Футбол
Футбол —
(ағылш. foot —
аяқ, ball — доп)
спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал
ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың
қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа)
қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып
табылады.
Халықаралық футбол ассоцияацияның IFAB
әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы,
жасөспірімдер үшін,
әйелдер үшін,
мүмкіншілігі шектелгендер үшін,
т.б.)
ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17
нұсқасы бар.
Әр командада максималды 11
ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда),
оның біреуі -
қақпашы.
Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай
қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч
екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады.
Ойын арасында 15 минуттық үзілісі
бар.
Ойын мақсаты - команданың
допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына
салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда
ұтады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей
гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт
(15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан
кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары
өткізіледі
Ойын алаңы
Ойын ұзындығы 100-110 м, ені
64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда
өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік
қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.
Футбол добы
Футбол добы
Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71
см.
Ойын шарттарын бұзу
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды.
Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші
қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан
шығарады.
Фол
(тәртіпті бұзу)
Ең жиі болатын тәртіп бұзулар:
Бәсекелесті аяқпен тебу
Аяқпен қағу
Бәсекелеске секіру
Бәсекелеске шабуыл жасау
Қолмен итеру
Бәсекелесті ұрып-соғу т.б.
Тәртіпсіздік
Футболда тәртіпсіздікке:
төбелес шығару
түкіру
балағат сөздер мен қылықтар т.б.
жатады
Футболдың таралу тарихы
Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің
отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының
түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан
кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген
атаумен бізге жетті.
19-ғасырдың соңына қарай
футбол Еуропа мен Латын
Америкасы елдеріне кеңінен тарай
бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы
(FIFA), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары
одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына
енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты
және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп
тұрады.
Қазақстан футболының таралу
тарихы
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары
келді.