Қосымша білім беру
педагогы: А.Н Жиеналиева
Тақырыбы: Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болу және даму
тарихы
Оқытушы:Әлжанов
Г
Күні:
Сабақтың
жабдықтары: Тасымалданатын қақпалар ●№3
және №4 доптар ●Конустар ●Бағандар●Фишкалар●Манишкалар
●
Міндеттері: ● Қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамыту ●Доппен «адымдап» қозғалуды және табанның сыртқы жағымен
бұрылуды үйрету.
Сабақтың
ұзақтығы: 40 минут
|
№
|
Сабақтың
мазмұны
|
Мөлшерлеу
|
Ұйымдастырушы-әдістемелік
нұсқаулар
|
|
Дайындық бөлімі
6 минут
|
|
1.
|
Сапқа тұрғызу. Сабақ
міндеттерін нақтылау.
|
|
2.
|
Қыздырыну, бір орында және
қозғалыста орындалатын жалпы дамыту
жаттығулары
|
6
мин.
|
|
|
Негізгі
бөлім 32 минут
|
|
3.
|
ТЕХНИКАЛЫҚ
КЕШЕН
|
8
мин
|
Міндеті: доппен
«адымдап» қозғалу және «аяқтың
сыртқы жағымен бұрылу» атты техникалық тәсілдерді
үйрету.
Мазмұны: оқушылар төрттіктерге
бөлінеді. Олар жұптасып, бір-біріне қарай доппен қозғалады және
доппен 5-7 рет әрекет еткен соң аяғын сермеп (соққы немесе пас
беруге ишара), аяқтың сыртымен бұрылады да, доппен қарсы бағытта
қозғалады.
Тапсырманы орындауға
қойылатын талаптар: әр адым сайын аяқты допқа
тигізу, тәсілді оң және сол аяқпен жасау.
|
|
|
«СЕРІКТЕСТІ ҚУЫП
ЖЕТ»
ОЙЫНЫ

|
|
Міндеті: жүру бағыты мен екпінін
өзгертіп, доппен қозғалуды үйрету.
Бапкер балаларға допты
бақылаудың түрлі тәсілдерін көрсетеді: аяқтың ішкі немесе сыртқы
жағымен, үстермен, сондай-ақ табанмен. Содан соң, сол тәсілдерді
бұйрық бойынша орындауларын сұрайды. Балалар аталған тәсілдерді
игерген соң ойын басталады.
Мазмұны: балаларды 1 «ұры» және 2
«полицей» етіп тағайындап, үштіктерге бөледі. Барлық үштіктер
алаңның орталық сызығына орналасады (ұрылар полицейлердің ортасына
тұрады). Бапкердің белгісі бойынша ұры кез келген қапталдағы сызық
бойымен (ортаңғы сызықтан 10 м жерден сызылған) жүгіреді.
Полицейлер ұрының жүгіру бағытын анықтап, сол сызықты ұрыдан бұрын
өтуге тырысады. Сызықтан бірінші болып өткен бала 3 ұпай, екінші
келген – 2 ұпай, ал үшінші келген бала – 1 ұпай алады. Белгілі бір
уақыттан соң балалар рөлдерімен ауысады.
Тапсырманы орындауға
қойылатын талаптар: Әр команда бойынша есеп
жүргізіледі. Қапталдағы сызықтың қашықтығы біртіндеп ұлғайтылады
(20 м дейін). Доппен бұрылу және денемен алдау әрекеттерін қолдану.
Әр адым сайын аяқты допқа тигізу.
|
|
5.
|
4×4 + қақпашылар
ФУТБОЛ
ОЙЫНЫ

|
14 мин.
|
Міндеті: допты қадағалау және доппен
бұрылудың техникалық дағдыларын
шыңдау. Футболшылардың ойын кезінде
жан-жақтарын (кеңістікті) бағдарлай білу біліктіліктерімен
таныстыру.
Мазмұны: көлемі 20×20 м болатын алаңда
(20×40 м алаңының жартысы) аз құраммен
ойнау.
Қақпаның көлемі 1×1,5
м.
Тапсырмаға қойылатын
талаптар: допты қабылдаған соң, оны
бірден теппей, техникалық тәсіл жасау керек: доппен «адымдап»
қозғалу, доппен бұрылып, ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы
көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат
алу.
|
|
Қорытынды
бөлім 2 минут
|
|
6.
|
Жеңіл жүгіріс, жүру және
иілгіштікті дамыту.
|
2 мин.
|
|