400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Футбол допты беру әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене жаттығулары аясындағы іс- әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну жөінде 5 класқа арналған ашық сабақ қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігі

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім

Өзгертілген командалық ойын

Педагогтың аты-жөні

Отарбаев Жігер Галимжанұлы

Күні

05.03.2025ж

Сынып

5

Қатысушылар саны 21

Қатыспағандар саны жоқ

Сабақтың тақырыбы


Футбол допты беру әдіс-тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.4 Дене жаттығулары аясындағы іс- әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну


Сабақтың мақсаты


Футбол ойыны.  

а)Оқушылардың шапшаңдығын өсіру

б) Допты алып жүру, допты ұзату, допты қабылдау.

Допты алу әдіс-тәсілдерін үйретіп, ойын техникасын меңгерту.

Бағалау критерииі

  • Оқушылар командалық спорттық ойындардағы тактика мен стратегиялық амалдардың маңыздылығын түсінеді

  • Оқушылар үлкен және кіші футбол ойындардағы қолданылатын тактикалық амалдарға мысалдар келтіре алады

  • Оқушылар тиімді тактикалық амалдарды бағалай және анықтай алады

Құндылық

Тәртіп бар мжерде талап бар

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин

Оқушыларды түгелдеу. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатынабайланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!! Слайдтар мен жұмыс орындау. Өткен сабаққа сұрақтар арқылы шолу жасау

  • Командалық ойындарда не үшін тактикалық амалдарды қолданамыз?

  • Тактика амалдар қаншалықты маңызды?

  • Командаларда тактиканы кім ұсынады?

  • Үлкен және кіші футболда қандай тактикалық комбинацияларды білесіңдер?

Денені қыздыру жаттығулары:

Спорт зал бойынша айнала арнайы жүгіру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру: мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ













Бос кеңістік,




Бос кеңістік, ысқырық, телевизор презентация, тақта, стикерлер.


Сабақтың ортасы 20 мин

Футбол ойыны.Қысқаша шолу
Ойынның негізгі ережелері.Футболды әрқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Аланның ұзындығы 100-110 м, ені 60-75 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалдарда өткізіледі. Сонымен қатар кіші футбол ойыны 5х5 ойыншы ойнайды, көлемі 40х20 жасанды аланда өтіледі.
    Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсідер мен қимылдарды пайдалана отырып,қарсыластарының қақпасына көбірек доп соғуды,сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
    Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.
    Ойынның ұзақтығы – әрқайсының 45 минут уақыт  болатын 2кезеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.

Оқушылар футбол добын конустар арасынан алып жүреді. Әр оқушыда бір доптан. Бұл жаттығуда оқушылар допты жақсы сезінуімен қатар аяқ буынын қыздырады. Конустар арасынан асықпай бір қалыпты дұрыс допты алып жүреді.Допты алып жүргенде аяқтың сыртқы немесе ішкі жағымен өз қалауларынша қолданады

Оқушылар бір-біріне допты еден арқылы пас алмасады. Жаттығуды орындауда доптың дұрыс қарсы тұрған оқушыға бағыттауын қадағалайды. Допты табан арқылы тоқтатып, аяқтың сыртқы жағымен апереді.

Оқушылар алаңның ортасында 3-2 не болмаса, 4-1 болып квадрат ойнайды. Бұл жаттығуда оқушылар жылдам допты бір-біріне әперу болып табылады. Оқушылардың жеке шеберліктері жақсы көрінеді.

Оқушыларға мұғалімнің допты беру арқылы қақпаға допты тебу жаттығуы


Екі жақты футбол ойынын көрсету (ойында қайта қарау)


Аяқты жиі алып, жеңіл жүруді көрсету


Саптық жаттығуларды еркін қимылмен орындауы

Оқушылардың допты жылдам бір-біріне пас беру әректтерін көрсетеді

шылар бір-біріне допты еден арқылы пас алмасу тәсілдерін көрсетеді. Жаттығуды орындауда доптың дұрыс қарсы тұрған оқушыға бағыттауын көрсетеді

. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет.Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау




































ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»




Бағалау парақшасын толтырады.












Керемет смайликтермен бағаланады


Үлкен, бос кеңістік ысқырық, кіші футбол қақпасы, футбол доптары, уақыт есептегіш


Ойын алаңы, футбол доптары, мұғалім ысқырығы, конустар



Допты алып жүру



Сабақтың соңы

5 мин

Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып,сапқа тұрғызу.


Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы –кіші футбол комбинацияларына көңіл бөлу, шабуылдағы тактикалық комбинацияларды үйрену

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Бағдаршам әдіс арқылы бағалау

Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін

қадағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі