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

Теорема. y = f(x) функциясы x = x0 нүктесінде дифференциалданатын болсын. Функцияның графигіне абсциссасы x = x0 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуі мынадай болады: y = f(x0) + f '(x0)(x – x0).

Теоремадан шығатын қасиеттер:

1) Егер y = kx + m – теңдеуі y = f(x), функциясының графигіне x0 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуі болса, онда k = f '(x0).

2) y = kx + m түзуі үшін k коэффициенті түзудің «жоғарғы жақ» бөлігімен Ox осінің оң бағыты арасындағы α бұрышының тангенсіне тең.

3) y1 = k1x + m1 және y2 = k2x + m2 түзулері 

орындалғанда ғана және тек сонда ғана параллель болады.

4) Кез келген y = f(x) функциясы графигінің Oy ордината осімен қиылысуын x = 0 (Oy осіндегі барлық нүктеде абсцисса 0-ге тең болғандықтан) шартынан іздеу керек.

Кез келген y = f(x) функциясының Ox абсцисса осімен қиылысуын y = 0 (Ox осіндегі барлық нүктеде ордината 0-ге тең болғандықтан) шартынан іздеу керек.

y = f(x) функциясының x = x0 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуін жазу алгоритмі:

  1. x0-ге сәйкес f(x0)-дегі мәнін есептеу.

  2. f(x) функциясының туындысын табу.

  3. x0 -дегі туындының мәнін есептеу, яғни f '(x0) табу.

  4. Табылған мәндерді y = f(x0) + f '(x0 )(x – x0) формуласына қойып, жанаманың теңдеуін жазу.

1-мысал. y = x2 функциясына абсциссасы x = 1 болатын нүкте арқылы жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.

Шешуі.

  1. Функцияның берілген нүктедегі мәнін есепте: y(1) = 12 = 1.

  2. Функцияның туындысын тап: y '= (x2)' = 2x.

  3. Туындының берілген нүктедегі мәнін есепте: y '(1) = 2 ∙ 1 = 2.

  4. Табылған мәндерді жанама теңдеуінің формуласына апарып қой:

y = 1 + 2(x – 1) = 2x – 1.

Жауабы: y = 2x – 1.

⠀⠀

2-мысал. y = 1 – x2 параболасына A(0; 1) нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті неге тең?

Шешуі.

Теоремадан шығатын қасиеттерді пайдалан:

1) Егер y = kx + m – теңдеуі y = f(x) функциясының графигіне x0 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуі болса, онда k = f '(x0).

Параболаға жүргізілген жанаманың нүктедегі бұрыштық коэффициентін тап:

k = y ' = –2x,

kA = y '(0) = –2 ∙ 0 = 0.

Жауабы: kA = 0.

Тапсырмалар орындау. Топтық жұмыс

1-тапсырма: y = 1 – x2 параболасына A(2; –3) нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті неге тең?

2-тапсырма: f(x) = x3 – 2x2 + 3 функциясының графигіне абсциссасы x0 = –1 нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін тап.

3- тапсырма: f(x) = sinx функциясының графигіне абсциссасы x0 = 0 нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін тап.


Жеке жұмыс

1) f(x) = cos3x функциясының графигіне абсциссасы x0 =

нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін тап.

2) f(x) = функциясының графигіне абсциссасы x0 = 3 О нүктесінде жүргізілген жанама Ox осімен қандай бұрыш жасайтынын анықта.


Қосымша тапсырма:

1. f(x) = cos функциясының графигіне абсциссасы x0 =

нүктесінде жүргізілген жанама Ox осімен қандай бұрыш жасайтынын анықта.

2. f(x) = ctg2x функциясының графигіне абсциссасы x0 = нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.


Жаңа тақырыпты меңгереді.





























Мысалдарды жазады





























Тапсырманы топтасып орындайды





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі