жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Футбол. Баскетбол. Ұлттық ойын Бес асық. 6-сынып
|
Пәннің аты:Дене шынықтыру |
Уақыты: |
Сыныбы:11 |
Мұғалім: Сейтказиев А |
|
Сабақтың тақырыбы |
Баскетбол ойыны |
||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денесін жаттықтырады,алған білімін өмірде қолдана алады. |
||
|
Топқа бөлу |
Бір-екіге саналып топқа бөлінеді |
Оқушылар санына байланысты топтарға бөлініп отырады. |
|
|
Қызығушылықты ояту |
Допты алып жүру жаттығулары 1.Допты бір орында тұрып алып жүру (жерге ұрып тұру). 2. Допты өзін айналдыра алып жүру . 3. Допты жүріп жүгіріп бара жатып алып жүру. 4. Допты жүру жүгіру бағытын өзгерте алып жүру 5. Допты алып жүру , тоқтау және доп беру . 6. Баскетбол 2 оқушыдан қорғаушы мен шаблушы ойыны |
||
|
Жаңа сабақ |
Баскетбол – спорттық командалық ойын . Ойыншылар бір-біріне бере отырып , оны қарсыластарының себетіне (торына) түсіруге тырысады. Доп беру жаттығулары мен ойындары. 1. . Бір қолмен иықтан беру. Допты екі қолдың біреуінің алақанында, шынтақтан бүгүлі тұрған қолда ұсталады. Қолды алға қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымын аяқталады. Допты қабылдау және ұстау - бір-екі қолмен орындайды. Устау үшін қолды алға созу керек. Ұшып келе жатқан доптың түйіскен кезінде, қол сәл бүгіледі, доп денеге жетпей тоқтатылады. Допты екі қолмен жоғарыдан лақтыра алуын менгерту. Жаттығуларды дұрыс орындалуын қадағалау. Тез жылдам допты жерге түсірмеулері тейіс. Жаттығуларды дұрыс орындалуын қадағалау. |
||
|
Үйге тапсырма |
Жаттығу |
Күнделіктеріне жазып алу |
|
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
|
Пәннің аты: Дене шынықтыру |
Уақыты: |
Сыныбы:9 |
Мұғалім: Сейтказиев А |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Футбол ойыны |
||||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денесін жаттықтырады,ережелерді алдағы сабақтарда қолдана алады. |
||||
|
Психологиялық ахуал |
Оқушыладың доппен жүру қозғалыстарын дамыту. Допты аяқпен алып жүру тәсілдерін үйрету. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|||
|
Топқа бөлу |
Спорттық құралдар арқылы топқа бөлу немесе бір екіге санау арқылы екі топқа бөлу.
|
Оқушылар топқа бөлінеді. |
|||
|
Қызығушылықты ояту |
Доппен кедергілер арқылы жүгіру. Допты кедергілер арқылы екі аяқпен алма кезек алып жүгіру. Допты кеудемен тоқтату. Шеңбер жасап тұрып, допты бір -бірлеріне беру. Допты табанмен тоқтату |
||||
|
Жаңа сабақ |
Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіріп,доппен түрлі айла тәсілдер орындау.Футбол ойынының шығу тарихымен танысу. Футбол ойыны адамға тигізер пайдасы жайлы оқушылармен ой бөлісу. Доппен орындалатын жаттығуларды жасау.Осы аталған әдіс тәсілдері арқылы доппен жұмыс жасап қолдың аяқтын,дененің қозғалыстарын дамыту және ойын кезінде қолдану Ауызша, тақырып бойынша сұрақ жауап алу жалпы футбол ережесін айтып беріңіз? Футбол ойынның неше ойыншы ойнайды? Жалпы футбол ойынның қай жерден бастайды? Қақпашының қандай қызметі бар? |
||||
|
Үйге тапсырма |
Доппен орындалатын жаттығуларды орындап қайталау. |
Күнделіктеріне жазып алу |
|||
|
Бағалау |
Оқушыларды жасаған жаттығуларына және сабаққа қаншалықты қатысқандығына сай бағалау. |
Күнделіктеріне бағаларын қойып беру. |
|||
|
Пәннің аты:Дене шынықтыру |
Уақыты: |
Сыныбы : 6 |
Мұғалім:Сейтказиев Аслан |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ұлттық ойын. Бес асық |
||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту арқылы денсаулығын сақтау және тәсілдерін үйрету және жетілдіру, шапшаңдық,төзімділік дағдыларын қалыптастыру.. |
||
|
Психологиялық ахуал |
Оқушылар шеңберде тұрып бір біріне сәттілік тілейді. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
|
Топқа бөлу |
Екі-екі оқушыдан топқа бөлінеді. |
. |
|
|
Қызығушылықты ояту |
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру. Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары |
||
|
Жаңа сабақ |
Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен қой асығымен көп ойналады. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындардың ішінде әріден келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке тәрбиелейді. Асық ойыны баланың қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында – жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру т.б. жатады. Атауына сай бес асықтан тұрады және осы асықтарды қолдың ептілігімен ұтып алады,бір түсті бір асық және төрт бірдей түсті асық болуы қажет. Бес асық ойынының 12 түрі бар: 1) бірлік; 7) төрт бұрыш; 2) екілік; 8) арттан тастау; 3) үштік; 9) үндемес; 4) төрттік; 10) сарт-сұрт; 5) жалақ; 11) қаршу; 6) алақан; 12) нәби. Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны, баланың ермегі, сүйікті ойыны болған. Асық - қазақ халқының ырымында қадірлі сүйектің бірі болған. Асық ойыны ерте кезден батырларымызды мергендікке тәрбилеген.Асық атаулары: Құлжа - арқар аталығының асығы; Сақа - арқардың асығы; Жабайт - еліктің асығы; Асық - қой мен ешкінің жілігінен; Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы.
Асықтың иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі болады. 1. Ең сәтті тұрған атауы - әлші. 2. Төңкеріліп тұрғаны - тәйкі. 3. Екпетінен жатқаны - бүк. 4. Шалқасынан жатқаны - шік. 5. Тұмсығымен тік қадалса - омпы. Ханталапай - ойнышылар шеңбер жасап отырып басқа асықтар арасынан ханды таңдап алады. Әрбір бала ойынға бес асықтан тігіп о йынға қатысады. Талапай - ау, талапай, Табылды ойын алақай - деп ойын басталады Бәйге ойыны әрбір ойыншы бес асықтан тігіп, шеңбер жасап ойнайды. Өздерінің сақасын иіру арқылы, (мысалы: әлші тұрса төрт асық, тәйкі тұрса үш асық, бүк тұрса екі асық, шік тұрса бір асық алға жүреді). Шеңбер болып қоршалған асықтың қай ойыншының асығы мәреге бірінші жетсе сол ойыншы жеңімпаз |
||
|
Ой толғаныс |
Сабақтың қорытындылау, ойын соңында епті балаларды анықтау. Елбасы қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені – сау, білімді, білікті, жан – жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қорытындылай келе, «Асығын алшысынан түссін» - дегендей, жұмысымыз жанданып, алар асуымыз көп болсын. Елімізді қорғар ер –азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл – қыздар молая берсін. "Бәрінен күшті адам өзіне - өзі сенген адам" -дегендей болашақта сіздердің араларыныздан озық ойлы ойыншылар, жеңімпаздар шығады деп есептеймін. |
||
|
Үйге тапсырма |
Жаттығу |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
|
|
|
Кері байланыс |
|
|
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген