Мектептегі оқу-жаттығу
сабағының
ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ
Тақырыбы: ШАБУЫЛДАҒЫ ДЕРБЕС
ТАКТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ
Оқытушы:
Сабақтың
жабдықтары: Тасымалданатын қақпалар ●№3
және №4 доптар ●Конустар ●Бағандар●Фишкалар●Манишкалар
●
Міндеттері: ● Қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамыту ● Алаңда жан-жағын (кеңістікті) бағдарлауды үйрету ● Допқа
ашылуды үйрету.
Сабақтың
ұзақтығы: 40 минут
|
№
|
Сабақтың
мазмұны
|
Мөлшерлеу
|
Ұйымдастырушы-әдістемелік
нұсқаулар
|
|
Дайындық бөлімі
6 минут
|
|
1.
|
Сапқа тұрғызу. Сабақ
міндеттерін нақтылау.
|
|
2.
|
Қыздырыну, бір орында және
қозғалыста орындалатын жалпы дамыту
жаттығулары
|
6
мин.
|
|
|
Негізгі
бөлім 32 минут
|
|
3.
|

|
8
мин.
|
Міндеті: қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамытуға ықпал ету. Үшбұрышта үйлесімді әрекет етумен
таныстыру.
Мазмұны: балалар тобы үшбұрыш құра
отырып, доппен қозғалуды бір мезгілде бастайды. Мұғалімнің белгісі
бойынша үшбұрыштағы балалар қозғалу бағытын (алға, артқа, оңға,
солға) өзгертеді.
Тапсырманы орындауға
қойылатын талаптар: доппен «адымдау» әдісімен
қозғалу, бұрылған немесе бағытты өзгертуді белгілі бір тәсілмен
орындаған кездегі үйлесімділік.
|
|
4.
|
ДИАГОНАЛЬ БОЙЫНША АШЫЛУ
ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСУ

|
10
мин.
|
Міндеті: диагональ бойынша ашылу арқылы
шабуылдау кезіндегі дербес тактикалық әрекеттермен
таныстыру.
Мазмұны:
үйренуші диагональ бойынша
жүгіре шыққан өзінің ойыншысына конустардың аралығымен өткізе пас
береді. Ойыншының міндеті – жүгіріп келе жатып допты қабылдап,
аяғының ішкі жағымен қақпаға соққы жасау.
Тапсырманы орындауға
қойылатын талаптар:
допқа ашылуды алдау әрекетін
жасаған соң барып орындайды. Доп 8-10 м жерден беріледі. Қақпаға
соққы 5-7 м жерден жасалады.
|
|
5.
|
4×4 + қақпашылар
ФУТБОЛ
ОЙЫНЫ
|
14
мин.
|
Міндеті: ойын техникасының дағдысын
бекіту. Футболшылардың ойын кезінде
жан-жақтарын (кеңістікті) бағдарлай білу біліктіліктерімен
таныстыру.
Мазмұны: көлемі 20×20 м болатын алаңда
(20×40 м алаңының жартысы) аз құраммен
ойнау.
Қақпаның көлемі 1×1,5
м.
Тапсырмаға қойылатын
талаптар: допты қабылдаған соң, оны
бірден теппей, техникалық тәсіл жасау керек: доппен «адымдап»
қозғалу, доппен бұрылып, ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы
көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат
алу.
|
|
Қорытынды
бөлім 2 минут
|
|
6.
|
Жеңіл жүгіріс, жүру.
Иілгіштікті дамыту.
|
2
мин.
|
|